Генетикалық негізі мен табиғи даму тұрпаты жағынан аса күрделі синтаксистік санатқа жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дəлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мəселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.
Қазақ тіл білімінде бұл мəселеге алғаш көңіл аударған А.Байтұрсынұлы «Тілқұрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты еңбегінде құрмалас сөйлемге қатысты түсінік береді.Құрмаластарды сыйыса құрмаласу жəне қиыса құрмаласу деп бөліп қарастырады. Автордың сыйыса құрмаласу деп берген сөйлемдері (Қарабай мен Сарыбай аңға
шықты) қазіргі замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай мүшелі жай сөйлем деп танылғанымен, аталған сөйлемнің оны құрмалас сөйлеммен барабар ететіндей əлдебір тілдік заңдылықтың негізінде қалыптасқандығын жоққа шығара алмаймыз (салыстырыңыз: Қарабай да аңға шықты, Сарыбай да аңға шықты). Қиысқан құрмаластарды салалас, сабақтас деп жіктеп, салаластарды мағынасына қарай жайылыңқы (Үлкен бастар, кіші қостар), қайырылыңқы (Мен бардым, сен үйде болмадың),
айырыңқылы (Не сен тұрасың, не мен тұрамын), сұйылыңқы (Сабыр түбі сары алтын: сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа) жəне қойылыңқы (Не өгіз өлер, не арба сынар, екінің бірі болар) деп бөлсе, сабақтастарды бастауыш бағыныңқылы, анықтауыш бағыныңқылы,толықтауыш бағыныңқылы, мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы, мекен пысықтауышының бағыныңқысы, сын пысықтауышының бағыныңқысы, себеп пысықтауышының бағыныңқысы, мақсат пысықтауышының бағыныңқысы, шартты бағыныңқы, ереуіл бағыныңқы деп бөледі.
Құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» деп атаған Қ.Жұбанов оны салалас жəне сабақтас деп жіктеп қарастырады .1936 жылы орта мектептің 5сыныптарына арналған «Қазақ тілінің программасында» құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен амалтəсілдері көрсетіліп, мағыналық түрлеріне тоқталған. Құрмаласты жасайтын амалтəсілдер салаласта алғашқы сөйлем баяндауышы құрамындағы еді көмекші етістігі, шартты рай тұлғасы, көсемшенің п тұлғасы, да, жəне, сосын дəнекерлері, сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ, сөйтсе де, я, əйтпесе, не уақытында өткізген студенттер демалысқа кетті), егер бастауышы
болса, мұндайларды анықтауыш бағыныңқы деп түсіндіреді (Асан кітапханадан алып оқыған қызық кітап бүгін маған тиді).М.Томановтың пікірінше,“өзара тең дəрежеде байланысқан сөйлемдер тобын салалас құрмалас дейміз” деген анықтаманың өзі дұрыс емес. Оған дəлел ретінде Іші пысып жүрген кезде жолықтым ба немесе білген кеңестерін білдіргісі келмеді ме, Жəкең үлкен əңгімелер қозғады сөйлемінің жоғарыдағы анықтама бойынша салалас құрмалас бола алмайтынын айтып, салаластардың “тұрақты принцип негізінде анықталмай жүргендігін” көрсетеді. Өзара тең байланысқан, бірақ интонация арқылы ұласқан сөйлемдерді салалас деп танитын болсақ, оған
баяндауыш құрамында сұраулық шылауы бар немесе көсемше тұлғалы (ып,іп,п) сөйлемдерді жатқызуға болмайтынын, өйткені мұндай сөйлемдердің құрамындағы алғашқы сөйлем соңғы сөйлемге бағынышты болатындығын айтады.
Сөйтіп қазақ тіл білімінде салалас, сабақтас құрмаластарды анықтауда екі түрлі ұстанымды негізге алу жөнінде пікірталас өрбіді:
1. компоненттердің мағыналық қатынасы;
2. компонент баяндауыштарының тұлғалық белгісі.
Алғашқы ұстанымды негізге алғандар (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, Қ.Жұбанов) көсемшенің -ып, -іп,-п тұлғасымен келген сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдер қатарына жатқызды. Н.Сауранбаев “іргелес сабақтас”, С.Аманжолов “үлестес сабақтас” деп атаған мұндай
сөйлемдерді Қ.Есенов “ерекше құбылыстағы сөйлемдер” деп атайды да, тұлғалық тиянақсыздықты басты ұстаным ретінде ұстап, мұндай сөйлемдердің қазіргі қазақ тілінде сабақтастардың қатарында қарастырылаты-нын айтады.
Профессор М.Балақаев қазақ тіліндегі сабақтас сөйлемдердің дені пысықтауыш ыңғайында келетінін айтып, оларды алты топқа жіктейді: шартты, қарсылықты, мезгіл, амал, себесалдар жəне мақсат бағыныңқылы сөйлемдер. Сонымен қатар қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің
жалаң шартты рай тұлғасы арқылы да жасалатынын көрсетеді. Мысалы:
Төлеубекті мұғалімдердің көбі жек көрсе, Жанат тіпті жақсы көреді. Қасқа құнанды үйдің қасынан алысырақ жерге айдап салсам, ол көп ұза-май есік алдына қайта келеді. Қазiргi əдеби тiлiмiздiң барлық жанрында қолданылатын құрмалас сөйлемнiң қалыптасып дамуы бiр күннiң жемiсi емес. Бұл жөнiнде Т.Қордабаев: “Көрнектi ғалымдардың айтуына қарағанда, тiл дамуынң
көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздердi, сол сияқты жай сөйлемдерді бiрбiрiмен байланыстыратын қазiргi дəнекерлер, тəсiлдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазiргi тiлiмiздей бiрi екiншiсiне меңгерiлiп, жетектелiп бiрi екiншiсiн меңгертiп, жетектеп,
өзiне тəуелдi етiп тұру сияқты байланысу тəсiлдерiнiң анағұрлым берiк түрлерi болмаған. Сөздер, сөйлемдер байланысындағы бұл тəсiл олардың тұрған орындарына мағына желiлерiнiң жақындықтарына қарай бiрбiрiмен қабыса,iргелесе байланысу тəсiлi болған. Сөз бен сөздiң, сөйлем мен сөйлемнiң бiрбiрiмен арақатынасы тығыз, берiк болмағандықтан, оларда дербестiк, бiрбiрiне тəуелсiздiк күштi болған,”дейдiТiл дамуының көне заманында сөздердiң де, сөйлемдердiң де арасында дербестiктiң, бытыраңқылықтың басым болғандығын үндiеуропа тiлi синтаксисiн зерттеген ғалымдар да көрсеткен.
Үндiеуропа тiлдерiн салыстырмалы түрде зерттеуге арналған еңбегiнде А.Мейе сөйлемдер бiрбiрiмен ешқандай дəнекерсiз, бiрiнен соң бiрi қатар қойылғанын айтады. Құрмалас сөйлемдердің пайда болу жолдары туралы теорияны А.А.Потебняның кейбір зерттеулеріне сүйене
отырып А.Рифтин ұсынған болатын.
Көне заманда сөздер мен сөйлемдер байланысының нашар болғандығын А.Рифтин де “Аккад тіліндегі құрмалас сөйлем дамуыныңекі жолы туралы ” деген мақаласында айтқан. Бұл теорияға сəйкес құрмалас сөйлемдердің дамуы төменде көрсетілген екі жолмен жүрді:
1. Салаласа байланысқан екі жай сөйлем кейіннен сабақтас құрмалас сөйлемге айналады;
2. Жай сөйлемнің етістікті оралымдары бағыныңқы сөйлемдерге ай-налып, сабақтас құрмалас сөйлем құрайды.
|
А.Рифтин тетелес тұрған екi жай сөйлемнiң салаласу негiзiнде бiрбiрiне қосылуы, бiрiгуi құрмалас сөйлем дамуының бiрiншi жолы дегендi айтады. Құрмалас сөйлемнiң мұндай түрi яғни компоненттерi бiрбiрiмен ешқандай қосымша дəнекерсiз, тек мағына
жақындықтарына қарай iргелес, қабыса айтылулары арқылы байланыса-тын түрi паратаксис деп аталады. Тарихи дамудың барлық кезеңдерінде түркі тілдеріне жай сөйлемдердің тізбектелген жүйесі тəн, сондай-ақ олар бір-бірімен қабыса байланысқан.
Түркі тіліндегі сөйлемнің тарихи дамуындағы ең алғашқы кезең жайсөйлемнің басыңқылығымен ерекшеленді. Оқиғалар барысын қарапайым грамматикалық формалар арқылы білдіретін сөйлемдер тізбегі ежелгі түркі жазба ескерткіштерінің ішінде Моңғолия мен Қырғызстан ескерткіштеріне тəн. Сонымен қатар, ол түркі тілдеріндегі (фольклор
жəне тағы басқа жанрларда) жалғаулық типтегі құрмалас сөйлемдермен қатар кездеседі.
Құрмалас сөйлемнiң бастапқы көне түрi болып табылатын паратаксистен кейiнiрек келе жай сөйлемдердiң бiр-бiрiмен түрлі дəнекерлер
арқылы құрмаласатын гипотаксис деп аталатын түрi пайда болған. Тiлдамуында, алдымен, сөздердi, жеке сөйлемдердi бiрбiрiмен байланыстыратын дəнекерлер пайда болмайды, керiсiнше, алдымен, сол дəнекерлердi керек ететiн мұқтаждық пайда болып, соның қажет етуiнен барып əртүрлi жалғаушы дəнекерлер пайда болатындығы айтылып жүр.
Екінші көзқарас тілші ғалымдар арасында бірауыздан қолдау тапты деуге болмайды. Кейіннен Г.С.Кнабе бұл теорияны жоққа шығарады. Ол үндіеуропалық тілдерде етістікті оралымдардың бағыныңқы сөйлемге айналуының кездеспейтіндігін ескертеді, бірақ гипотаксистің паратаксис негізінде өрбігендігі туралы салыстырмалы синтаксис пен жекелеген тілдердің тарихи синтаксисін зерттеушілер толық мойындайтынын айтады
Осылайша, А.Рифтин ұсынған дамудың екінші жолын үндіеуропа тілдерінің материалдары нақтылай алмады. Дегенмен, көптеген түркітанушылар А.Рифтин көзқарасын қолдады.
Сөйтiп əрқайсысы өз дербестiктерiн толық сақтап, компоненттерi бiрбiрiмен нашар байланысатын құрмалас сөйлемнiң бастапқы көне түрiнiң орнына компоненттерi бiрбiрiмен тығыз байланыстағы жаңа түрi пайда болады. Құрмаластың ең бастапқы түрi болып табылатын паратаксис пен оның негiзiнде туған гипотаксистiң бiр-бiрiнен өзгешелiгi тек байла-
ныстырушы дəнекерлерде ғана емес, сонымен бiрге олардың əрбiр жеке компоненттерiнiң iшкi құрылысындағы жаңалықтарында.
Құрмалас сөйлемнiң бастапқы түрi болып саналатын көне заманғы салалас құрмалас сөйлемдi қазiргi тiлiмiздегi салалас құрмалас сөйлеммен тең дəрежеде қарауға болмайды. Ол кездегi сөйлеммен салыстырғанда тiлдің құрылысы күрделенiп, жаңалану үдерісінен өткенiне көз жеткiзуге болады. Бұдан шығатын қорытынды: құрмалас сөйлемнiң алғашқы түрiбiрбiрiмен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар байланысқан жеке, дербес жай сөйлемдердiң өзара салаластық негiзде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейiнiрек келе сол салаластың негiзiнде компоненттерi əртүрлi дəнекерлер арқылы байланысқан
жалғаулықты салаластар мен бiрбiрiне бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалыптасқан. Десе де көне жазба ескерткіштер тілінде жалғаулықты салаластар мен сабақтастар болмаған деп ой түюге бол-майды.
|