№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


№3. Тақырып. Сана, рух және тіл



Pdf көрінісі
бет9/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

№3. Тақырып. Сана, рух және тіл. 
 
Дәріс жоспары 
1. Сана онтологиялық мәселе ретінде. 
2. Бейсаналылық, сана, жоғарғы сана. Философиядағы бейсаналықтың 
негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг). 
3. Сана постмодернистік философиядағы мәтін ретінде (Ж. Деррида, Ж. 
Делез). 
Дәріс тезистері.
1. Сана онтологиялық мәселе ретінде. 
Сана
— дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс 
күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол 
адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты 
артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында 
оның санасының прогрессі тұр. 
Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің 
байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де 
зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық 
емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы 
нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана 
бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда 
хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша 
түсіндіруге тура келеді. 
Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни 
қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен 
мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана 
қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана 
арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады. 
Сана — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, 
адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, 
қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы 
образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. 
Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен 
тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек 
олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, 
психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар 


байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне 
бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз 
етуі. 
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, 
«түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді 
адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен
табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері 
бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — 
байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің 
құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның 
деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. 
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана 
бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, 
«ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана 
жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы 
ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа 
адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның 
арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. 
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, 
ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, 
бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше 
одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар 
әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен 
әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады. 
Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз 
зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын 
қорытып келді. Сана мидың айналадағы объективтік шындықты 
бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық 
өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — 
түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, 
процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына 
қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет 
жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана 
құрылымын айтады. 1. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі философиялық 
танымның негізгі мәселелері. Антикалық философиясында рух пен 
парасаттың космологизмімен ерекшеленеді. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі 
Пифагор 
философияында 
адамның 
антропологилық 
құрылымымен 
байланыстырыла түіндіріліп, рух – жоғарғы ақыл, ақыл (төменгі), өмір – 
тыныс алу және дене деп қарастырылса, Платон боынша рух- ноус, ақылды 
жан, ақылды емес жан және дене бөлген. 
Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі 
қалыптасқан. Рух – құдайлы бастама, жан – жеке сана, дене – табиғи бастама 
ретінде түсіндіріледі. Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені 
бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән идеалдық формасы. Сана белгісіз, 


ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. 
Іштен де тумайды. 
Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, 
қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ 
сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады. 
Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Адам өз 
түсіктері арқылы сыртқы дүниедегі құбылыстарды қабылдап, лынған 
ақпараттарды жүйке жүйелерарқылы арнаулы ми бөліміне жеткізеді, осы 
сәттен сараптау басталады. Ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттық өрістер» 
негізінде жүреді. 
2. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана 
феномендерін, сананың қалыптасуын қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда 
болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез адамның пайа 
болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды. 
Антропогенездің негізгі концепциялары. 
— Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. 
Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық 
теология и т.б.) 
— Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи 
жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде 
пайда болды. (Ч. Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, 
позитивизм) 
— Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, 
биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық 
организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда 
болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.) 
3. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, 
өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге 
қабілеттіліктерінен көрінеді. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы 
аясындағы ұлттық сана-сезімді жанжақты қарастыру және көтерудің маңызы 
– ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келтіруді білдіред. Рух 
дегеніміз — өзіндік сезіну, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы 
сатысы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-
сезімдерге тығыз байланысты. Қазақ халқының руханиятына – оның өзіне 
тән дүниесезімі, құндылықтыры жатады. 
4. Ойлау және тіл. Адамның ойлану әрекетi тiкелей сезiмдiк таным 
үрдiстерiмен ғана емес, тiлмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Осындай 
ерекшелiк адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешелiгiн 
көрсетедi. Жануарлардың қарапайым ойы нақтылы әрекетке байланысты, ол 
жанама, абстракты ой бола алмайды. Адам сөйлеу, дыбысты тiл нәтижесiнде 
нәрселер мен құбылыстардың мәндi, тұрақты белгiлерiн ой арқылы бейнелей 
алады. Бұл ретте, тiл адамның ойының заттық қабыршағы болып табылады. 
Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сөз арқылы ажыратып 
көрсете алады. Сөйтiп, заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге 
мүмкiндiк туады. 


Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. Өз ой-пiкiрлерiнiң жүйесiн, 
нәрселер жайындағы нақты түсiнiктерiн жасайды. Әрбiр ойдың ақиқаттығы 
ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жүйелi болып, оның 
нәрселердiң мәнiн түсiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жүзеге асып, өзгелерге 
жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және 
ойлау осы тiлдiк материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын 
бейнелей алады. 
Ойлаудың қоғамдық мәнi. Ойлаудың тiлмен тығыз байланысты болуы және 
оның қоғамдық мәнi адам ойлауы дамуының қоғамдық-тарихи сипатта 
болатындығын көрсетедi. Адамның дүниетанымы, бiлiмi және өмiр 
тәжiрибесiнен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып 
ауысып отырады. Бұл – тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi 
мен бiлiмнiң өсуi әрбiр ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды 
әлеуметтiк өмiр қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыруға пайдаланады. 
Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын 
нығайтады. 
Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың 
арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы ретінде қарастыруға болады. 
Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдық сананың 
элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін 
қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана 
емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. 
Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен және 
шектеулерімен санасуға мәжбүр. 
1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қоғамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке 
санадан тәуелсіз, одан жоғары тұрды. 
2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдеңе емес. Әрбір нақты 
дәуірдің, әрбір халықтың қоғамдық санасының біршама «тұлғалық», жекелік 
сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия ғылымының дамуына Сократтың, 
Аристотельдің, Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан үлестері зор. Яғни, 
қоғамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке сана 
қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері 
арқылы жетіліп, дамып отырады. 
3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын себебі – ол қайшылықты. 
Жеке сана идеялар өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде оған 
қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың 
ережелері мен қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды. Осылай 
болмаса, қоғамдық сананың прогрессивті болуы мүмкін емес, ол тоқырауға 
ұшырайды. 
4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі екеуінің де бір объектіні - 
қоғамдық болмысты бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ, мұндай бейнелеу 
мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид қоғамдық сананы жалпының 
жекелік, өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді. 
5) Жеке сана қоғамдық санаға толығымен кірмейді. 


6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы сәйкестік, үйлесімділік 
қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады. 
Қоғамдық 
сананың 
құрылымы. 
Зерттеушілер 
қоғамдық 
сананың 
құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және 
қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін: саяси 
сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны атап 
көрсетеді. 
Қарапайым немесе әдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің 
тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас 
бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға 
қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде 
кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын 
игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант 
қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты 
өмір сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, 
бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір 
қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті 
өмірлерінің қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің 
жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, 
тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады. Осы жерде «қоғамдық 
психология » ұғымын қарастырған дұрыс. 
Қоғамдық психология дегеніміз – белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар 
арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, 
қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік 
әдеттері. 
«Қоғамдық психология» терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист 
Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл 
мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен 
тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол «қоғамдық сана» 
терминін «қоғамдық психика» және «таптық идеология» деп бөліп, коғамның 
психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық 
пен саяси мекемелердің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, философияны 
сондай-ақ рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін 
ескертті. Қазіргі кезеңде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік 
психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда, қоғамдық психология мен 
қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде орналасқан. 
Теориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек 
теориялық сана болуы мүмкін емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады. 
Теориялық сана – маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда және 
қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және 
теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқ-
ылы қоғамдық идеологияның мәнін түсінуге болады. Философиялық әде-
биетте идеология теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп қарастыры-
лады. Идеологияның анықтамасын мына түрде беруге болады. 


