1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет41/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

11.4 Туризмдегі әуе көлігі
Әдетте, бірінші ұшақты ағайынды Уилбур және Орвил Райт ойлап 
тапқан және 1903 жылы ауаға көтерілген деген пікір болады. А.Ф. 
Можайский ауадан ауыр әуе кемесінің жобасын жасап шығарды және 1881 
жылы патент алды. Прототипі үшін ақшаны қиын жағдайда жинап, А.Ф. 
Можайский Англияда тапсырыс берілген екі шағын бу қозғалтқышы бар 
ұшақты құрды (сол уақытта бензин қозғалтқыштары төмен қуатқа ие болды). 
Бірінші сынақ кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан көтеріліп және бірнеше 
ондаған метрге дейін ұшып, жерге қанатын соқты. Әуе кемесін қалпына 
келтіру және прототипті аяқтау үшін өнертапқышқа ақша бөлінген жоқ. Тек 
он жыл өткен соң одан құрылымы жағынан қарабайыр американдық 
аэроплан 37 метрді 12 секунд ішінде ұшты. 
Әуе компания қызметтерін пайдалану - ұзақ қашықтыққа саяхат жасау 
үшін оңтайлы шешім. Алайда, осымен қоса бірқатар кемшіліктері бар
мысалы әуе көлігінің жайлылық деңгейінің төмендігі мен билеттің жоғары 
құны. Қазіргі уақытта жетекші әуе компаниялары жайлылық пен қызмет өте 
қолайлы деңгейін ұсынады. Оның қарқынды дамуы, авиациялық қызметтерді 
жылжыту, электрондық билеттерді брондаудың жаңа жүйесі және 
электронды билет сату, жайлылық қызметті жетілдірудің басқа көлік 
түрлерімен бәсекелесе отырып, көліктік қызмет нарығында үлесін көбейтуде. 
Қазіргі заманғы авиалайнерлерінің түрлі параметрлерге сәйкес бөлуге 
болады:
- ұшу қашықтығына байланысты:
а) ұзақ магистральды (А-380, А-340, т.б. A-350, Б-787,); 
б) орта магистральды (B-737, А-320, Ту-154, Ил-86, Як-42, т.б.); 
с) жақын магистральды (Ту-134, Ru-24,). 
- ұшу жылдамдығына байланысты:
а) дыбыс жылдамдығынан төмен; 
б) дыбыс жылдамдығынан асқан ұшақтар. 
- Қозғалтқыштың түріне қарай, жолаушы ұшағын айыруға болады:
а) поршенді қозғалтқышы бар; 
б) турбовинттік қозғалтқыштары бар; 
с) реактивті қозғалтқыштар мен т.б. 
Әуе компания ұсынатын қызметтер жиынтығы санатқа байланысты. 
Барлық әуе компанияларда әдетте қызмет көрсетудің 3 санаты бар: 
Бірінші класс (әріпі класстың кодын көрсетеді):
-
R – дыбыс жылдамдығынан асқан ұшақ, бірінші класс ( Supersonic ); 
-
P - бірінші премиум класс (FirstClasspremium); 
-
F - бірінші класс (FirstClass); 
-
A - бірінші класс, жеңілдікпен (First Class дисконт). 
Бизнес-класс (BusinessClass): 
-
J - бизнес-класс премиум; 
-
C - бизнес-класс;
-
D, Z - жеңілдікпен бизнес-класс (жеңілдіктің көлеміне байланысты)
Экономика класс (EconomyClass): 


-
W - премиум эконом-класс;
-
S, Y - эконом-класс;
-
B, H, K, L, M, N, Q, Т, V, X – жеңілдігі бар экономикалық класс 
(билеттің брондау уақыт лимиті, кету және қайтару күні, сондай-ақ жасына 
түрлі шектеулер байланысты т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет