айнылдыруға мұрындық болады.
Метакогнитивтік
Стратегиялар
– J.H. Havellдің (1992) пікіріне қарағанда, метакогнитивтік стратегия-
лар метакогнитивтік мақсаттарға қызмет етеді, яғни танымдық қызметті
бақылап, мониторингін қамтамасыз етеді. D. Kuhn (1983), В.А.Моляко (1991)
жұмыстарында метакогнитивті стратегияларға атқарылатын міндеттің талапта-
рына сәйкес өзінің когнитивтік стратегияларын таңдау, құру және түрлендіру
рөлі беріледі. Бұндай зерттеулер психологияда көптеп кездеседі. Мысалы,
міндеттің «кешенді құрылымын» құру (О. Зельц, 1981), қайта құрылымдау (М.
Вертгеймер, 1987; К. Дункер, 1965), ұғымдарды түзу стратегиясы (Дж.Брунер,
1977) т.б. Ақпараттық теорияларда (Д.Миллер, Ю.Галантер, 1986; А.Ньюэлл, Дж.
Шоу, 1965; П.Линдсей, Д.Норман, 1974 т.б.) міндеттің шешімін іздеу үдерісін
ұйымдастыратын ерекше эвристикалар мен алгоритмдер атап көрсетілген.
Мұғалімнің
көшбасшылығын
дамыту жұмысы
(МКДЖ)
– мектептерде оқыту мен оқуды жетілдірудегі тәсіл. Бұл жағдайда мұғалімдер
жекелеп те, бірлесіп те өз тәжірибесін, сондай-ақ мектеп тәжірибесін жақсарту
мақсатында зерттеу қажет болатын мәселелер мен проблемаларды анықтайды.
мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher
Нақты сынып – грек. authentikys – түпнұсқа, шынайы. Гуманистік психология мен психотера-
пияда қолданылатын, жеке тұлғаның маңызды ықпалдастық сипаттамаларының
бірін білдіретін ұғым. Бұл терминді жиі қолданған Роджерстің (Rogers С. R.)
айтуы бойынша, шынайылық – адам қарым-қатынас жасағанда осы тұлғаға
ғана тән, шынайы ой-пікір, эмоция және мінез-құлықтардың ғана көрінуіне
мүмкіндік беріп, түрлі әлеуметтік рөлдерден бас тарта білу қабілеті. Шынайылық
Достарыңызбен бөлісу: |