№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


Сана постмодернистік философиядағы мәтін ретінде (Ж. Деррида



Pdf көрінісі
бет11/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

3. Сана постмодернистік философиядағы мәтін ретінде (Ж. Деррида, 
Ж. Делез).
XX ғасырдың екінші жартысында постмодернизмге 
қызығушылық көбейді. Постмодернизм XX ғасырдың басында пайда болған, 
60-шы жылдардағы кітаптарда ғана бұл ағымға идеялық бағдарлама 
тұжырымдамасы берілді. Постмодернизмнің дүниетанымдық қайнар көздері 
болып 
Д.Анин, 
У.Спанос, 
И.Хассан, 
Л. 
Фридлер 
сияқты 
әдебиеттанушылардың шығармалары табылады. Олар постмодернді 
парадигма және эпистема ретінде қарастыра бастады. Постмодернизмнің 
табиғатын зерттеуге 1979 жылы жарық көрген Ж.Ф.Лиотардың 
«Постмодернизмнің күйі» атты шығармасы арналды. Постмодернизмнің 
қазіргі замандағы ролін ашуға замандас батыс ойшылдары Ж.Бодрийяр, 
Ж.Делез, Ф.Гваттари, У.Эко үлестерін қосты. Постмодернизмнің XX 
ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басы кезеңіндегі мәдениеттегі орны 
туралы орыс ойшылдары да шығармалар жазды. Олардың ішінен 
Н.Б.Маньковская және И.П.Ильинді атап айтуға болады. Постмодернизм 
философиясы 
структурализмнің, 
марксизмнің, 
фрейдизм 
және 
ницшеандықтың қазіргі заманғы дүниетанымдық потенциалын әрі сақтау, әрі 
өзгерту мақсатында қалыптасты. Бұл мақсатта радикалды эклектика да, 
ұмытылған антикалық дискурстарды жаңғырту тәсілі де пайдаланылды. 
Соның 
ішінде 
софистиканы, 
сондай-ақ 
философиялық 
білімнің 
социологизациясы және психологизациялану, риторизация құбылыстарын 
атап айтуға болады. Постмодернизмде қала құдіреті космос құдіретімен
индустриализм идеалы экологизм императивтерімен алмастырылады. 
Космизм, экологизм, постгуманизм, жаңа жыныстық түсінік постмодернизм 
дүниетанымының ядросын құрады. Бұр тұғырнамалар қазіргі заманғы 
жағдайға сәйкес келіп жатты. Постмодернизмнің пайда болуына себеп болған 
объективті жағдайлар: 
1.
мемлекеттің, соның ішінде тоталитарлық мелекеттің адамзаттың 
тіршілігінің 
қауіпсіздігін 
қамтамасыз 
етудегі 
басқару 
потенциалдарының әлсіреуі; 
2.
технологиялық қатынастар процестерінің антигумандық сипатының 
өсуі, коммуникациялық процестерден адами жан-сезімдердің жоғала 
бастауы; 
3.
әлеуметтік процестерге бұрын аутсайдер болып табылған топтардың 
белсенді тартылуы. Мысалы, түрлі феминистік және экологиялық 
қозғалыстар. 
Постмодернизм 
адамзат 
қатынастарындағы 
технологизацияның кемшіліктерін сынады. 
Либеральді демократия мен техника Еуропда дәстүр рухымен 
нәрленбеген адам қалыпын қалыптастырды. XX ғасырдағы европалық адам 
жүрексіз моральді бойына сіңірді. Бұл мораль қызмет ету сана-сезімдерінен 


және борыш деген ұғымдардан мақрұм еді. Постмодерн философиясы 
заңшыл ақыл-парасаттан бас тартып, оны түсіндіруші ақылмен алмастырды. 
Ж.Дерриданың айтуынша, европалық санадағы ақиқатты толық меңгеру 
идеалы шындап келгенде агрессиялық тұрпаттағы құбылыс. Түсіндіруші 
ақыл 
білімнің 
негізін 
іздестіру 
мәселесін 
трансцендентальді 
субъективтіліктен күнделікті-қарапайым өмірлік практикаға бұруды жөн 
тапты. Постмодернистер ұсынған жаңа ақыл білімнің негізін метафизикадан 
іздеген жоқ, коммуникациядан іздестірді. Араласудың, әңгімелесудің жалпы 
фоны ғылыми ақиқатқа қол жеткізу емес, еркін сұхбат арқылы катарсиске 
(рухани тазаруға) жету. Күнделіктілік тақырыбы феноменологиялық 
социологияның бел ортасына қойылады. Күнделіктілік – бұл ғылымға дейінгі 
табиғи қондырғы, субъектінің «қәзіргі», «осындағы» актуальді болмысы. 
Ж.Деррида постмодернизмнің онтологиялық және гносеологиялық-
методологиялық идеяларын әзірлеп жасады. Деррида қазіргі заманғы 
философияның патологиясын лого-фоно-фалло-центризм деп тапты. Оны 
түзетудің әдісін іздестірді. Мемлекеттің репрессияшыл құрылымының адамға 
күйретуші әсерінен құтылудың әдісі – деконструкция деп тапты. 
Постмодернизмнің деконструкциясы – әрі хат, әрі текстті оқу. Тект – бұл 
таңбалардың шоғырланған үйіндісі емес, ол – процесс. Текстуалділік 
«көптеген кішкентай наррациалардан» (әңгімелерден) түзіледі. Текстті 
талдаудың қайсысы болмасын оның мәнін ашуға емес, тексттің ұлаюына 
алып келеді. Талқылау процедурасы шексіз болуы ықтимал. Номадизм – 
постмодернизмнің әлеуметтік философиясының өзегі, оның осы кездегі 
саяси-әлеуметтік 
жүйеге 
оппозициялық 
қатынасының 
көрсеткіші. 
Постмодернист-деконструктивист жолаушы іспеттес. Жиль Делездің 
айтуынша, номадтық дәстүрде ойлау – бұл Маркс пен Фрейд сияқты білім 
ойынын ойнау емес, Фридрих Ницшенің әдетінше авангардтық өнер ойынын 
ойнау. Жак Деррида 40-қа жуық еңбек жазды. «Дауыс және құбылыс» (1967) 
және «Грамматология» (жазу туралы ғылым) атты еңбектерінде сөзден 
(логостан) гөрі жазудың маңызын жоғары қояды. XX ғасыр философиясы 
шынайы болмысты таза сана аумағынынан іздеді, сөйтіп Хайдеггердің 
нұсқасында аталмыш сферада ол жоқ деген тұжырымға келді. Нұрланған, 
ашылған болмыс дегенімен бар еді, тек ол субъекті мен объектінің 
тұтастығында ғана мүмкін еді. Болашақта да солай болады ма, егер болса, 
онда қандай жолмен болмақ? Міне, мәселе қайда? XXI ғасыр сұрағы осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет