1-тақырып. Сенімділік теориясының негізгі анықтамалары мен ережелері Пәннің қысқаша сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата14.02.2022
өлшемі128,24 Kb.
#131718
1   2   3
Байланысты:
1-ші тақырып
мукушев, иск Жолдасбеков
Пәннің міндеттері.
Курстың негізгі міндеттері: сенімділік теориясының 
негізгі ұғымдарын оқып білу; математикалық аппаратын меңгеру; кездейсоқ 
жағдайлар, кездейсоқ шамалар және ықтималдықтар мәндерін анықтауды 
білу; 
технологиялық 
машиналар 
мен 
жабдықтардың 
пайдалану 
сенімділіктерін есептеу тәсілдерін меңгеру. 
Пәнді зерделеудің нәтижесінде студенттің: 
-
машиналармен 
орындалатын 
технологиялық 
функцияларды, 
жобалау мәселелерін және пайдаланылатын жабдықтардың негізгі сенімділік 
параметрлерін есептеуді білулері керек; 
-
сенімділіктің жоғарғы көрсеткіштері мен өнімділіктің қажетті 
деңгейін анықтауды, сенімділік туралы ақпараттардың қажет деңгейін 
анықтап, оларды дұрыс өңдеуді білулері қажет; 
-
аралас өндіріс технологиялық үрдістер салаларың технологиялық 
жабдықтарды пайдаланудың тиімді режимдерін таңдауды және экономикалық 
тиімді сенімділік денгейлерін анықтауды білулері керек. 
Студенттің өздік жұмысы «Технологиялық машиналарды сенімділігі» 
пәнін оқу процессінде білімнің шығармашылық дамуына және теориялық 
және тәжірибелік сұрақтар мен пән міндеттерін шешу икеміне бағытталған. 
Өздік жұмысты орындаған кезде пәнді оқу оқу залында кітаптармен 
және әдістемелік нұсқаулармен жұмыстан және жеке тараулардың 
тақырыптары бойынша жеке тапсырмаларды орындаудан құралады. 


Пәнін жоспарлы оқу стуенденттермен тараулардың (модульдердің) 
өзара байланысты тақырыптарын игеруге және физика, математика және т.б. 
бойынша алынған білімдерді қолдануға мүмкіндік береді. 
Машиналар сенімділігін есептеу және талдау кезінде негіізгі түсініктер 
мен терминдерге МЕСТ 21623-76, МЕСТ 18322-78, МЕСТ 16504-81 және 
МЕСТ 27.002-83 кездесетін терминдерді жатқызады. Техникалық объект 
(объект) - оның функционалдық тағайындалу тиімділігін қамтама-сыз ету 
мақсатында оны жобалау, жасау, қолдану, техникалық қызмет көрсе-ту, 
жөндеу, сақтау және тасымалдау процесінде есептеуге, талдауға, сынауға және 
зерттеуге тиесілі зат. Механикалық жүйе (жүйе) - функционалдық өзара 
байланысқан және белгілі тәртіпте орналасқан объектілердің жиынтығын 
білдіретін күрделі объект. Механикалық жүйелер (МЖ) машиналар, 
агрегаттар, құрама бірліктер болуы мүмкін, олар зерттеу мақсатына 
байланысты оның қосалқы жүйесі ретінде немесе элементі ретінде аса 
күрделі МЖ кіре алады. Элемент (механикалық жүйенің) – нақты 
қарастырылатын зерттеудегі МЖ бір бөлігін білдіретін объект. Механикалық 
жүйе элементтері (МЖЭ) егер берілген есептеуде (зерттеуде) ішкі құрамын 
ашпай өздерінің сыртқы параметрлерімен (сипаттамаларымен, белгілерімен) 
ғана берілсе, олар тетіктер ғана емес, сонымен құрама бірліктер, агрегаттар 
және тіпті машиналар да болуы мүмкін. Мысалы, бульдозер жер қазатын 
машина ретінде төрт элементтен: трактордан, қайырмадан, итергіш 
кесектерден (немес рамадан) және қайырманы басқару жүйесінен тұратын МЖ 
ретінде қарастырылуы мүмкін. Өз кезегінде, егер оны жеке қарастырса, 
аталған элементтердің әрқайсысы МЖ білдіреді; ал трактор объектілер,
сондай-ақ жеке алғанда механикалық жүйелер болып табылатын объектілер 
жиынтығынан тұратын базалық машинаның (бульдозердің) МЖ болып 
табылады.
Сонымен, жүйе және жүйе элементі ұғымдары тұтас және нақты 
зерттеудегі бір бөлік ретінде қарастырылуы керек, және сондықтан бұл 
ұғымдар салыстырмалы. Қарастырған кезде бөліктің жүйесі болған, тұтасты 
қарастырған кезде элемент болады. Сенімділік – объектінің берілген қолдану, 
техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау және тасымалдау режимдері мен 
шарттарында оған берілген функцияларды орындау және уақытта сақтау 
қасиеті. Сенімділік объектінің ішкі қасиеті болып табы-лады. Ол осы 
объектінің МЖ ішіндегі басқа объектілермен, сондай-ақ оның 
тағайындалуына сәйкес онымен МЖ өзі өзара әрекеттесетін объект болып 
табылатын сыртқы ортамен өзара әрекеттесуден айқындалады. Бұл қасиет 
өзінің көрсеткіштері арқылы МЖ уақытта жұмыс істеу тиімділігін 
анықтайды. Кешенді қасиеті болып табылып, объектінің сенімділігі (оның 
тағайындалуы мен пайдалану шарттарына байланысты) жеке алғанда немесе 
белгілі үйлесімде жеке қасиеттерінің көрсеткіштері (істен шықпаушылық, 
ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамдылық және сақталғыштық) арқылы 
бағаланады. 


Жыл бойы қолданылатын машиналардың басым көпшілігі, тәртіп 
бойынша үш қасиеттің - істен шықпаушылықтың, ұзақ мерзімділіктің, жөн-
деуге жарамдылықтың көрсеткіштерімен бағаланады. Маусымдық қолданы-
латын машиналар (ауыл шаруашылығы астығын жинау техникасы, кейбір 
коммуналдық машиналар, қататын өзендерде жүзетін өзен кемелері), сондай-
ақ өзінің тағайындалуы бойынша жұмысты күту режимінде ұзақ уақыт бо-
латын, қиын жағдайларды (өртке қарсы және құтқару жабдықтары) жоюға 
арналған машиналар мен жабдықтар, барлық төрт қасиеттің көрсеткіште-
рімен бағалануы керек. Резина-техникалық бұйымдар (көмкермелер, тығыз-
дауыштар) ұзақ мерзімділік және сақталғыштық көрсеткіштерімен бағала-
нады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет