Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
1-тапсырма. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз (2-3 сөйлем).
Кейіпкер портреті (Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары
|
Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау
|
Жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген,
Сұғынсаң тояр ма екенсің?
|
|
Бадана көз, тоғыз тор,
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
|
|
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық-жалын таратып,
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Сапы асынар ма екенсің?
|
|
Тең құрбымен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніне бал құйып,
Өмірде сүрер ме екенсің?
|
|
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің,
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі, жетерсің.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |