Алдын ала таңдалынатын тауарлар – тұтынушы тауарды және сатып алу процесінде дағдылы түрде жарамдылық, баға, сапа және сырттай әшекейленуі көрсеткіштеріне байланысты өзара салыстырады. Мұндай тауарлар мысалдарына жиһаздар, киімдер, ұсталынған автокөліктер және негізгі тұрмыстық электр тауарлары жатады.
Пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін не білсе де, әдетте, оны сатып алуды ойланбайтын тауарлар. Түтін индикаторы және тамақ өнімдерін өңдеуге керекті ас үй машинелері сияқты жаңалықтар, тұтынушыларды олар туралы жарнама арқылы хабардар еткенше, пассивті сұранымдағы тауарлар разрядтарына жатады. Жұрттың бәріне әйгілі және сұранымы онша емес тауарлардың классикалық мысалына өмірді қамсыздандыру, энциклопедиялар жатады. Мұндай тауарлар өзінің табиғатына байланысты, оларды өткізу үшін жарнама және жеке сату әдістері сияқты, әжептәуір маркетингілік әрекеттерді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |