1-тапсырма



Дата07.02.2022
өлшемі16,66 Kb.
#82689
Байланысты:
3-ТАПСЫРМА НИШ
24.09.19. 2019 Этнопед.Sillabus-2, Жанерке, Документ (10), Документ (10), django, ВЛИЯНИЕ ВНЕШНЕГО ДОЛГА НА ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, тарих, Khusht, Курс аннотациясы, kojaweva diff geomet jatt, lie-lecture8-10, demina, Псху 1, CrystalStructureAnalysis, етб-1120-2 лекция (3)

1-тапсырма. «3.1. Педагогика мен психология саласындағы саралау туралы зерттеулер» ресурсын оқып шығып, төмендегі тұжырымды аяқтаңыз:

  • Менің түсінуімше, саралау дегеніміз – бұл білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру.

2-тапсырма. «3.3. Мазмұн, үдеріс, бағалау және оқу нәтижелері бойынша саралап оқыту» ресурсын оқып шығып, нәтиже бойынша саралаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін берілген кестеге толтырыңыз:



Артықшылықтары

Кемшіліктері

Оқушыларға ақпаратты тереңірек ұғындыру.
Сабақты оқушының қаншалықты деңгейде
түсінгендігін білу.
Барлығын жүйелі түрде

Тиімді жоспарланған жиынтық бағалау сыныптағы оқушылардың түрлі джеңгейін анықтауға мүмкіндік береді


Оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасауға мүмкіндік алады





Диагностикалық бағалауға уақыт аз бөлінеді

Оқушылар өз жұмысын сыныптағы басқөа оқушылардың жұмыстарымен салыстырмалы түрде қойғандықтан, сәтісзідіктен қашу мүмкін емес.


Кейбір нәтижелер мінез-құлыққа да әсер етеді

3-тапсырма.
АКТ пайдаланып өтетін сабаққа дайындық кезінде мұғалім сабақ жоспарын оның мақсаттарын негізге ала отырып құрауы қажет екенін ұмытпауы тиіс, оқу материалын іріктеу кезінде негізгі дидактикалық принциптерді сақтау керек: жүйелілік пен бірізділік, қолжетімділік, саралау тәсілі, ғылымилық және т. б. Компьютер мұғалімді алмастырмайды, тек қосымша қызмет атқаратыны да түсінікті.
Осындай сабаққа тән белгілер:
1. Бейімделу принципі: компьютерді баланың жеке ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.
2. Басқару: кез келген уақытта мұғалім оқыту үдерісіне түзетулер енгізуі мүмкін.
3. Интерактивтілік және оқытудың диалогтік сипаты. АКТ-ның оқушы мен мұғалімнің әрекетіне жауап беру, олармен диалогқа «түсу» қабілеті бар, бұлар компьютерлік оқыту әдістемелерінің басты ерекшелігін құрайды.
4. Жеке және топтық жұмыстың ұтымды үйлесімі.
5. Оқушының компьютермен қатынасы кезінде психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету.
6. Шектелмеген оқыту: білім мазмұны, оның интерпретациясы және оны қолдану көлемі өте үлкен.
Сұрақ: Осы қағидаттар білім беру ұйымдарында қалай жүзеге асырылып жүр? Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.
Жоғарыда айтылған қағидалар білім беру ұйымдарында 100 пайыз жүзеге асырылып жатыр деп айта аламын. Себебі, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық оқушылар онлайн жүйесінде оқып жатыр, яғни бұл жерде бейімделу принципі жайында айтуға болады. Сонымен қатар, оқушының компьютермен қатынасы кезінде психологиялық жайлылықпен қамтамасыз етуінде тілге тиек етсек болады. біз баланың тапсырма орындауына және тақырыпты түсінуіне барынша жағдай жасауымыз қажет
4- тапсырма. «3.6 STEM-білім берудің дамуы» атты үлестірме материалымен танысып төмендегі сұрақтарға өз ойыңызды жазыңыз.
STEM-білім беру дегеніміз не? STEM білім берудің артықшылықтары қандай? STEM білім беру жүйесіне енгізу неге маңызды?

1.Пәндер бойынша емес, "тақырыптар" бойынша біріктірілген оқыту


2.Ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қолдану
3.Сын тұрғысынан ойлау және проблемалардың шешу дағдыларын дамыту
4.Белсенді коммуникация және командалық жұмыс
5.Техникалық пәндерге деген қызығушылықты дамыту
6.Жоба дайындауда қолданатын креативті және инновациялық тәсілдемелер
7.Оқыту және кәсіптік өсу
8.Балаларды өмірдің технологиялық инновацияларына дайындау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет