1 тақырып. Мемлекет және құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, негізгі ұғымдар, пәні, заңдық жауапкершіліктің мәні


Заңды жауапкершіліктің ұғымы, белгілері, қағидаттары, түрлері. Құқық бұзушылық: белгілері, құрамы, түлері



бет5/5
Дата10.12.2021
өлшемі64,19 Kb.
#78827
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тақырып 1
Реферат Сара, Реферат Сара, Реферат Сара
4. Заңды жауапкершіліктің ұғымы, белгілері, қағидаттары, түрлері. Құқық бұзушылық: белгілері, құрамы, түлері.

Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:

1. Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.

Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.

2. Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады.

3. Құқық бұзушылықтың басты белгілерінің ішіндегі бірі - кінәлінің бар болуы. Қазақстанды және басқа да елдердегі мемлекеттік құқықтық теория және практикасы құқық бұзушылықты барлық құқыққа қарсы әрекетті емес, тек қана байқаусызда немесе қасақана жасалған іс әрекетті санайды.

Нақты айтқанда, тұлға кінәсі бойынша болады. Кінә тұлғаның өзінің жасалған құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік, сонымен қатар әрекет салдары нәтижесінде пайда болған заттарға психикалық жағдайымен қатынасын көрсетеді. Ол өзінің тәртібі және осыдан шыққан зардаптардың құқыққа қарсылығын тұлғаның түсінуі немесе мойындауын білдіреді. Сондықтанда кәмелетке толмаған тұлғалар және тұлғалар әрекетін сот кінәсіз деп мойындаса да,тіпті егер олар құқыққа қарсы тұрса да, сондай-ақ олар өз әрекеттерін құқыққа қарсы екенін түсініп, мойындауға қабілеті жоқтай оларды құқық бұзушылық деп санауға болмайды. Кінә екі форма бойынша бөлінеді:

1) Ниет құқыққа қарсы әрекет жасаған тұлға қоғамдық қауіпті мінезін өз әрекет немесе әрекетсіздігін біледі деп олар санайды,олардың қоғамдық салдарын болжайды және олардың басталуын қалайды.

2) Абайсыздық кінә түрлерінің бірі сияқты 2 түрі бар

- өзіне сенімдік,тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардап шектіретін әрекетін біледі, одан жеңіл желпі қашуды санайды деп сендіреді.

- ұқыпсыздық тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардапты әрекеттерін көрмейді, бірақ мүмкін және оларды көру қажет деп сендіреді.Ұқыпсыздық алдын ала тұлғаның оның міндеттеріне қойылған орындауларға,қоғамға және басқа тұлғаға қызығушылығына жауапсыз қатынасын көрсетеді.

Құқық бұзушылық дилектіқабілетті құқықбұзушылармен жасалады, яғни өз еркіндігін және өзінің тәртібін бақылай алатын, өз әрекеттеріне есеп беретін, олардың құқыққа қарсылығын мойындайтын және олардың зардаптарына жауапкершілік таныту жағдайында болатын адамдар.

Құқыққа қабілетті құқық бұзушының заңдарға және басқа да нормативті құқықтық актілерде анықталады. Құқыққа қабілетті қылмыскерлер барлық жауапқа қабілетті тұлғалар, белгілі бір жасқа жеткендер саналады.

Құқықбұзушылықтың негізгі ерекше белгісін отандық және шетелдік заңгерлер залалдың болуын көрсетеді, яғни жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға келтірілген құқыққа қарсы әрекетпен келген залалдың арасындағы байланыстың болуын айтады. Залалдың саладары екі аспектіде қарастырылады яғни заңды және нақты.

Құқықбұзушылық құрамдары – бұл құқықбұзушылықтың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді:

Құқық бұзушылықтың обьектісі

Құқық бұзушылықтың обьективтік жағы

Құқық бұзушылықтың субьектісі

Құқық бұзушылықтың субьективті жағы

Құқық бұзушылықтың обьектісі - құқық бұзушы қиянат жасайтын және де заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары, құқытық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.

Қылмыстың объективті жағы.

Қылмыстың объективті жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын қоғамға қауіпті әреткеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген белгілердің жиынтығы, сондай – ақ ол сол қол сұғушылыққа қатысты объективтік жағдайлар. Объективтік жақты сипаттайтын белгілер:

а) қоғамға қауіпті іс - әрекет яки әрекетсіздік;

ә) қоғамға қауіпті салдар;

б)әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс;

в) қылмыс жасау орны , уақыты, жағдайы, тәсілі, қаруы мен құралы.

Құқықбұзушылық субьектісі - ол құқық бұзушылық жасалған уақытта есі дұрыс және белгілі бір жасқа толған адам.

Жауапкершілік тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психиклық аруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің әс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам жауаптылыққа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалау саладарынан мас күйінде жасалған құқық бұзушылық үшін адам жауаптылықтан босатылмайды.

Құқық бұзушылықтың субьективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Құқық бұзушылықтың сыртқы жағын бейнелейтін обьективтік жаққа қарағанда субьективтік жақ құқық бұзушылықтың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Құқық бұзушылықтың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық бұзушылық істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

Заңды жауапкершілікті сипаттайтын негізгі белгілер:

1) ол ерекше мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратына сүйенеді, бұл құқық нормасымен қарастырылған санкцияны жүзеге асырудың нақты нысаны;

2) қоғамға қауіпті құқық бұзушылық жасаған уақыттан бастап пайда болады;

3) іс жүргізушілік нысанында қолданылады.

Осы аталған белгілер заңды жаупкершіліктің міндетті белгісі болып табылады.

Жалпы заңды жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:

Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік.

Қылмыстық жауапкершілік.



Азаматтық – құқықтық жауапкершілік.

Әкімшілік жауапкершілік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет