1 Тапсырмалар: «Білім беру» ұғымының мәнін келесі аспектілер : үрдіс, нәтиже



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі107,21 Kb.
#89419
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-2 тапсырмалар. Қалдыбек Мөлдір Б-20-1М
1-2 тапсырмалар. Қалдыбек Мөлдір Б-20-1М
Білім беру кеңістігі - білім беруді орталықсыздандыруды жүзеге асыруда білім беруде жалпы мемлекеттік бірлік сақталатын кеңістік. Бұл мемлекеттің әрбір азаматының тұрғылықты мекеніне қарамастан, толыққанды білім алу құқығын орндалуына және жеке білім беру құрылымдарының сабақтастығын және өзара байланысын сактайды.
Білім сапасы – білім беру үдерісінің жағдайы мен нәтижелілігін, тұлғаның азаматтық, тұрмыстық және кәсіби біліктілігін дамыту мен қалыптастырудағы оның қоғам сұраныстары мен мүддесіне сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік санат.


Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Парадигма — қазіргі тандағы ғылым методологиясындағы негізгі үғымдардың бірі. Ол білімнің қандай да бір саласының ғылыми пайымдалуының даму сатысын белгілейді және оларға тән ерекшеліктерді көрсетеді, білім дамуының сатысындағы ғылыми бейнелеудің объектісін зерттеу әдістемесінің өзіндік сипатын анықтайды. 
Тұжырымдама - [лат. conceptio - тікел. байланыстырушы немесе қисынды аңдау] - олардың көмегімен адам ойы кез келген табиғаттың мінсіз нысандарын құра алатын ұғымдар мен көзқарастардың орамды жиынтығы (жүйесі). Тұжырымдар бүкіл адамзат мәдениетінің теориялық бөлігін құрайды. Мысалы, жалпы жаһандану процесі және оның әртүрлі құрамдас бөліктері (экологиялық, ақпараттық, коммуникациялық, энергетикалық, жалпы мәдени, этикалық, психологиялық және т.б.) теориялық зерттеу пәніне айналады. Тұтас алғанда бұл процесті глобалистика зерттейді және мұндай зерттеудің нәтижесіне сәйкес тұжырымдар болады.
Модернизация– артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған саясаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет