Арт-терапия дегеніміз адамның шығармашылық жағдайын дамытып
қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға
да жағдай жасайды деген сөз. Яғни, арт-терапия элементтерін дамытушы-
түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие
процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса, жеке тұлғаны
дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады.
Өйткені арт-терапия – психодиагностикалық, психопрофилактикалық және
психокоррекциялық қызмет атқарады.
Арт-терапияның диагностикалық ерекшелігіне тоқталып кетер болсақ, ол
адамның психикалық қасиеті мен күйін көптеген әдіс-тәсілдері арқылы сандық
сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыда талдайды.
Соның нәтижесінде, адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық
мәлімет
беретін
ізденіс
аумағы
болып
табылады.
Арт-терапияның
психопрофилактикалық қызметі – адамының өмірінде кездесетін қиын-қыстау
кезеңдердің салдарынан пайда болатын, адам психикасына кері әсерін тигізетін
жағымсыз психикалық жағдайларды көптеген әдіс-тәсілдердің көмегімен анықтай
отырып, алдын-алу болып табылады.
Арт-терапия – психологиялық жұмыс әдістерінің бірі. Бұл адамның
интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық және жеке дамуына жақсы
өзгерістер әкелу үшін қолданылады.
Арт-терапия деп сурет салумен щұғылдануды айтады, бірақ бұл тек арт-
терапия түрлерінің бірі болып табылады. Сол себептен де мен өзімнің іс-
тәжірибемде «Өзін-өзі тану сабағында» арт-терапиялық әдістердің төмендегідей
түрлерін қолданып отырамын, олар бейнелеу терапиясы, ертегі терапиясы, құм,
әуен, түстермен байланыс, ойын терапиялары т.с.с.
Бейнелеу терапиясы-бірінші кезекте сурет салу терапиясы болып табылады.
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты – баланың немесе ересек
адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына
және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу – ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен
байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол
ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері щектеусіз.
Балалар бояуға қолын малып, қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу
түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімінің
жағдайына тең келеді.
Ертегі терапиясы – ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге тікелей
бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік қиыншылықтары мен
проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай (оқи отырып,
ойдан шығарып, ойнап көрсетіп, жалғастырып) жағдай жасайды. Сабақты
әңгімелеу бөлімінде ертегілерді жартылай айтып, әр қарай ойдан шығартып, өз
ойынша жалғастырып, сахналатып отырамын. Ертегі арқылы баланың ойы, қиялы
дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі әр бір кейіпкер болып ойнау балаға
қосымша күштерді меңгертіп, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді
шыңдайды. Сонымен қатар, топпен де, жеке де жұмыс жасауға үйретеді.
Құм терапиясы – адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне
өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құм терапиясымен – екі бағытта жұмыс жасалады. Олар сулы және құрғақ .Екі
поднос бірі құммен, екіншісі сумен толтырылады. Балаларға оған қоса құмды
қалыптар және әр түрлі кіп-кішекентай фигуралар беріледі. Балалар құм мен суды
араластыра отырып, оны қалыптарға сала отырып түрлі мүсіндер жасап
шығарады. Бұндай әдісті М. Ловенфельд өзінің әдістемесінде «әлемді құру
техникасы» деп айтады, мұндай ойға барлық материалдарды көрген баланың
«Ойын ойнауға болатын, бұл бүкіл әлем ғой» деп айқайлап жібергені итермеледі.
Баланың салған «әлемнің» сахнасы, оны жасаушы мен терапевтке баланың
психологиялық жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс соңғы кезде бой ала бастаған өзгеше әдіс. Құмды илеу арқылы қалыпқа
салу жұмысы баланың ойын әрекетімен қатар, жақсы нәтижеге қол жеткізе
алатынына сенімін туғызады және көңіл-күйі көтеріледі.
Құм терапиясының, әсіресе құммен сурет салу тәсілі бала психикасына әсерін
тигізбей қоймайды. Бұл әдіспен суреттеуге балалар аса қызығушылық танытады.
Өйткені, баланың сурет салу барысында ұсақ саусақ моторикасының, есте сақтау
қабілетін, қозғалыс ептілігінің, жүйке жүйесінің жоғары, белсенді деңгейде
жұмыс жасауынан туындайды. Құммен суреттеу кезінде баланың жүйке, саусақ,
есте сақтау, епті қозғалыстарының синхрондалуынан жүйкеден екі жақты даму
(қос қолмен сурет салғандай) іске асады.
Әуен терапиясы арқылы сұлулықты,көркемдікті сездіртіп үйрету, әуенді қойып
қана қоймай, өз бойына сіңіре білуді әдет - дағдыларына айналдыруға,баланың
тыңдай білу қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Әуен әсер етудің негізгі
жетекші факторы ретінде қолданыла алады. Музыка терапиясы – бұл
психотерапевтикалық әдіс.Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка
терапиясын негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі
қолайлығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның
жұмыс жасауына көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы, мен
көңіл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына
әсер етеді. Әуен терапиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы, балалардың
бойынан
айналадағы
болып
жатқан
сан-алуан
құбылыстарды
өз
шығармашылығымен байланыстыра білуге және де көркем сөзінен кестелеп, бала
жүрегіне жеткізу оның жан-дүниесін байытып, сана сезімін оятып, ақыл ойын
дамытуға көп мән беріледі.
Драма терапияны – балаларды рөлдерде ойнату арқылы дамытуға болады.
Баланың бір-бірімен қарым-қатынасына, өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етуші
терапия. Түрлі психологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Драма
терапияны неміс ғалымдарының бірі – барлық мүмкіншілікті зерттеуге болатын
зертхана іспетті деген екен. Бұл жаңаша тәсіл. Сабақ бір сюжетке байланысты
бағытталады да, театрландырылған кейіпте өтеді. Бұл тәсілде сабақтың түрлі әдіс-
тәсілдері бір-бірімен үйлесім табады.
«Түстермен байланыс» терапиясы арқылы баланың түстерге таңдау жасауы – бұл
түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуын қалыптастырады. Түйсігі мен
қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты
келеді. Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының
даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.
Балалар ересектерге қарағанда анағұрлым сезімтал болғандықтан, түстердің
әсерін күштірек қабылдайды. Ол үшін баланың әуестігіне мән беріп, қай түсті
ұнататынын аңғару керек. Балаға жақтырмайтын түстерін тықпалауға болмайды.
Баланың қай түске ұмтылатындығына қарап, үнемі ұнататын түстері арқылы
оның туабітті табиғи ерекшелігі, темпераментін анықтауға болады. Түс арқылы
емдеуді бала тәрбиесінде күнделікті қолдану керек. Оны ойын түріне
айналдыруға да болады.
Ойын терапиясы – арт-терапияның бір түрі. Бұл терапияны жүргізу, үлкендермен
балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және
эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер, бала ойынға
белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға оның қоғаммен қарым-
қатынасын анықтауға және ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі
дағдыларды белгілеу үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген
құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын
жақсартады.
Оқу процесінде арт-терапия элементтерін қолдану арқылы, балалар бойынан
еңбексүйгіштігі, эстетикалық талғамы, білуге құштарлығы, ұжымдық қабілеттері
өскендігі байқалды. Бұдан шығатын қорытынды арт-терапия элементтері
пайдалы, әрі оқытудың инновациялық әдіс-тәсілі ретінде, оқу-тәрбие процесінде
қолданудың маңыздылығы жоғары екенділігі көрінді. Яғни, оқыту процесінде
сауатты ұйымдастырылған арт-терапия элементтері жеке тұлғаның өзін-өзі тани
отырып, үйлесімді дамуына жол ашады. Өзіндік бағалауы жоғарылайды.
Қоршаған ортамен қарым-қатынасы артады. Сонымен қатар шығармашылық
өзара әрекетке түсудің тиімді жақтарын қалыптастырады. Жалпы, оқу-тәрбие
процесін ізгілендіру мақсатында, оқытудың креативті жақтарын дұрыс
ұйымдастыра білсе арт-терапияның берері мол. Арт-терапия оқыту процесін
өзінің шынайы көрнекіліктерімен жандандырса, әр баланың қызығушылығы
артады. Сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып,
қоршаған ортаға байланысты көзқарасын жаңаша қалыптастырады.
Арт-терапиялық әдістерді пайдалану нәтижесінде:
• Топта оң әсерлі бетбұрыс жасайды;
• Құрдастарымен, мұғалімдермен, басқа да ересек адамдармен қарым-қатынас
жасауды жеңілдетеді. Көркем өнерге бірге қатысу ол өзара қабылдау эмпатия
қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік береді;
• Баланың мәдени ұқсастығын арттырады, тілдік кедергіні, жеңіп шығуға
мүмкіндік береді;
• Қандай да бір себептермен ауызша талқылауға қиын болып табылатын нақты
проблемалардың немесе қиялдардың шешімін табуға мүмкіндік береді;
• Әр түрлі сезімдерді символдық деңгейде пысықтауға, оларды әлеуметтік
қолайлы нысанда зерттеуге және көрсетуге мүмкіндік береді.
• Ішкі бақылау сезімін дамытады. АРТ-сабақтары түйсіну мен көру сезімі арқылы
эксперимент жасауға жағдай жасайды;
• Сенсомоторлық ептіліктің, жалпы алғанда кеңістікте түйсікпен бейімделуге
жауап беретін бас ми жартышарларының дамуына ықпал етеді;
• Шығармашылық өз ойын білдіруге, қиялдауды, эстетикалық тәрбиені, бейнелеу
өнерінің тәжірибелік машығын, жалпы алғанда көркем өнерге деген қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді;
• Баланың бейімделу қабілетін арттырады, шаршауды, оқуға байланысты болатын
жағымсыз жағдайлардан арылтады.
Қорытындылай келе, «Балаға берілетін білім, оның көзіне көрінетіндей, құлағына
естілетіндей және қолына ұстайтындай болуы керек, яғни бала білімді өзінің сезім
мүшелерімен терең сезінуі керек, сезімге әсер еткен білім ғана балада жеңіл
қабылданып, ұзақ есінде сақталады» - деген психолог П.Я.Гальпериннің сөзімен
аяқтағым келеді..
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында
заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі,
олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім
беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті
С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған
мақсатының өзі ерекше.
Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің
талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім
қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне
білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды,
рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа
үйрете білу аса маңызды.
Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың
тұлғалық
потенциалының
дамуына,
өзіндік
қасиетінің
ашылуына,
шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға
сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық,
рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған
адам қалыптастыруға бағдарланған.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасында көзделетін басты мақсат - әрбір баланы өз
бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің
эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз
әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік
туғызу.
Оқу-әдістемелік кешеннің барлық компонеттері өзара байланысты және
дамыта оқытудың мақсаттарын арнайы сабақтарда және сабақтан тыс уақытта,
балабақшада, үйде іске асыру көзделген (дәптердегі кейбір тапсырмаларды
тәрбиеші нұсқауымен үйде орындауға болады).
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы сабақтары 10-15 баладан құралған шағын
топтарда ұйымдастырылады.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз
байланысты.Сабақ жүргізілетін арнайы бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті
құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы керек. Балалар өзін емін-еркін,
психологиялық тұрғыдан жайлы да жағымды сезінетіндей, көзтартарлықтай
көркем безендірілуі тиіс.
Бөлмеде сабақтың мақсат-мазмұнына, дәптермен жұмыс істеуге ыңғайлы
болатындай үстелдерді алуан түрлі етіп (шеңбер, қатар, қарама-қарсы және
т.с.с.) орналастыру қажет.
Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне
көріністерді тамашалау үшін дыбыс бейнежазба қүралдар, дидактикалық
материалдар мен фотосуреттерді іліп көрсету үшін тақта болуы керек. Мұндай
бөлмелер балалардың жақсы жұмыс істеуіне, тамаша әсер алуына ықпал етеді.
Тәрбиешінің балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы
басты мақсаты - баланың өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы
әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп, баға бере білуге, тек өзіне ғана емес,
жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен
қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйрету.
Қарым-қатынас барысында әр баланың жанарына жылы шыраймен қарап,
өзінің қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы оған оң көзқарасын байқата
отырып, сенімге ие болу керек.
Әрбір сабақта төмендегідей негізгі үш мәселе ескерілуге тиіс:
• сабақтың тақырыбын балалардың түсінуіне және оған өзіндік көзқарасын
жағымды эмоциясымен байқатуына кол жеткізу;
• адамгершілік ережелер мен құндылықтар жөніндегі ұғымдарды балалармен
бірге нақтылай отырып бекіту;
• бала бойында тек жақсылық жасауға деген ниет, ынта-ықылас туғызу, өзі
өмір сүретін ортада жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |