2-тапсырма. Табиғат апаттарының кластерін жаса. 3-тапсырма. Қолайсыз ауа райының адам өмірі мен оның мүлкіне төндіретін қаупін суреттеп жаз. Қандай септік жалғауларын пайдаланғаныңды түсіндір. Қолайсыз ауа райы:
Найзағай; - «Торнадо»;
Дауылдар; - Су тасқындары;
Бұршақ; - Қарлы боран.
І нұсқа 1-тапсырма. Өлеңді оқып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын тап. /Оқулықтың 21-бетінде./ Күз Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
2-тапсырма. Өлеңдегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып жаз. Пікір.Оқығар өлең бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды жаз.
3-тапсырма. Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің түсініктемесін «Қос жазба» күнделігінде толтыр.