Сұрақ 3:Термометр
Термометрлердің түрлеріне байланысты төмендегі берілген пікірлер дұрыс па?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдаулардың әр қатарынан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па? Иә / Жоқ
Сынап және спирт термометрлерінің көрсетуі тек бір тірек нүктеге ғана сәйкес келеді
Иә/ Жоқ
Сынапты термометрмен мұқият болу керек, себебі сынап буы – улы Иә /Жоқ
Арктиканы зерттеушілер спиртті термометрлерді таңдап алады Иә / Жоқ
Сұрақ 4:Термометр
Неліктен температураны арттырғанда газ бен сұйықтың көлемі ұлғаяды?
A. Молекулалар саны артады
B. Олардың молекулалары көбейеді
C. Олардың молекулалары сирек соқтығысады
D. Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
6-ТАПСЫРМА : ИІС ШЫҒАРҒЫШ ҚОҢЫЗДАР
Көптеген қоңыздар, жəндіктер, кейбір жапырақ жегіштер өзін қорғау үшін
өткір иістер шығарады. Қанқыз қоңызы сарғыш түсті улы сұйықтықты да
бөледі. Бұл иістер ауада өте тез таралады.
Жəндіктер арасында өзара хабарласудың кең тараған тəсілі- химиялық
қосындылардан тұратын иістер шығару арқылы хабарласу. Жапырақ жегілер жаудан бой тасалау үшін улы гемолинфа бөледі.
Жапырақ жегі қоңызы
Сұрақ 5: ИІС ШЫҒАРҒЫШ ҚОҢЫЗДАР
Қоңыздар мен жәндіктердің шығаратын иістерінің ауада таралу құбылыс түсіндіріп, мысал келтіріңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 6: ИІС ШЫҒАРҒЫШ ҚОҢЫЗДАР
Иістің өте тез таралуын «атомдар» және «молекулалар» сөздерін қолданып түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ 7: ИІС ШЫҒАРҒЫШ ҚОҢЫЗДАР
Жапырақ жегілер тұқымдас өкілдерінің арасында ауылшаруашылық өсімдіктеріне зардап тигізетіндері де аз емес. Олардың ішіндегі ең танымалы - Колорад қоңызы (Leptinotarsa decemlineata). Колорад қоңызының аналығы бір жазда 700 жұмыртқа басады.Оның екінші лектегі ұрпағы бір тонна ботташық сабағын жоюға қабілетті деп саналады. Оның әлемге жайылуына Солтүстік Америкадан ағылып жататын ботташықтар себеп болған. Ересек колорад қоңыздары мен дернәсілдері ботташық сабақтарының жапырақтарын құнығып жейтіні соншалық, зақымданған өсімдік түйнек салмайды, ақыры аяғында бұл өнімнің толықтай шығынға ұшырауына әкеліп соғады. Жапырақ жегілердің қаптап кетуінің алдын алу үшін қандай мәселенің шешімін табу керек.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7-ТАПСЫРМА : ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР
Түйенің екі аптадай су ішпеуі мүмкін екендігі белгілі. Бұл оның суды үнемді пайдалатындығымен түсіндіріледі. Түйе 40º-тық ыстықта да терлемейді. Қырқылған түйенің терлеуі 50%-ке дейін ұлғаяды. Түйе ешқашан, тіпті аптап ыстықта да аузын ашпайды. Оның демалу жиілігі өте төмен –минутына 8 рет. Түйе өз өркештерінен керегіне қарай су ала алады (100 г майдан 107 г су).
Сұрақ 8: ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР
Булану процесі кезінде денеде қандай өзгеріс болады?
A Дене қызады
B Дене салқындайды
C Дененің көлемі артады
D Дененің ішкі энергиясы артады
Сұрақ 9: ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР
Түйенің ыстыққа төзімділігінің себебі неде?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Оның денесі қалың және тығыз жүнмен жабылған. Жүн оны қызудан құтқарады, ылғалдың шығуына бөгет жасайды
Иә/ Жоқ
Түйе өз өркешінен керегіне қарай су ала алады
Иә /Жоқ
Түйенің салмағы көп болғандықтан ыстыққа төзімді келеді
Иә / Жоқ
Сұрақ 10: ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР
Түйе өз өркешінен жарты центнерге дейін су ала алады. 100г майдан 107 г су алса, түйенің бір өркешінің салмағы неше килограммға тең?
A ͌ 25 кг
B ͌ 24 кг
C ͌ 23 кг
D ͌ 22 кг
Сұрақ 11: ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР
Булану процесінің нәтижесі нені береді?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Булану процесі температураның азаюына әкеледі
Иә/ Жоқ
Ыдыстың бетінің ауданы үлкен болса, булану процесі қарқынды жүреді
Иә /Жоқ
Булану құбылысы ағзаны реттеуде маңызды емес
Иә / Жоқ
8-ТАПСЫРМА: СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ
Бұғы – аша тұяқты жануар. Ол солтүстікте, таулы жерлерде өмір сүреді. Солтүстік бұғысы суыққа төзімді, қарға көп батпай жүре береді. Сондықтан оны шанаға шегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғылар мүк, қына сияқты шөптермен, суда өсетін өсімдіктермен, ағаштың қабығымен және бүрлерімен қоректенеді.
Мүйіз өскен сайын сезімтал «бархат» деп аталатын терімен қапталады. Оның үстінен мүйізді қоректендіретін және сүйегін қатайтатын қан тамырлары өседі. Мүйіз толығымен өскенде қан айналымы тоқталып, оның бастамасында сақиналар пайда болады. Содан кейін бұғының мүйізі құрғай бастайды да, соңында түсіп қалады. Көбінесе, бұғы мүйізімен ағашқа сүйкеледі. Бұғының мүйізі өте пайдалы. Одан әртүрлі дәрі- дәрмектер жасайды. Әсіресе, жүрек, бауыр, қантамыр, қаназдық ауруларына қолданады
- Пантокрин дәрісі қанқұрамын жақсартып, қаназдықты емдеуге жақсы. Үнемі қолданса қаназдықты жойып адам өмірін ұзартады.
- Бұғының етін тамақ ретінде пайдалануға болады.
Сұрақ 12: СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ
Бұғының суыққа төзімділігінің сыры неде?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Әрбір жүн қылшықтарының арасы ауаға толы, сондықтан ол суыққа төзімді
Иә/ Жоқ
Бұғының терісі жылуды нашар сақтайды
Иә / Жоқ
Сұрақ 13: СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ
Бұғының адамға қандай пайдасы бар?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Бұғының мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, үнемі қолданса қаназдықты жойып адам өмірін ұзартады
Иә/ Жоқ
Бұғының етін тамақ ретінде пайдалануға болмайды
Иә / Жоқ
Сұрақ 14: СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ
Пантокрин дәрісін алуды көбейту үшін, бұғы өсіру шаруашылығын дамытудың қандай жолдарын ұсынар едің?
Достарыңызбен бөлісу: |