1 Тапсырмалар: «Білім беру» ұғымының мәнін келесі аспектілер : үрдіс, нәтиже



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі107,21 Kb.
#89419
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-2 тапсырмалар. Қалдыбек Мөлдір Б-20-1М

Білім беру құндылық ретінде

Білім беру құндылық ретінде де түсіндіруге болады. Себебі адамзаттың кез-келген даму формациясында әрбір мемлекеттің дамуының қозғаушы күші білім беру мен ғылымның дамуы болды, сондықтан да білім беруді құндылық ретіде қарастырады.


Құндылық мәселесін аксиология ғылым қарастырады. Грек тілінде «аксио»-құндылық,«логос»-ілім,ғылым дегенді білдіреді.Құндылықтар- адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Бұл ұғымды алғаш рет философия саласына XIX ғасырдың II жартысында Г.Лотц енгізді. Аксиология ғылымының негізін қалаушы Г.Лотц бұл ұғымды мән деп түсіндіреді. Ал бұл ұғым ғылыми термин ретінде тек 20 ғасырдың басында П.Лапи мен Э.Гартманның еңбектерінің арқасында ғылыми айналымға енді.
Аксиология ғылымының басты міндеті- құндылықтың болмыс құрылымында қандай орын алатынын және олардың шынайы фактілерге қатынасын анықтау болып табылады. Аксиология- құндылықтар ілімі туралы және құндылықтар әлемінің құрылымы,олардың ақиқаттағы орны туралы философиялық ілім.
Білім беру өз кезегінде мемлекеттік, қоғамдық және жеке тұлғалық құндылықтарға ие. Білім беру ұғымының құндылық ретіндегі сипаттамасын өзара байланысқан үш бағыт бойынша түсіндіруге болады:

  1. Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде

  2. Білім беру қоғамдық құндылық ретінде

  3. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде

Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде деген пікір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома болып табылады. Кез келген мемлекеттің адамгершілік, интеллектуалдық экономикалық және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына және оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет