1. Тақырыпқа қойылатын талаптар


Тақырыпты ықшамдау барысында тақырыпты тым шағын етіп таңдамау қажет. Егер тақырып өте шағын болып кетсе, ол жөнінде материалдар табу қиын болып кетеді



бет3/3
Дата28.09.2022
өлшемі20,27 Kb.
#151001
1   2   3
Байланысты:
1. Òà?ûðûï?à ?îéûëàòûí òàëàïòàð

Тақырыпты ықшамдау барысында тақырыпты тым шағын етіп таңдамау қажет. Егер тақырып өте шағын болып кетсе, ол жөнінде материалдар табу қиын болып кетеді.


Тақырып таңдау барысында кейбір студенттер қателіктерге де жиі ұшырасады. Студенттердің тақырып таңдау барысында жиі кездесетін кателіктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Тақырыптың тым кең болуы;

  • Тақырыптың өте шағын болуы;

  • Тақырыптың қызықсыз болуы;

  • Тақырыпта қысқарған сөздердің қолданылуы;

  • Тақырып таңдаутуралы кеңес сұрамауы;

  • Уақытты тиімді қолданбауы.

Аталған кемшіліктерді болдырмай, тақырыпты сәтті таңдау үшін мынадай амалдарды қолдануға болады:
Ой шақырту амалдарын қолдану;
Өзі оқи алатын және түсіне алатын әдебиеттерге байланысты тақырып таңдау;
Тақырып жөнінде материалдар табуға және жаза алатынына сенімді болу;
Кілтті сөздердің тізімін жасап алу;
Бейімді болу;
Зерттеу тақырыбының сұрағын айқындап алу;
Өз тақырыбына байланысты коп оқу;
Негізгі тұжырымдарды анықтап алу.
Зерттеу жұмысының сәтті шығуы және одан жоғары баға алу тікелей тақырыпқа байланысты екені анық, сол үшін кез келген студент өз тақырыбын дұрыс таңдауға бар күш-жігерін жұмсайды. Студент үшін тақырып туралы қалай ойлануға болады және ол туралы идеяны қайдан табуға болады деген сауал туындауы заңдылық. Сондықтан, тақырыпты іздестіру барысында мынадай бағытта жұмыс жасау оң әсерін тигізуі мүмкін:
Материал таңдау: Пәнге байланысты дәрістер мен оқулықтарды қайта оқып шығу арқылы тың идея туындауы мүмкін;
Ой шақырту: Жалпылама бір тақырыпты алып карта жасау және оның ішінен өзі жаза алатын тақырып таңдап алуға болады;
Жаңалықтар: Хабар, Қазақстан арнасы, Экономика т.б. газет, журналдар арқылы өзі қызықтыратын жаңа тақырыптар табуға болады;
Ғаламтор: Ғаламтордан кез келген тақырып бойынша кеңінен материалдар табуга болады, тек оларды орынды қолдана білудің жолдарын білу қажет.
Тақырыпты таңдап болған соң оның қаншалықты дұрыс құрылғандығын немесе дұрыс таңдалғандығын мына сұрақтарға жауап беру арқылы айқыңдауға болады:

  • Неліктен бұл тақырыпты таңдадыңыз? Бұл тақырып сізді не үшін қызықтырды? Бұл тақырып туралы пікіріңіз қандай?

  • Бұл туралы кім жазған? Кімдер мақала немесе зерттеу жұмысын жариялаған? Бұл тақырыпқа байланысты ұйымдар мен кәсіпорындарды білесіз бе?

  • Тақырыптың негізгі сұрағы қандай? Тақырып туралы талқыланатын мәселе бар ма? Бұл туралы қарастыратын пікірлер мен ойлар бар ма?

  • Тақырып қайда қажет болуы мүмкін және қай деңгейде (жергілікті, ұлттық немесе халықаралық)? Тақырыптың пайда келтіретін арнайы орны немесе салсы бар ма?

  • Тақырып қашан маңызды болды немесе болады? Бұл қазіргі уақытта орын алып отырған жайт па немесе тарихи оқиға ма? Сіз өз тақырыбыңызды қазіргі кезде маңызды деп санайсыз ба?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет