Мақсаты: Мектеп оқушыларының бойында экологиялық білім, әдеп, сана мен мәдениетті қалыптастыру Міндеттері



бет1/11
Дата13.01.2022
өлшемі30,76 Kb.
#111582
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Факультатив жоспары 6 сынып


Түсінік хат
Еліміздің білім беру жүйесінде бүгінгі күннің талабына сай оқытудың жаңа мазмұндағы үрдістері дүниеге келді. Дүниежүзілік тәжірибелер негізінде білім беруді қайта құру міндеті алға қойылды.

Білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістер білім бағыттарын ізгілендіру мен оны теориялық – әдістемелік тұрғыда тереңдетуді көздейді. Сондай-ақ ұрпақтардың білімі мен біліктілігі туған елінің көкейкесті проблемалары мен саяси – әлеуметтік жағдайларын жақсарту және қолдау көрсетудегі жауапкершілігін сезіндіруі тиіс. Сонымен қатар, жас ұрпақты туған өлкесінің табиғатын қорғау мен экологиялық проблемаларын шешуге жұмылдыру қажет.

Осы орайда экология ғылымы бүгінгі таңда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі мәселелерді зерттейтін кешенді ғылымға айналды.

Осы жағдайлардың барлығы жалпы білім беретін оқу орындарында экология пәнін енгізудің қажеттігін дәлелдейді.

Республикамыздабілімберудіоңтайландырупроцестеріқолғаалынуда. Осығанорайоқушыларғамектепқабырғасындаэкологиялықбілімберудіңеңұтымдыәріэкономикалықжағынантиімдіжолдарыніздеуміндетітұр.

Ол үшін пәнаралық және пәндерді экологияландыру арқылы факультатив сабақ ретінде білім берген дұрыс.

Жалпы білім беретін оқу жүйелеріндегі қалыптасқан жағдайларды ескере отырып «Адам және табиғат» таңдаулы курс жұмысының бағдарламасы ұсынылады.

Мақсаты:Мектеп оқушыларының бойында экологиялық білім, әдеп, сана

мен мәдениетті қалыптастыру



Міндеттері:

Табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауда жеке адамның жауапкершілігін күшейту;

Қоршаған орта мен адамзат арасындағы үйлесімділікті сәйкестендіру;

Антропогендік өзгерістер мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;

Экологиялық жағдайларға мән беру және экологиялық проблемаларды шешу жолдарын іздестіру;

Адамның іс-әрекетіне баға беру және адам денсаулығын сақтау;

Табиғат қорғаудың экологиялық негіздерін білу;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет