1-тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. Маркетингтегі тауар деген не? Тауардың қандай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады? 2


Тауардың Өмірлік Циклы кезеңдерінің сипаттамасы



бет9/22
Дата07.02.2022
өлшемі45,45 Kb.
#92560
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
маркетинг 6

Тауардың Өмірлік Циклы кезеңдерінің сипаттамасы

Параметрлері

Енгізу

Өсу

Кемелдену

Құлдырау

Сұраныс

Төменгі деңгейде

Жоғары қарқынмен өседі

Тұрақтанады, төмендей бастайды

Бірден құлдырайды

Бәсеке

Мүлдем жоқ, фирма- монополист

Бәсекелестер пайда бола бастайды. Бәсеке төмен

«Бағалар күресі» формасы

Бәсекелестік күрестен шығу жолдарын іздеу

Маркетинг стратегиясы

Дифференциациялық

Дифференциациялық немесе төмен шығындар стратегиясы

Төмен шығындар

Дифференциациялық немесе диверсификациялық

Баға саясаты

Жаңа тауардың нарыққа енуі үшін «қаймағын қалқып алу» стратегиясын қолдану

«Қаймағын қалқып алу», нарықтағы лидерлер бағасы, икемді бағалар, бағалар дифференциациясы

Бағаларды ажырату, икемді баға, психологиялық жеңілдіктердің икемді жүйесі

«Зиянды лидер» саясаты, төмендеуші түсірілген бағалар

Пайда

Пайда жоқ немесе аз мөлшерде

Пайда өседі

Пайда тұрақтанады немесе төмендей бастайды

Пайда төмендейді

Тауар өткізу көлемі

Нашар өсу байқалады

Жылдам өсу

Тұрақтанады

Қысқарады

Тауар өткізу арналары

Бар арналарды жаңғартып, жетілдіру және жаңа арналарды құру

Өткізудің тиімді арналарын қолдану

Барлық мүмкін болатын арналарды қолданып, өткізуді интенсификациялау

Өткізу арналарының кейбір бөліктері

Жарнама

Ақпараттандырушы жарнама

Шабуыл жасаушы, сендіруші

Интенсивті, қолдаушы

Еске салушы жарнама

1-кесте.
Тауардың нарыққа шығуы немесе оның нарыққа ену кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты- тауарды өткізетін нарықты қалыптастыру. Енгізу кезеңінде технология жаңа дами бастайды, нарық әлі анықтала қоймаған, өндіріс қуаттылығы толығымен іске қосылмаған, ал тауар аз партиялармен шығарылғандықтан, фирма шығындары өте жоғары болады.
Бұл кезеңде, сату көлемінің аздығынан және тауарды таратуды ұйымдастыруға және оны өткізуді ынталандыруға көп қаражат керектігі нәтижесінде фирма не шығын үстінде, не табыс өте аз. Осы кезде ынталандыру шығындары өзінің ең жоғарғы деңгейіне көтеріледі. Жаңалықты итермелеу әрекеттерін шоғырландыру қажеттілігіне байланысты мыналарды іске асыру керек: 1) потенциальды тұтынушыларға оларға белгісіз жаңа тауар туралы ақпарат беру, 2) оларды тауарды байқауға қызықтыру, 3) бұл тауарға бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы таратылуды қамтамасыз ету.
Бұл кезеңде өндірушілер аз және олар тауардың тек негізгі варианттарын шығаруда, өйткені нарық олардың модификацияларын қабылдауға әлі дайын емес. Фирма өзінің өткізу әрекеттерін сатып алуға дайындығы мол тұтынушыларға, демек, табыс деңгейі жоғары топтардың өкілдеріне шоғырландырады. Бұл кезеңде баға әдетте жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет