1 тақырып. Мемлекет және құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, негізгі ұғымдар, пәні, заңдық жауапкершіліктің мәні


Құқықтың ұғымы, белгілері мен функциялары



бет2/5
Дата10.12.2021
өлшемі64,19 Kb.
#78827
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тақырып 1
Реферат Сара, Реферат Сара, Реферат Сара
1. Құқықтың ұғымы, белгілері мен функциялары

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.

Құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет