Құндылықтар – болашақ ұрпаққа адам өмірінің мәнін қалай түсінетіндігіңді жеткізудің пәрменді тәсілдерінің бірі. Білім беру құндылықтары: – мемлекеттік құндылық ретінде; – қоғамдық құндылық ретінде; – жеке тұлғаның құндылығы ретінде. Білім берудің бастапқы екі құндылығы бұл мәдени феноменнің ұжымдық, топтық мәнін білдіреді. Соңғы кездері білім берудегі жеке тұлғаның құндылығына, ынталандырылуына, адамның өз білімінің сапасы мен деңгейіне немқұрайды қарамайтындығына басымдық беріліп келеді. Білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған құндылығын мойындау мен білім беруді адамның өмір бойына үздіксіз жүретін үдеріс ретінде түсінудің арасында тығыз байланыс бар. Білім беру тек қоғамның құндылықтарын белгілі бір дәрежеде сақтап тұрмай, оны байытып, дамыта алуға мүмкіндігі бар. Құндылықтар жеке- леген тұлғалар мен топтардың мінез-құлқына ерекше ықпал ете отырып, әртүрлі жағдайларда негізгі бағыт-бағдар ретінде қабылданады. Метатаным – психологияға метатаным ұғымын J.H. Flavell (1976; 1979; 1992) енгізген. Автор метатаным құрылымында метакогнитивтік білім, тәжірибе, мақсат және страте- гия сияқты компоненттерді атап көрсетеді. Бұл ретте автор танымдық қызметті рефлексивті бақылауды метатанымның маңызды факторларының бірі деп санай- ды. Сондықтан J. Flavell, A. Brown, M. Reid және т.б. жасаған эксперименттері балалардың өздерінің танымдық қызметін реттеу мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Метатаным өзінің ойлау қабілеттерін – когнитивтік құралдар мен стратегия- ларды мойындаудың айрықша түрі, бұл оқушыларда когнитивтік, сондай-ақ аффективтік тұрғыдан өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылауды қалыптастыруға негізделген субъективті ұстанымды дамытуды білім берудің мақсатына