1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау



бет33/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау

Персоналға деген қажеттілік – бұл таңдалған даму стратегиясына сәйкес фирма алдыныдағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін объективті қажетті сәйкес құрылым мен біліктіліктегі жұмыскерлер жиынтығы. Персоналға деген жалпы және қосымша қажеттілікті анықтайды. Жалпы қажеттілік – бұл жоспарланған жұмыстар көлемін орындау үшін кәсіпорынға қажетті барлық персонал саны. Қосымша қажеттілік кезең басындағы жұмыскерлер санына қажетті персоналдың қосымша санын сипаттайды. Персонал санын анықтау үшін бастапқы мәліметтер жоспарлы кезеңде қарастырылған жабдықтау-өткізуші, өндірістік, ғылыми-техникалық және кәсіпорын қызметінің басқа да функционалдық бағдарламалары, штат кестесі, жұмыс орындарының құрылымы болып табылады.

Жоспарлы кезеңдегі кәсіпорын жұмыскерлерінің саны келесі формула бойынша анықталады:

Чплб х Ig

Мұндағы, Чпл – жұмыс жасайтындардың орташа тізімдік жоспарлы саны;

Чб - базистік кезеңдегі жұмыс жасайтындардың орташа тізімдік саны;



Ig - жоспарлы кезеңдегі өндіріс көлемінің өзгеру индексі;

Э – жұмыс жасатындардың бастапқы санының жалпы өзгерісі.

Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жоспарлы саны сәйкес өлшем бірліктердегі өндіріс көлемі бойынша тапсырма және өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне жоспарланатын өндірім негізінде анықталуы мүмкін:

Чпл = Qплпл,

Мұндағы, Qпл - өнім шығарудың жоспарланған көлемі;

Впл - өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне жоспарланатын өнім өндірімі.

Жұмысшы кадрларға деген қажеттілікті анықтаудың неғұрлым кең таралған негізгі әдістері мыналар болып табылады:


  • Жұмыстардың еңбек сиымдылығы бойынша;

  • өндірім нормалары бойынша;

  • машиналар мен агрегаттарға қызмет көрсету және технологиялық процесті бақылау нормалары негізінде жұмыс орындары бойынша.

Негізгі жұмысшылар санын жоспарлау кезінде қатысу және орташа тізімдік құрам анықталады. Ауысымдағы негізгі жұмысшылардың қатысу саны - өнім шығару бойынша өндірістік ауысымдық тапсырманы орындауға арналған жұмысшылардың нормативтік саны:

Чосяврсм х Dп х S x Квн,

Мұндағы, Тр - өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы, норма-сағат;

Тсм – жұмыс ауысымының ұзақтығы немесе бір жұмысшының жұмы уақытының ауысым қоры, сағат;

Dп – жоспарлы кезеңдегі кәсіпорын жұмысының тәулік саны;

S – тәуліктегі жұмыс ауысымдарының саны;

Квн – нормаларды орындаудың жоспарлы коэффициенті.

Талап етілетін жұмысшылардың орташа тізімдік санын есептеу үшін екі негізгі әдіс қолданылуы мүмкін – орташа тізімдік құрам коэффициенті бойынша және жұмысұа шықпаудың жоспарланатын пайызы бойынша есептеу:

ЧосСПяв х Ксн,

Мұндағы, Ксн- орташа тізімдік құрам коэффициенті. Бұл коэффициент былай есептеледі:

Ксн=Fn\f,

Fn – жұмыс уақытының номиналды қоры (календарлық жұмыс күндерінің саны);

f – бір жұмысшының шынайы жұмыс уақытының қоры (жұмыс күндерінің жоспарланатын саны).

Өндіріс процесі үздіксіз кәсіпорындарда жабдықтарға қызмет көрсетумен, жөндеумен айналысатын персонал саны әрект етуші парк және қызмет көрсету нормаларын есепке ала отырып анықталуы мүмкін:

ЧобСП=(n х S\Но)хКсп,

Мұндағы, ЧобСП – жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысатын персоналдың тізімдік саны; Но – қызмет көрсетудің ауысмдық нормасы (бір жұмысшыға келетін жабдықтар бірлігінің саны).

Кадрлар айналымы – бұл белгілі уақыт кезеңінде жұмыстан шыққан немесе қайтадан қабылданғандар санының осы кезеңде жұмыс жасайтындардың орташа тізімдік санына қатынасы.

Кадрлар ағымдылығы – бұл белгілі уақыт кезеңінде өз еркімен немесе еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғандар санының осы кезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санына процентпен бейнеленген қатынасы .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет