Тобы: мдб-н-19 Практика түрі: Байқау, бақылау Өтілетін күні



бет3/3
Дата15.06.2020
өлшемі62,83 Kb.
#73525
1   2   3
Байланысты:
739 1032 9382 (2) 4

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:

  1. Қанатты сөздерді оқып, негізгі ойын анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларыңды ортаға салыңыздар

Фалес: «Ең қиын іс-өзіңді-өзің тану, ең оңай іс-басқаға ақыл айту»;

И.Гете: «Өзіңді қалай танып білуге болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің».

Абай: «Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»

Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге бау­лу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Қор­шаған ортаға, қыбырлаған кез келген тіршілік иесіне де­ген риясыз сүйіспеншілік сый­­лай  білу жүректің кең­дігі, рухани байлықтың көрі­нісі. Н.Ә.Назарбаев «...жаңа жағдайларға байланыс­ты бәрі­мізді алаңдататын мәселе – бі­лімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғам­дық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адам­гершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», деп атап көрсетті. Со­ған байланысты өзін өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрі­нісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғанын байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, елімізге бала жанын жүдетпеудің маңызы зор.

Өзін өзі тану нағыз адам бо­лудың сыры мен қырын үй­ре­тетін пән. Нағыз адам бо­лу – Отан алдындағы боры­шыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты да­мыту да өзін өзі тану сабақ­та­ры­ның орны ерекше. Сабақта пән мұғалімі әркімнің жан дү­ниесін тануына, әлемге көз жү­гір­тіп, мейірімділік жа­сау­ға бағыт­тайды. Сабақты қы­зықты өткізу түрлі әдіс-тәсіл­дерді қол­да­натын мұғалімнің ше­берлігіне байланысты.

«Өзіңді өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шешуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым-қатынас жасауға, денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді. Өзін өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түй­сіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды ер­кін қолдана алуға үйретумен ерекшеленеді. Елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік қайырымдылық, адалдық қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен бай­ланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға бо­лады. Яғни «тәрбиесіз қо­ғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүр­мейді» деген заңдылыққа сүйе­не келе, өскелең ұрпақтың бо­йына қоғам талабына сай адам­гершілік құндылықтарды қа­лып­тастыруды мақсат еткен тәрбие ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара бай­ланысын түзеді. Өзін өзі тану пәні жалпы­адамзаттық құндылықтарға бас­тар жол. Адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі – өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі – өзіне-өзі беретін тәрбиесі.

 Осы "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайды.

      2. Осы Бағдарламада мынадай термин қолданылады:

      "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама.

2-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсаты

      3. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсаты:

      1) білім беру салалары мазмұнының құндылық әлеуетін жандандыру;

      2) қосымша білім беру мен оқудан тыс іс-әрекет мазмұнының адамгершілік-рухани аспектісін күшейту;

      3) тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылын жандандыру болып табылады.

      4. Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары білім беру ұйымдарында қолданылады.

3-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мазмұны

      5. Адамның үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуы балаларды тәрбиелеу және оқыту жүйесінің төмендегідей компоненттерінің мазмұны арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) оқыту-тәрбиелеу процесі;

      2) қосымша білім беру;

      3) отбасымен, білім алушылардың заңды өкілдерімен ынтымақтастық;

      4) білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылы.

      6. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мазмұны (бұдан әрі – Мазмұн) мыналарға негізделеді:

      - гуманистік бағыттылық қағидатына – гуманистік идеялардың және жалпыадамзаттық құндылықтардың құндылық негізінде білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру;

      - ұлттық мұра қағидатына – жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлттық мәдениет призмасы арқылы тану;

      - әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидатына - білім алушыларға адамгершілік-рухани білім беру мақсатында қоғамдық институттарды топтастыру;

      - табиғатпен сәйкестілік қағидатына - тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін, физикалық және психологиялық денсаулық жай-күйін есепке алу.

      7. Мазмұн өзінің мақсатын, отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы өзінің әлеуметтік рөлін түсіну үшін білім алушының өзін, басқа адамдарды, қоршаған әлем мен адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін адам туралы интеграцияланған білім негізінде құрылады.

      8. Мазмұн білім алушылардың мынадай түйінді құзыреттерін:

      1) өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын;

      2) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік таңдауға дайындығын және әртүрлі өмірлік жағдайларда оның негізінде әрекет ету қабілеттілігін;

      3) жасампаздық белсенділікті, азаматтықты және отансүйгіштікті таныту дайындығын, қоғамға қызмет ету дағдысын;

      4) адамдармен тілектестік қарым-қатынас құруын, топпен жұмыс жасай білуін;

      5) салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

4-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдері

      9. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдері оқытудың практикалық-бағдарланған шарттарын:

      1) оқу пәндерінің және сабақтан тыс іс-шараларының мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялауды;

      2) білім алушыларда өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын жүйелі дамытуды;

      3) оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың қажетті шарты ретінде әлеуметтік бағытталған жобалық қызметті пайдалануды;

      4) оқу-тәрбие үдерісінде, ата-аналардың қоғамдастығын адамгершілік-рухани ағартуда ата-аналардың қатысуын жандандыруды;

      5) тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мақсатында қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен, әлеуметтік институттармен серіктестікті айқындайды.

      10. Бағдарлама:

      1) білім беру салаларында "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім берудің құндылық әлеуетін интеграциялау бойынша білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен 100% қамтамасыз етілуіне;

      2) қоғамдық пайдалы қызметпен, қосымша білім берумен білім алушылардың 100% қамтылуына;

      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, орта білім беру (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім), жоғарғы білім беру ұйымдары педагогтарының "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бойынша біліктілікті арттырумен 100% қамтылуына негізделеді.


 «Адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылгөйі» атанған «Абайдың миссионермен (өз дінін уағыздаушы) кездесуі» деген бір ғана тарихи оқиғаны алайық. Осыған байланысты Семей өлкесіндегі қожа-молда, имамдардың өтініші бойынша Ресейден арнайы келген Сергей деген христиан дін өкілімен Абай пікірталасқа түсіп, христианның кейбір нанымдарына қарсы шығып, бір-бірімен салыстыра келіп, тарихи сыннан мүдірмей өтеді. Миссионердің: «Сіздердің, Дүние бір тарының хауызына сияды дегендеріңіз ақылға сыймайтын нәрсе ғой» деген сұрағына Абай: «Сіз бен біз мынау жарық дүниені көріп отырмыз. Аспандағы ай мен күнді, жұлдыздарды көреміз. Осы көруде көздің қарашық қылауы тарының хауызымен мөлшерлес деуге болады. Демек көздің зәредей қарашығына осынша әлемді сыйғызған Тәңірім ісіне шек келтіруге бола ма?» – деп жауап берген. Әл-Фарабидің жарық сәуле жөніндегі қағидасын жақсы білген Абай миссионердің басқа сұрақтарына Лев Толстойдың да пікірін көлденең тарту арқылы миссионерді мойындатқан. Абайдың миссионермен кездесуі жайлы оқиға сол кездегі қазақ халқының алдына қойылған бір тарихы сын болатын. Ислам дінінің абыройын сақтап қалғанына риза болған қожа-молдалар мешітке жиылып, мінәжат қылып, Абайға бата береді. Ал 1885 жылы патша өкіметінің Семейдегі өкілдері де қатысқан Қарамолада өткен төтенше құрылтайда Абай төбе би болып, «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелерін» өзі жазып, ислам діні бекіткен заң нормалары бойынша қабылдатқызған.

«Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық» деп ағынан жарылған Президент сөзі Елбасының тағылымы, азаматтық тұлғасы, кең тынысты білімдарлығы, халқының ғажайып қасиетін, салт-дәстүрін, мұң-мұқтажын жетік білетіндігі, бір сөзбен айтқанда, кең ауқымдағы таным мектебінің салтанат құруынан деп білеміз.

Түйіндеп айтқанда, М.Әуезовтің «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген сөзіне мән бере қарасақ, өзіңді тануың үшін алдымен Абайды тану шарт.

Өмір деген ұзақ жолдар кейбіреулер сүйініп, қайта тұрып, алдына қойған мақсатқа жету үшін тырысады. Алайда, алдыңа қойған мақсатың өзің үшін де, ел үшін іске асарлық пайдалы іс болуы қажет. Сонда ғана сен Гималай тауының ең биік шыңына шыққан секілді жоғарыға көтерілесің. Ал мақсатың неғұрлым пайдасыз болса ең терең өзеннің тұңғиығына түсіп кетуің ғажап емес. Міне, өзін-өзі тану пәнінің адамдарға ең алдымен берер пайдасы дұрыс жолды көрсете білу. Бізге дұрыс бағыт бағыттап, өмірге деген құлшынысымызды арттырады.            

Адамгершілік туралы сөз қозғайтын болсам ең алдымен көз алдыма Абай атамның бізге жазып кеткен қара сөздері түседі. Абай өзінің жиырма жетінші сөзінде дін және діл мәселесі жөнінде пікір алысып, ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың «Адам ең әуелі өзіңді-өзі таны» деген этикалық принципі, Абайдың да адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абай этикасында Ар, Намыс, Ұят-ең негізгі ұғымдар. Бұл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық адамгершіліктің этикалық категорияларын өз шығармашылығының өзегі, түйіні, тамыры етеді.

Өзін-өзі тану оқулығы бізді адамгершілік қасиеттерге баулиды. Біз бұл оқулық арқылы жан дүниемізге рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерімізді жинаймыз.

Адамгершілік - бұл адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы. Адамшылық, адалдық, әдітеттілік, берекелік, достық, білімділік, еңбекқорлық, терең ойлылық, жомарттық, қайраттылық, кісілік, қанағатшылдық, рахымдылық, арлылық, намысқойлық, сабырлық, табандылық, татулық, имандыллық бұлардың барлығы адам бойындағы ең асыл қасиеттер.

Бала кішкентай кезінен бастап адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп өссе, болашақта адамгершілігі мол азамат болып шыға алады. Міне,өзін-өзі тану сабағының басты міндеті баланың болашақта жақсы азамат етіп шығаруы. Адамның ең жақсысы меніңше, бойында адамдығы бар адам. Мейлі адам кедей болсын, білімсіз болсын, жүрегінде иманы, көңілі ақ болса адамның адамы деп атауға болады.

Өмір - сырға толы, қызық әлем. Бірде қуанасың, бірде жылайсың. Алайда өмір адамға 1-ақ рет беріледі. Осы біз: уақыт өтпейді, іш пысты дейміз де, біраз уақыттан кейін: уақытты кері айналдырсақ қой, көп нәрсе өзгертер едім дейміз. Одан да алдағы уақытта өзгертсем демеу үшін әрбір секундымызды бақытты өткізіп, әр нәрсенің қадірін білейік.

Өмір - теңіз, тағдыр - кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек. Ал өзін-өзі тану пәні бізге мына өмірде ақ пен қараны ажырата білуге септігін тигізеді. Өз-өзіңді бақылап, көптеген жеңіске жетуге көмегін береді.

 Өзін-өзі тану мені шығармашылыққа қалай жетеледі?

Өзін-өзі тану пәні бізге Сара Алпысқызының қолдауымен 6-сыныпта оқуға берілді. Алғашында бұл пән қиындау болды, кейінірек бұл пәннің қыр-сырын түсіп, үйреніп кеттік. Бұл кітаптың бір ерекшелігі жан-жақты қамтылған, яғни түрлі шығармалар, жағдаяттар, тапсырмалар, мәліметтер бар. Мен бұл кітапты оқи отырып, өзіме керекті көп мәлімет жинадым. Сол үйренгендерім арқылы шығарма жазып үйрендім. Әрине, 1-ші сыныптан-ақ білеміз, алайда шығарманы қалай жазуды үйрендік. Шығарма жазу арқылы көптеген қалалық жарыстарға барып, жүлделі орындар алдым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Шығарма жазу оңай іс емес. Ол білімділік пен тез ойлауды қажет етеді.    

«Баланы-жастан» деген халық мәтелі тегін айтылмаса керек, сірә. Баланың кішкентай кезінен ақ дұрыс тәрбиемен өсіру қажет. Сонда ғана бала ел сыйлайтын азамат болып шыға алады. Өзін-өзі тану пәні баланы тәрбиелеуге көп септігін тигізеді. Себебі, ондағы жағдаяттар мен шығармалар әр балаға әсер етіп, өзінің сондай дәрежеге жетпеуін қадағалайды.                                                                     

Өзін-өзі тану нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу – Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімдігің. Пәннің мақсаты - білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға жіне өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту да өзін-өзі тану сабақтарының орны ерекше. Сабақтарда пән мұғалімі әркімнің жан дүниесін тануына, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды. Сабақты қызықты өткізу – түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын мұғалімнің шеберлігінде.   

«Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін-өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шеше білуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым–қатынас жасай алуға, өз денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді. Өзін-өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түйсіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды еркін қолдана алуға үйретумен ерекшеленеді. Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзетеді. Өзін-өзі тану пәні-жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол. Адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі маңыздырағы өзіне-өзі беретін тәрбиесі.                                                                              

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі оқулықта ұсынылған М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде анық берілген.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абайдың махаббатқа негізделген әдістемесі негізінде ұлттық білім беру жүйесін жасайтын кез келді. ҚазАқпарат абайтанушы Омар Жәлелдің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына орай жазған пікірін ұсынады.

НИЕТІҢ МАЛ ТАБУ БОЛСА – ҒЫЛЫМ ЕСІГІНЕН ҚАРАТПАЙДЫ

Абайдың өзі – ғылым. Президент мақаласында «Біз ғылым сатып мал таппақ емеспіз» деп жазыпты. Шынымен де Қазақстандағы білім жүйесі – керісінше. Бакалавриат, магистранттарда бір ғана мақсат бар: ғылым сатып – мал таппақ. Кейбір магистранттардан не үшін ғылым жолына түскені туралы сұрасаң – екі жыл шәкіртақы алу үшін екенін айтады. Біздің оңбай жүргеніміз осыдан. Абай «Кімде кім ғылым сатып, мал табатын болса – онда оның көбінің ғылымға деген махаббаты асырап алған шешенің махаббатындай ғана болады» деген екен. Біз ғылымды керек кезде қолданып, керек жоқ кезде қалтаға салып қоятын зат деп ойлаймыз. Ал ғылым деген – тірі, ол – Алланың сипаты. Ниетің мал табу болса – ғылым сені есігі түгіл, тесігінен қаратпайды.

Мәшһүр Жүсіп атамыз «Біреулер ит өлген жерге барып 12-15 жыл оқып келеді, бірақ жүректерінде дүниеге деген махаббаты болса – Алла тағала ол ғылымды айдап шығарады» десе, Міржақып Дулатов «Бізде ғылыммен айналысатындар – көп, ғалымдар – жоқ. Қалам ұстағандар – көп, жазушылар – жоқ. Атқа мінгендер – көп, Қайраткерлер – жоқ» дейді. Бұл жағдай әлі өзгере қойған жоқ.

ЖАҚСЫ ОҚЫ, ЖАҚСЫ АҚША ТАП

Отан отбасынан басталады. Қазіргі ата-ана баласына «Жақсы оқы. Жақсы қызметке орналасып, жақсы ақша тап» деген үш-ақ ақыл айтады. Бұл қандай ойлау жүйесі? Ақша алу дегеніміз не? Ақша не үшін керек? Абай атамыз «Бала дүниеге келгенде екі түрлі мінезбен туады: бірі – ішсем-жесем, ұйықтасам, екіншісі – көрсем, білсем деп келеді. Бірі тәннің, екіншісі жанның құмарлығы. «Ертең жақсы ақша табасың» деген тәннің қалауы.

Студенттерден «Қайсысың ғылым жолына махаббатпен түстің?» деген сұрақ қойсам, жүз адамның біреуі ғана қол көтереді. Студенттерде ғылымға деген махаббат жоқ. Ал Абай «Махаббат жоқ жерде талап та, ұғым да жоқ» дейді. Оқуға жіберген баласы сенімді ақтамай, халықты тонап, жемқорлықпен айналысып жатқаны содан. Өйткені олар ғылымды ақша табу үшін оқыды. Осыдан кейін «Абайды зерттедік, Абайдың жолындамыз» деп қалай айтамыз?

НЕГЕ БАСҚА ЕМЕС, АБАЙДЫҢ ЕСІМІ САҚТАЛЫП ҚАЛДЫ?

2016 жылғы мониторинг бойынша, Қазақстан Республикасы ішкі өнімнің 0,17%-ын ғылымға жұмсайды екен. Дамыған мемлекеттерде ішкі өнімнің 3-4%-ы ғылымға жұмсалады. Абай «Ғылым – мал аяйтын жол емес» дейді. Қазіргі кезде біздің ғылымнан мал аяп отырғанымыздың белгісі – мұғалімдердің бейшара халі. Мұғалім деген – ғылым иесі деген сөз. Мұғалімге деген көзқарасымыз қандай – ғылымға деген көзқарасымыз сондай. Неге ғылым туралы көп айтып отырмын? Себебі Абайдың заманында оқыған, білімді ғұлама адамдар, бес уақыт намазын қаза қылмаған әулиелер көп болған, бірақ олардың бірінің есімдері сақталып қалған жоқ. Абайдың есімі сақталып қалу себебі ол ғылымға ден қойды. Осы орайда «Ғылымға ден қоймай адам болуға болмай ма?» деген сұрақ туындайды. Абай бұған «Қашан бір бала ғылымды махаббатпен көксерлік болса – сонда ғана оның аты адам болады. Сонда ғана Алланы, дүниені, өзіңді танисың» дейді. Ал біз өсіріп жатқан қанша баланың ғылымға деген махаббаты бар?

АБАЙДЫ ОҚИМЫЗ, БІРАҚ ТҮСІНБЕЙМІЗ

Абай қалаған ұлт болғымыз келсе – тәрбиені өзгертуіміз керек. Абайдың махаббатқа негізделген әдістемесі негізінде ұлттық білім беру жүйесін жасамаймыз ба? Осыны жасайтын кез келді. Ұлттық білім беру жүйесін жасаған кезде басты нысана – білім беру емес, мінез болуы керек. Әлихан Бөкейхан «Ұлтты сүю - білімнен емес, мінезден» дейді. Бұл жерде «Оқымай қойсақ та болады екен» деген жаңсақ пікір туындамауы керек. Батыстың дүниетанымында білім мен педагогика ажыратылған, ал қазақтың дүниетанымында ажыратылмаған, екеуі – егіз. Хадис бойынша, бастағы және жүректегі білім бар. Бастағы білім – көпшілік қауымға арналған пайдасыз білім, жүректегі білім – нағыз білім. Білім жүрекке түскен кезде адамды өзгерте бастайды. Ұлт үшін, мемлекет үшін қызмет ететін адамдарды дайындап шығару үшін пайдалы білім концепциясын жасау керек. Біз Абайды мектепте, университетте оқимыз, бірақ түсінбейміз. Яғни рационалды оқимыз, ондайларды Абай наданға теңеген. Рационалды білімді қазақ «оқу» десе, пайдалы білімді «тоқу» дейді. «Оқығаннан тоқыған – артық». Сондықтан білім беру жүйесіне Оксфордты емес (Оксфорд қаласындағы британдық университет – автор), Абайды негіз етуіміз керек. Ол «Егер сен өзің үшін оқысаң – өзі үшін оттаған хайуанмен тең боласың» дейді. Қаншама білімді жастар шетелде қалып қойып жатыр. Бұл олардың емес, осындай тәрбие беріп жатқан біздің кінәміз.

Абай ғылым жолына түсудің өз шарттары бар екенін айтады. Қазіргі балаларға ғылым жолына түссе бай болатынын айтсаң – пысқырып қарамайды, ал ақшаны көрсетсең көздері жайнап кетеді. Абай «Қашан адам ғылымның өзін дәулет деп түсінбейінше – ол ғалым бола алмайды» дейді. Санаға өзгерту енгізу керек. Балаға байлық деген ғылым екенін түсіндіре алуымыз қажет. Адамның табиғаты сондай – жақсыға қарай ұмтылады. Ал қазір біз балаларымызға «Ақша деген – жақсы, ғылым – сол ақшаға жетудің жолы» деп үйретеміз. Жапондар неге мықты? Себебі олар ғылымды байлық деп есептейді. Абайдың «Дүние де – өзі, мал да – өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген сөзін жүрегімізге кіргізуіміз керек.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ:

1) Өзін-өзі тану пәні (мәлімет) https://www.youtube.com/watch?v=E9fKvGPPLKQ

2) балабақшадағы оқу қызметіhttps://www.youtube.com/watch?v=W3kzewhPCC8;

3) колледжде өтілген сабақhttps://www.youtube.com/watch?v=q7hbYJ7dZtE










Сәттілік!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет