1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Туризм саласындағы негізгі тамақ кәсіпорындарының



Pdf көрінісі
бет36/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

10.2 Туризм саласындағы негізгі тамақ кәсіпорындарының 
сипаттамасы 
Бүгін тамақтануды ұйымдастыру саласында көптеген стандарттар бар
оларды сақтау ұйымның сапасы мен бәсекелестік қабілетін анықтайды. 
Соның нәтижесінде, қазіргі уақытта тамақтану ұйымдары келесі негізгі 
критерийлер бойынша классификацияланады: 
1)
Байланысына қатысты ұйымдар мына топтарға бөлінеді: 
- тамақтану пунктерінің жүйесіне кіретін ұйымдар; 
- өзіндік шаруашылық әрекеті бар ұйымдар. 
2) Ассортиментке байланысты: 
- кешенді; - әмбебап; - арнайы. 
3) Қызмет көрсету контингентіне байланысты: 
- тұрақты контингентпен жұмыс жасайтын ұйымдар; 
- ауыспалы контингентпен жұмыс жасайтын ұйымдар. 
4) Қызмет көрсету әдісіне байланысты: 
- даяшылар тарапынан қызмет көрсететін ұйымдар; 
- өзін-өзі қызмет көрсету ұйымдары; 
- аралас қызмет көрсету ұйымдары. 
Одан бөлек, тамақтану ұйымдары технологиялық цикл толықтығы
тамақтану түрі, орналасу орны, орналастыру орны, жұмыс уақыты және 
басқа критерийлер бойынша классификацияланады. 
Тамақтану саласы дамыған заманауи шарттарда осы саладағы 
шаруашылық қызметті қызмет көрсетуді ұйымдастыру технологиялары әр 
түрлі көптеген ұйымдар іске асырады. Осылайша, Д.И. Елканова және басқа 
да ғалымдар тамақтану ұйымдарының төмендегідей типологиясын ұсынады:

- гастрономиялық мейрамхана - құрамы күрделі әр түрлі тағамдар 
ұсынылатын мейрамхана. Клиенттер есеп жабылғаннан соң төлемді іске 
асырады. Барлық клиенттерге үстелдеріне байланысты қызмет көрсетіледі. 
Ас мәзіріндегі тағамдар жыл мезгіліне және ас үйдегі ингридиенттерге 
байланысты өзгереді. Алкогольді сусындар, әсіресе шараптардың кең 
ассортименті ұсынылады; 

күнделікті мейрамхана (casual). Кейде бұл мейрамахананы 
демократиялық 
деп 
те 
атайды. 
Гастрономиялық 
мейрамханамен 
салыстырғанда мейрамхана тағам бағасымен және ас мәзірімен ерекшеленеді. 
Тағамдар алдын ала және жартылай фабрикаттармен даярлануы мүмкін; 
- кафе –
мейрамханадан гөрі шектелген өнім ассортиментін беретін 
тұтынушылардың тамақтануын ұйымдастыратын, демалысын қарастыратын 
ұйым. Фирмалық, тапсырыспен тағамдар жасайды, шырындар ұсынады. 
Кафелер: іске асырылатын өнім ассортиментіне байланысты (жалпы типті, 
кафе-балмұздақ, 
кафе-кондитерлік, 
кафе-сүт 
өнімдері); 
тұтынушы 
контингентіне байланысты (жастар, балалар, отбасылық) өзгереді; 


- бар (паб немесе таверна) – мейрамхананың ерекше түрі. Клиент есебін 
барда тікелей төлейді. Қызметкердің негізгі рөлі – залдағы үстел тазалығын 
сақтау. Осындай орындарда әр түрлі спорт жарыстары, музыкалық клиптер 
трансляцияланады. Әдетте ас үйі кішігірім, сондықтан тамақ даярлау тез әрі 
жылдам; 
- жылдам қызмет көрсету (quick service) – басқа ұйымдардан даяшылар 
жоқтығымен және өзін-өзі қызмет көрсетумен айналысады. Тағамдарды тез 
даярлануы тоңазытылған жартылай фабрикаттар есебінен және алдын ала 
дайындаудан іске асырылады. Тамақтанудың бұл түрі пиццерияларда 
дамыған; 
- fast food. Желілік ұйым болып табылады. Қатаң стандарттары бар 
жедел тамақтану орны. Тағамдар ассортименті өте тар. Астана қаласында 
осындай тамақтану орындарына McDonald’s, KFC, BigMac және т.б. жатады. 
- street food және жедел тамақтану орындары. Клиент тапсырыс 
соммасын сол жерде төлейді. Минималды ассортимент, тез, арзан, бірақ 
әрдайым дәмді емес. 
- дәмхана – ең әйгілі әрі тиімді тамақтану орны. Тауарлардың болуына 
байланысты ас мәзірі мен құрамы күнделікті өзгереді. Тамақтанудың бұл 
түріне фамилиялық немесе отбасылық мейрамханаларды жатқызуға болады. 
- кейтеринг – банкеттерді өткізу (немесе сырттай қызмет көрсету). 
Тағамдар килограммен есептеледі. Ережеге сай, төлем алдын ала жасалады, 
сондықтан ақша мәселесінде қиындық жоқ, іске аспайтын өнім жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет