1-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында



бет1/2
Дата17.11.2023
өлшемі26,79 Kb.
#191780
  1   2
Байланысты:
әдебиеттік оқу 4-т ТЖБ[1]


«Әдебиеттік оқу » пәні бойынша 4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары
І нұсқа
Сыныбы : 3 «Ә»
Оқушының аты-жөні: ________________________________________________________
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгіл, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын -, деп жауап береді кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. Жоқ, бере алмаймын -, деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі.
Халықтың «Алтын - күміс тас екен, арпа - бидай ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен....


1.1Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді тауып, қоршап сыз.


1.2 Сұрақтарға жауап жаз
-Мәтінге ат қой. __________________________________________________________
- Мәтін бойынша «неліктен?» сөзін қатыстырып, 1 сұрақ құрастырып жаз. _______________________________________________________________________

-Бай мен кедей ағаштың басына не себепті көтерілді?


_________________________________________________________________________

-Қарны ашқан бай кедейге бір үзім нан үшін не ұсынды?


______________________________________________________________________
1.3 Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін мақал:
А) Алтынды тот баспайды
В) Кедейдің қолы қысқа
С) Бақыт - қолға қонған құс, байлық – қолға ұстаған мұз
Д) Су ырыстың көзі, еңбек кірістің көзі
2-тапсырма
Байға қандай кеңес бересің ?Хат жазып қалдыр .
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма
Анаңа арнап 5 тілек жаз
1____________________________________________________________________________________2____________________________________________________________________________________3____________________________________________________________________________________4____________________________________________________________________________________5____________________________________________________________________________________
4-тапсырма
Сауалнама дегеніміз не?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Оқиғаның дамуы барысындағы өзгерістерді анықтайды Кейіпкерлердің іс-ә рекетіне баға беред
Оқығаны бойынша кейіпкерге хат жазады

1

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған сөйлемді табады.

1

Мәтіннің тақырыбын жазады

1

Мәтін бойынша сұрақ құрастырады

2

1-сұраққа жауап
2-сұраққа жауап

2

Мәтінге байланысты мақалды белгілейді

1

2

хаттың құрылымын сақтап жазады

1

кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты көзқарасын білдіреді;

1

ойын жүйелі, еркін жеткізеді;

2







жазу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

1



Өз ойын еркін жазады

3

Тілек жазады

2

жазу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

1

Өтілген тақырып бойынша нақты дәлелдеп жауап береді.

4

Ережені толық әрі нақты жазады

1

Барлығы







16




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет