1.3 Өзіндік дайындалуға арналған тапсырмалар: a) Бастапқы (базистік) білім бойынша: 1. И. Сталиннің жеке басына табынушылық саясаты: шындық және рефлексия.
2. Н. Хрущевтік демократияландыру: шындық және рефлексия.
3. Л. Брежневтің тоқырауы: шындық және рефлексия.
b) Тақырып бойынша: 1. Тақырыптың тармақтарында қолданылатын терминдер мен ұғымдардың түсінігін және ғылыми анықтамаларын хаттау (конспектілеу).
1. «Қырғи-қабақ соғыс» ұғымының мәні.
2. Әлемнің «Социалистік» лагері - «Варшава келісімі» және «Капитализм лагері» - «НАТО» конфронтациялық блоктарға бөлінуі.
3. Республикадағы «азық-түлік қаулылары» компаниясының шаралары, оның салдары.
4. 1945 ж. 24 мамырда «Жеңіс атымен» деп аталатын Сталиннің сөйлеген сөзінің астарлы мәні.
5. Әскери-өнеркәсіптік кешен: Семей полигоны, Байқоңыр космодромы және т.б.
6. 1954-1964 жж. өзекті мәселелер: демократиялық үдерістер, АӨК (аймақтық-өндірістік кешен), ауыл шаруашылығындағы өзгерістер.
7. Тың және тыңайған жерлерді игерудің табыстары мен зардаптары.
8. Қазақстанға көші-қон легінің күшеюі.
9. Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы.
10. Ірі өндіріс кешендерінің құрылуы
11. 1964 жылғы Партиялық аппаратындағы төңкеріс. Л. Брежнев бастаған топтың билікке келуі.
12. 1965-1970 жылдардағы «Алтын бесжылдық» реформаның сипаты.
13. 1970-1985 жылдардағы «Дамусыз өсу» - экономиканың басты сипаты. Ел экономикасының тоқырауға ұшырауы.
14. Идеологиялық тоқырау: зиялылардың астыртын әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. Қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі («Жас тұлпар» және т.б.).
15. Целиноград оқиғасы (1979 ж.).
16. «Кемелденген социализм» кезіндегі Қазақстан мәдениеті.
17. Экологиялық мәселелерінің шиеленісуі: Семей ядролық сынақ айлағы, Арал теңізінің тартылуы, өмір сүруге қолайсыз аймақтардың көбеюі.
c) Ой-өрісті тудыратын сұраққа жауап өзіндік сипатта және жазбаша түрде орындалуды қажет етеді: 1. Қоғам өмірінде күдік пен торығушылық және жасқану сезімі атмосферасының қалыптасуы, оның ғылыми көзқарас пен өнердегі салдары, неліктен?.
2. Тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру саясаты, «Зар заман» өкілдерінің шығармаларына тиым салынуы, неліктен?