Идеология – саяси, құқықтық, эстетикалық, діни, көркемдік және басқа 
идеялар мен концепциялардың жүйесінен тұратын, өзінде теориялық 
негіздермен қатар, іс-әрекет багдарламаларын, идеологиялық ұста-нымдарды 
көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін күрделі рухани құрылым. 
Қогамдық психологиямен қогамдық идеологияның ерекшеліктері және 
бірлігі: 
1) Идеология қоғамдық психологияны өзгертетін белсенді фактор; 
2) Қоғамдық психология идеологияның таралу кеңістігі, бірақ ол пас-сивті 
негіз 
емес, 
ол 
идеологиялық 
құрылымдарды 
сұрыптап-таңдайды, 
кейбіреулерін қолдауы мүмкін, ал кейбіреулерін терістейді; 
3) Идеология жүйелі түрде идеологтар мен саясаткерлердің қызметі арқылы 
жасалады. 
Қазіргі уақытта «идеология» термині қайта жаңғырып отыр деуге болады. 
Кеңестер Одағы дәуірінде ұзақ уақыт тым асыра идеологияланды-рылған 
қоғамда өмір сүргеніміз белгілі. Ол қоғам ыдыраған соң, идеоло-гиялық 
вакуум пайда болды, тіпті қоғамтанушы ғалымдардың өзі бұл терминді 
айналып өтуге тырысты, «қоғамды идеологиясыздандыру» мәселесі де 
кеңінен талқыланды. Әрине, бұл көзқарас дұрыс емес, себебі әрбір 
мемлекеттің өзіндік құндылықтар жүйесі, қоғамның барлық мүшелерінің 
көзқарастарын бейнелейтін белгілі бір ұстаным-бағыты міндетті түрде болуы 
тиіс, қоғам онсыз өмір сүре алмайды. Осы күрделі жұмыс қазір белсенді 
қолға алынып, дамуда. Мемлекеттік, жалпыұлттық идеологияның негізгі 
бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
ғылыми-теориялық еңбектерінде, Қазақстан халқына 2006 жылғы 
Жолдауында белгіленген. Оларды жалпы қорытсақ: 
1) ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету; 
2) ішкі ұлттық бірлікті нығайту; 
3) Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; 
4) қоғамда жоғары тіл мәдениетін орнықтыру; 
5) тұрақтылықты, азаматтық келісімді қалыптастыру және тағы басқа. 
Қоғамдық сананың формалары. Қоғамдық сананың формалары 
мәселесі үнемі қызу талқыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер 
өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың 
формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, діни сана, 
өнер, мораль (адамгершілік), гылым және философия. Кейбір ғалымдар 
қоғамдық сананың экономикалық және экологиялық формалары туралы да 
айтып жүр. 
Қоғамдық сананың формалары ішкі ерекше қатынастары бар күрделі жүйе, 
бірақ олардың қай-қайсысының да негізі адам қызметі, нақты өмірлік 
процесс. Қоғамдық сананың формалары бір-бірімен тығыз байланысты, 
бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны 
абсолютке айналдыруға болмайды. 
Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, 
себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық 
мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше 


айқын және толық керініс табады, сондықтан да саяси сана қоғамдық 
сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді. 
Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады: қарапайым-практи- калық; 
идеологиялық-теориялық. Қарапайым саяси сана стихиялық түрде өмір 
сүруді, еңбек етудің эмпирикалық жағдайларының бейнесі ретінде 
практикалық қызметтен тікелей туындайды. Ол ұжымдық-әлеуметтік 
шығармашылық 
жемісі. 
Оның 
құрылымында 
рациональдік 
пен 
эмоциснальдік, пайымдаулар мен эмоциялар, дәстүрлер мен қазіргі заманғы 
құбылыстар, әдеттер, көзқарастар, дүниетанымдық элементтер араласып 
жатады. Қарапайым саяси сана теориялық қағидалар мен философиялық 
ұғым-категорияларға емес, ойлаудың алғашқы формаларына, күнделікті 
тәжірибеге негізделген, ол қарапайым адамның қоғамдық құбылыстарға 
деген реакциясын бейнелейді, өмір драматизміне толы. Сондықтан да 
мемлекеттің, әр түрлі партиялардың саяси қызметі қарапайым сананы терең 
зерттеп алмай, жеңіске жетпейді. 
Саяси идеология – белгілі бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси 
мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін біртұтас теориялық пайымдау 
жүйесі. 
Саяси идеологияны адамдардың арнайы топтары идеологтар және идеялар 
өндірісімен, әлеуметтік технологиялар мен санаға ықпал етудің 
идеологиялық әдіс-тәсілдерін жасақтаумен арнайы айналысатын идео-
логиялық институттар қалыптастырады. Қазіргі заманда саяси күрестің неше 
түрлі тәсілдері пайда болды. 
Саяси идеология әлеуметтік саладағы өзгерістер жасаумен қатар жүрген-де 
ғана табысты болмақ. Көптеген партиялар осы факторға баса назар ауда-
рады, бұл 2004 жылдың күзінде өткен Парламенттік сайлауға, 2005 жылдың 
4-желтоқсанында өткен Президентті сайлау дайындық барысында анық 
байқалды. 
Саяси сана моральдық факторлармен де тығыз байланысты, яғни саяси сана 
және мораль салыстырмалы түрде тәуелсіз болғанымен, бір-біріне әсер ету 
дәрежесі зор. Саяси қайраткердің моральдық тазалығы, ісі мен сөзінің бірлігі, 
шынайылығы, адамгершіліктік келбеті оның саяси қызметіне, халықтың 
арасындағы беделіне едәуір ықпалын тигізеді. 
Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң 
мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген 
қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен 
түсініктерінің жиынтығы. 
Құқықтық сананың да екі деңгейі бар: 
1) практикалық құқықтық сана – адамдардың құқықты практикалық 
қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, 
сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық 
сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер. 
Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы 
деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза 
Құқықтық дағдылар – адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер 


жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, 
шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). 
Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді. 
Құқықтық әдеттер – құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі 
қажеттілігі. 
Құқықтық білімдер – құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, 
пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы. 
Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады. 
2) Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нор-
мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-
дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі 
процесі мен оның жемісі. 
Мұндай ой қызметінің міндеті – құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық 
нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті 
арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби 
дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды. 
Құқықтық сана әр түрлі функциялар атқарады: 
1) танымдық – құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық 
қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі. 
2) бағалау функциясы – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің 
көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па – субъект осыған байланысты 
құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине мұндай бағалау 
жасай білу үшін құқықтық білім қажет. 
3) реттеу функциясы -құқықтық информацияның субъект қызметінің 
бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы. 
Мораль немесе адамгершіліктік сана – адамдар өздерінің мінез-
құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әр 
түрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ерелердің, 
нормалардың жиынтығы. 
Мораль қоғамдық сананың ең коне формаларының бірі. Өзін сақт қалу үшін 
қоғам адамдардың бәрі үстануға тиіс ережелер қалыптасты рып, олар арқылы 
жалпы 
адамдардың, 
жыныстардың 
және 
ұрпақтардь 
арасындағы 
қатынастарды реттеп отырды. 
Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар. 
1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан 
беріледі. 
2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тәжірибесінің, та- 
рихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының 
жемісі деп түсіндіреді. 
3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға әуелден, генети калық 
деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп 
ұшырамайды және адамдардың индивидуальдік сапаларына байланысты 
әрбір адамда әр түрлі. 
Моральдің ұлттық, таптық және жалпы адамзаттық сипаты бар. Кезінде 
таптық моральға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір 


деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық моральдық 
құндылықтарды жаңғырту – ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап 
қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай 
отырып, моральдың жалпы адамзаттық сипатын да естен шығармауымыз 
керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда мораль ең 
басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы 
адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті 
арқылы анықталатыны сөзсіз. 
Эстетикалық сана – адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбы-лыстарын 
әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан 
бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы. 
Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эсте-тикалық 
құндылығын, сонымен қатар, адамның эстетикалық практикасын: адам 
жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы 
қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, аскақтық және 
төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, 
сезімдер, талғамдар, пікірілер. түсініктер. теориялар және идеалдар кіреді. 
Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-
идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден тұрады. Екінші деңгей 
біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған 
шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық 
қызметте ғана емес, ерекше сала – өнерде көрініс табады. Өнердің қоршаған 
дүниені бейнелеу екені сезсіз. Бірақ онер туындыларында елестетудің 
жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік туралы Кант: «Біз 
материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, 
атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін», – деген 
болатын. 
Өнердің функциялары: 
1) танымдық – өнер туындыларының көмегімен адам өрісін кеңейтеді, дүние, 
табиғат, адам туралы білімін толықтырады. 
2) тәрбиелік – эстетикалық идеал арқылы өнер адамның жан дүниссіне, 
мінез-құлқына, түсініктеріне зор ықпалын тигізеді. 
3) эстетикалық – өнер эстетикалық талғам қалыптастырады, адамның 
шығармашылық рухын, шығармашылық бастауын оятады. 
4) гедоникалық – өнер туындылары адамға ләззат береді. 
Өнер тұлғалық сипатқа ие, оны жасайтын да, қабылдайтын да, қолда- натын 
да тұлға, сондықтан енер туындысының мазмұны, оны түсініп-бағалау 
деңгейі тұлғаның ерекшеліктерін бейнелейді. Өнер қоғамды сананың басқа 
формаларымен, әсіресе саясатпен тығыз байланысты. Бірақ нағыз өнер 
саясаттан жоғары түруы тиіс, ал өнер саяси тапсырмаларды орындаушыға 
айналғанда, өзіндік құндылығын жоғалтады. 
Тақырыпты қорытындыласақ, онтология – философияның күрделі де 
маңызды салаларының бірі. Болмыс, материя, қозгалыс, сана, қогамдық сана 
мәселелері философияның классикалық мәселелері болып табылады. Оларды 


зерттеу көне заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жалгасып келеді және бұл 
багыттагы ізденістердің өзектілігі зор деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет