1-тапсырма: Контент талдау Тақырыбы: Мұғалімнің акмеологиялық әлеуетін дамыту Орындаған


-тапсырма: Докторлық, кандидаттық диссертациялардан қарастыру, талдау жүргізу



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі29,78 Kb.
#88261
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-топ Мұғалімнің акмеологиялық әлеуеті

2-тапсырма: Докторлық, кандидаттық диссертациялардан қарастыру, талдау жүргізу
Тақырыбы: Мұғалімнің акмеологиялық әлеуетін дамыту
Орындағандар: Турганбайұлы Ақжолтай, Айнура Серікбайқызы





Орындаған

Қарастырылған талдаулар

Әдебиеттер

Сілтемелер


Турганбайұлы Ақжолтай

Панина Наталия Николаевнаның «Акмелогия развития полипрофессиональной компенентости» тақырыптағы докторлық диссертациясында акмеология тұжырымдамасын теориялық және әдістемелік тұрғыдан дамыту және эмпирикалық тестілеу – жоғары оқу орындарындағы әртүрлі мәртебесі бар пәндердегі полипрофессионалды құзыреттілікті дамытуға ықпал ететіндігін меңзейді. (6-бет)
Жұмыстың нгізгі зерттеу нысаны - полипрофессионалды дамудың акмеологиясы
жоғары оқу орындарындағы әртүрлі мәртебелі пәндер арасындағы құзыреттілік.(6-бет)
Авторлық жүйенің акмеологиялық алгоритмін жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының полипрофессионалды құзыреттілігін дамытудың акмеологиялық тұжырымдамасы өнімді болып табылады.(7-бет)
Бұл жұмыстың теориялық өзектілігі полипрофессионалды құзыреттіліктің акмеологиялық заңдылықтарын зерттеуде жатыр. Осы құзыреттілікті қарастыруға арналған акмеологиялық контекст
оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқаратын, жоғары білім беру пәнінің полипрофессионалды дамуының детерминанттарын, механизмдерін, кезеңдерін, әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.



Панина Наталия Николаевна АКМЕОЛОГИЯ РАЗВИТИЯ ПОЛИПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ 19.00.13 - психология развития, акмеология (психологические науки) Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора психологических наук

file:///C:/Users/User/Downloads/autoref-akmeologiya-razvitiya-poliprofessionalnoi-kompetentnosti.pdf

2

Айнура Серікбайқызы

Зерттелген оқулықта (Оспанова Б.А., Бейсембаева К.Д. Акмеология) «Акмеология» ұғымының мазмұны ашылады, аталған ұғымның тарихы баяндалады, инновация жағдайындағы жоғары кəсіби білім берудің сапасын арттыру негіздері ретінде, білімнің теориялық-əдіснамалық, технологиялық жəне акмеологиялық аспектілері қарастырылады және қазіргі психологиялық-акмеологиялық білімнің əлеуетін жəне оларды жоғары оқу орнында оқыту үдерісінің шынайы тəжірибесінде қолданудың мүмкіндіктерін қамтиды, сонымен бірге акмеологиялық білімді кəсіби жəне тұлғалық мəселелерді шешудің құралы ретінде қолдануға ықпал етеді. Төменде аталған ғылыми еңбектегі негізгі тоқталған мәселелерге қысқаша көз жүгіртуге болады.
Педагогикалық акмеология – бұл педагогтің еңбегіндегі кəсібилікке жəне құзыреттілікке жету жолдары туралы ғылым. Педагогикалық акмеологияның орталық ұғымдарының бірі – бұл педагогтің кəсібилік ұғымы. Аталған ұғым педагогтің кəсіби іс-əрекеттің түрлерін меңгеруін, оқыту мен тəрбиелеу бойынша кəсіби педагогикалық міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін, кəсіби маңызды, психологиялық сапалардың үйлесімінің болуын қамтитын, педагогтің біріктіруші сипаттамасы ретінде түсіндіріледі.
Педагогикалық акмеологияда жалпы-педагогикалық ұғымдар педагогтің кəсібилік призмасы арқылы қарастырылады. Акмеологиялық зерттеулерде азаматтық құндылықтар ұғымына қатысты төрт негізгі анықтама айқындалады: «азаматтық», «азаматтық тəрбие», «азаматтық қалыптасу», «азаматтық акме».
– Азаматтық – белгілі бір мемлекеттің тұрғындарының қатыстылығы; осы мемлекеттің заңдарымен қамтамасыз етілген азаматтың барлық құқықтарын қолданудың саналы мүмкіндігі; өзекті азаматтық сапалар мен тұлғаның азаматтық қатынастарының қалыптасуының белгілі деңгейі, сонымен бірге белгілі азаматтық міндеттемелерді орындауға, мемлекетке, өз елінің азаматтарына қызмет етуге, мемлекеттің əл-ауқаты мен қоғамдық жағдайына қамқор болуға дайындықтың саналы ұғынылған дəрежесі;
– Азаматтық тəрбие – мемлекеттік жəне азаматтық қоғамның құрылымдарының акмеге жету мүмкіндігін анықтайтын, тұлғалық жəне кəсіби маңызды азаматтық сапаларды қалыптастыру мүддесінде, тұлғаға ырықсыз жəне ырықты əсер ету. Қоғамда болатын жəне жүзеге асатын азаматтық тəрбие тұжырымдамасы акмені белгілі мазмұнмен толықтырады. Педагогикалық акмеологияда азаматтық тəрбие тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің арасындағы қатынас стилі бойынша авторитарлы, демократиялық, либеральды, еркін тəрбие деп бөлінеді; белгілі бір философиялық тұжырымдамаға байланысты прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, индивидуалистік жəне басқа тəрбие деп ажыратылады. Қоғамда басым рөл атқаратын тəрбиенің тұжырымдамалы үлгісі, белгілі дəрежеде тұлғаның азаматтық ұстанымын қалыптастыру мен көрінуінің ерекшеліктерін ашады, сонымен бірге оның қоғамдық өмір мен кəсіби іс-əрекеттегі көріну ерекшеліктерін қамтиды. Егер адамның «акмесі» көптеген қоғамдық қатынастар жүйесінен, қоғамдық байланыстардан (мен – менің достарым, мен – менің отбасым, мен – менің еңбек ұжымым, мен – менің қаламның тұрғындары, мен – менің елімнің азаматтары жəне т.б.), онда қоғамда жүзеге асырылатын азаматтық тəрбие тұжырымдамасы «акме» ұғымын белгілі мазмұнымен толықтыратын болады. Сонымен қатар, азаматтықта қасиет ретінде қалыптасатын тұлғаның психикалық құрылымдары жəне азаматтықты қалыптастырудың психологикалық-педагогикалық шарттары мүлдем зерттелмеген.
– Азаматтық қалыптасу – тұлғаның даму үдерісінде қол жеткізген деңгейі жəне оның азаматтық сапаларының, мемлекетке, азаматтық қоғамға, азаматтық құқықтар мен міндеттерге қатынастар жүйесін қалыптастырудың жалғасатын үдерісі.
– Азаматтықтың «акмесі» – ырықсыз жəне мақсатты бағытталған даму нəтижесінде қалыптасатын тұлғаның азаматтық жетілуінің қол жеткізген шыңы. Бұл жетістікті əлеуметтік жəне кəсіби өзінөзі маңызды етуге ықпал ететін тұлғаның сапаларының өзекті жиынтығы, қатынастар бағдарламасы мен жүйесі (мемлекетке, азаматтық қоғамға, азаматтық құқықтар мен міндеттерге, өзіне азамат ретінде) құрайды. Азаматтыққа бағдарланудың өзектілігі, қоғамда болып жатқан экономикалық жəне саяси қайта құруларға байланысты негізделеді.
Акмеологиялық талдау – кəсібилікті зерттеудегі акмеологиялық жағдайлар мен факторларды анықтау үдерісі. Ол маңызды категория болып келеді. Акмеологиялық талдаудың пəні ретінде, қоғам мен тұлғаның алдында барынша жауапты іс-əрекетті жүзеге асыру жағдайында барлық психикалық механизмдердің болуының жоғары түрлерінің қалыптасуын жəне жоғалуын зерттеу алынады.
Акмеологиялық талдау мен зерттеулер ғылыми негізделген принциптерге сүйенген жағдайда нəтижелі болады. Акмеологияда негіз құраушы ретінде əдіснамалық принциптер алынады:
– жүйелілік, күрделі əртүрлі деңгейдегі жүйелерді қарастырады;
– адамды индивид, тұлға, іс-əрекет субъектісі, даралық пен универсум ретінде даму үдерісінде зерттеу;
– акмеология тұрғысында екі тең объектіні – адамды жəне ісəрекетті бір мезгілде зерттеу;
– жекеде жалпыны, жалпыда жекені зерттеу;
– даму жəне психологиялық детерминизм;
– белсенділік;
– инварианттылық.
Акмеология – тиімді іс-əрекетте аса жоғары нəтижелерге жетуде адамның дамуын кешенді зерттеумен шұғылданатын ғылым. Ол дамудың негізгі принциптерінің бірін – өркендеу шыңын, яғни болашаққа ұмтылуды қарастырады, бұл өз кезегінде тұлғаның мақсатты болжауды құруына жəне позитивті əлеуметтік идеалды қалыптастыруға ықпал етеді. Мамандардың өздерінің кəсіби білімдері мен біліктерін үнемі жаңартудағы, кəсібиліктің шыңына жетудегі бағыттылығында қабілеттері мен қажеттіліктерін қалыптастыру – өзекті заманауи мəселе болып саналады. Аталған мəселені мақсатты бағытталған тұрғыда, кешенді шешуге мүмкіндік беретін аса тиімді тұғырлардың бірі ретінде, акмелогиялық тұғыр алынады. Аталған тақырыпнама білім беру акмеологиясының пəніне қатысты, оның орталық міндеті ретінде, болашақ мамандардың əлеуетті мүмкіндіктерін, кəсібиліктің шыңына жетуге ұмтылыстарын өзекті ететін жəне дамытатын тəсілдер мен жолдарды іздеу алынады.
Психологиялық өзін-өзі реттеуді акмеологиялық тұрғыда түсіндіру оны бірнеше аспектілерде қарастырудан құралады:

  • ішкі жəне сыртқы белсенділікті саналы басқару;

  • тұлғалық əлеуетті дамытуға бағытталған іс-əрекет;

  • аутопсихологиялық технологиялардың дара тəжірибесін жүйелеу жəне білім жүйесін меңгеру.

Дара ресурстықты арттыру, нақты психологиялық, кəсіби маңызды сапаларды дамыту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Атап айтсақ, ақпаратты талдаумен жəне жауапты шешім қабылдаумен байланысты кəсіби іс-əрекеттің тиімділігі көп жағдайда естің алуан түрлерінің даму деңгейіне тəуелді болады:

  • тез, жылдам жаттау қабілеті;

  • кəсіби маңызды ақпаратты берік сақтау жəне дəл қайта жаңғырту;

  • ес процестерін ырықты басқару мүмкіндігі;

  • есте сақталатын ақпараттың қорғалуы.

Жеке уақыттық ресурстықолданудың тиімділігімен креативтілік, икемділік, толеранттылық, үлкен жүктемені көтеру қабілеті сияқты бірқатар тұлғалық-кəсіби сапалардың арасында тығыз байланыс болады. Тығыз байланыс тұлғалық уақыттық ресурстарды оңтайландыру мен еңбекке қабілеттілікті өзгертудің физиологиялық заңдылықтары арасында байқалады. Іс-əрекеттің тиімділігінің төмен болуы, уақыттық ресурстарды ұтымды қолданбау, тұлғаның мазасыздану, тұрақсыздану, депрессивті күй, басқаның пікіріне жоғары сезімталдық сияқты сапаларымен корреляциялайды. Арнайы акмеологиялық тренингтер құрастырылған, сонымен бірге өзінің уақыттық ресурсын ұтымды қолдану бойынша ұсыныстар жүйесі құрылған.

Оспанова Б.А., Бейсембаева К.Д. Акмеология оқулығы







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет