Тобы: мдб-н-19 Практика түрі: Байқау, бақылау Өтілетін күні



бет1/3
Дата15.06.2020
өлшемі62,83 Kb.
#73525
  1   2   3
Байланысты:
739 1032 9382 (2) 4


Мамандығы: 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Тобы: МДБ-Н-19

Практика түрі: Байқау, бақылау

Өтілетін күні: 28.05.2020ж 5 пар

Әдіскер: Алишева К
СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ, ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!
Кезекті тәжірибелік сабағымызды жалғастырамыз.
Тақырыбы: Өзін - өзі тану процесін ұйымдастыру, қойылатын талапарды орындау.
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕ:
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.

Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.



«Өзін-өзі тану» бағдарламасында көзделетін басты мақсат - әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы сабақтары 10-15 баладан құралған шағын топтарда ұйымдастырылады.«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.Сабақ жүргізілетін арнайы бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы керек. Балалар өзін емін-еркін, психологиялық тұрғыдан жайлы да жағымды сезінетіндей, көзтартарлықтай көркем безендірілуі тиіс.

Бөлмеде сабақтың мақсат-мазмұнына, дәптермен жұмыс істеуге ыңғайлы болатындай үстелдерді алуан түрлі етіп (шеңбер, қатар, қарама-қарсы және т.с.с.) орналастыру қажет.Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне көріністерді тамашалау үшін дыбыс бейнежазба қүралдар, дидактикалық материалдар мен фотосуреттерді іліп көрсету үшін тақта болуы керек. Мұндай бөлмелер балалардың жақсы жұмыс істеуіне, тамаша әсер алуына ықпал етеді.

Тәрбиешінің балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты - баланың өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп, баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйрету.

Қарым-қатынас барысында әр баланың жанарына жылы шыраймен қарап, өзінің қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы оған оң көзқарасын байқата отырып, сенімге ие болу керек.

Әрбір сабақта төмендегідей негізгі үш мәселе ескерілуге тиіс:


  • сабақтың тақырыбын балалардың түсінуіне және оған өзіндік көзқарасын жағымды эмоциясымен байқатуына кол жеткізу;

  • адамгершілік ережелер мен құндылықтар жөніндегі ұғымдарды балалармен бірге нақтылай отырып бекіту;

  • бала бойында тек жақсылық жасауға деген ниет, ынта-ықылас туғызу, өзі өмір сүретін ортада жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдіс-тәсілдері:

Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәс-түрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі «Шаттық шеңбері» болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет