1.3 Өзіндік дайындалуға арналған тапсырмалар: a) Бастапқы (базистік) білім бойынша: 1. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын трансформациялануы, әлеуметтік реформаларды іске асырудың бастамасы 1997 жыл есептеледі, неліктен?
2. Ғылым мен ғылыми-техникалық үдерісті дамытуға жаңа көзқарас қалыптастыру міндеті қойылды, неліктен?
b) Тақырып бойынша: 1. Тақырыптың тармақтарында қолданылатын барлық терминдер мен ұғымдардың түсінігін және ғылыми анықтамаларын хаттау (конспектілеу).
2. Тәуелсіз Қазақстан дамуының әлеуметтік стратегиясын айқындаудағы Мемлекеттік құжаттар мен Заңдар.
3. Әлеуметтік саланы модернизациялау бағыттары.
4. Денсаулық сақтау ісін жетілдіру шаралары.
5. Білім саласын дамытудағы мақсаттары мен міндеттері.
6. Интеллентуалды ұлт бағдарламасы, оның маңызы.
7. Білікті мамандар даярлау мәселесі аясындағы Серпін бағдарламасы.
8. Еңбек қоғамын құру бағдарламасының негізі.
c. Ой-өрісті тудыратын сұраққа жауап өзіндік сипатта және жазбаша түрде орындалуды қажет етеді: 1. Қазақстан - 2030 стратегиясының басты мақсаты - гүлденген елдер қатарына өтуді жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатқа жетудегі жолдарының сипатын ашыңдар.
2. Экономикалық реформа - бір жүйеден өзге үлгі жүйесіне өту дегенді білдіреді. Реформалаудағы меншіктің орны мен елімізде орын алған нарық шаруашылығы туралы құбылыстың сипатын ашыңдар.