1.3 Өзіндік дайындалуға арналған тапсырмалар:
a) Бастапқы (базистік) білім бойынша:
1. «ХХ ғасырдың басы» ұғымы тарихи сахнада «түбегейлі бетбұрыс» уақыты деген түсінігін береді, неліктен?
2. «Азаттық қозғалыс» ХХ ғасырдың басында саяси күрес жолына түсті және бірнеше бағытта шоғырланды түсінігі көздейді?
b) Тақырып бойынша:
1. Тақырыптың тармақтарында қолданылатын терминдер мен ұғымдардың түсінігін және ғылыми анықтамаларын хаттау (конспектілеу).
2. Ресей үкіметі қолданған «казачество экспансиясы», «протекторат», «подданство» институттарын жүзеге асыру саясатындағы теллурократия механизмінің мәні.
3. Ұлт-азаттық көтерілістердің ұстанған мақсаттары, кезеңдері мен сипаты, тарихи маңызы.
4. Қазақ ағартушылары (А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин) мен Зар заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық идеяның жырлану көріністерінің мәні мен мазмұны.
5. Қазақстанның Ресейдің құрамына «Өз еркімен қосылу және оның өркениеттік маңызы» дейтін тұжырымдаманың тарихнамасы.
6. XІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Халық педагогикасы, негізгі қағидалары.
7. Столыпиндік модернизация және жер мәселесінің шиеленісуі.
8. ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарының ерекшеліктері.
9. ХХ ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыстың маңызды саяси күші ретінде «жәдидтік» ағымның өріс алуының мәні.
10. Мемлекеттік Думаның құрылуы туралы 1905 жылғы 17 қазандағы Манифесттің сипаты.
11. Алаш қозғалысы - демократиялық мәндегі ұлттық тең құқықтылықты талап еткен саяси күрестің жарқын көрінісі. «Қазақ» газеті және «Айқап» журналының рөлі.
12. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы.
13. Уақытша Үкімет (1917 жылғы Ақпан және Қазан) кезіндегі Қазақстан.
14. Большевиктер, кадеттер, эссерлер, «Алаш» партиясы, «Үш жүз», «Шуро-и Исламия», «Шуро-и Улемия» - арақатынастары, бағыттары, мәндері, жалпы сипаты.
15. Ақпан революциясының сипаты, мақсаты.
16. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |