1-тапсырма: «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» тақырыбында омонимдерді қатыстыра отырып, диалог құру. 2-тапсырма



Дата07.02.2022
өлшемі11,44 Kb.
#87162
Байланысты:
11-ОЖСӨЖ 70e491bc6128f2a57ac276a6fa39b8c7
11-ОЖСӨЖ 70e491bc6128f2a57ac276a6fa39b8c7

ОЖСӨЖ 11.
Сөздің лексикалық мағыналарының түрлері (омомним, синоним, антоним) жасалу жолдары
Көпмағыналы сөздер.
1-тапсырма: «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» тақырыбында омонимдерді қатыстыра отырып, диалог құру.
2-тапсырма: Мына өсиеттерді жазып, қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыздар:
Опасыз жан, Аллатағалам опасыз бен күнәһарды сүймейді. Тәңірден безгендер тамұқ отының тамыздығы болады. Ата-анаңды сүйе біл. Ата-анаңа жақсылықты несібе ет. Өзара түсінікке тырыса біл. Шапағат жасауға ұмтыл. Біреуге жамандық жасасаң, өз қанжарың өзіңді кеп сұғады.
3-тапсырма: Мына сөздердің синонимдік қатарын түзіп, доминант сөзді анықта:
Шешен, батыр, лас, қайратты, алыс, көзге түртсе көргісіз, ана сүті аузынан кетпеген.
4-тапсырма: Бас, көз, құлақ сөздерінің полисемиялы қатарын түз.
5-тапсырма: Қазақ тілінің омонимдер, синонимдер, антонимдер сөздіктерімен жұмыс.

Әдебиет: 3, 5, 7, 24, 33, 58, 61.

СӨЖ 11.
Табу,эвфемизм, десфемизм (көркем әдеби шығармалардан мысалдар теру)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет