1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


- т а р а у. САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР



бет6/11
Дата25.06.2022
өлшемі101 Kb.
#147076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Саясаттану пәні бойынша дәрістер

7 - т а р а у. САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР
§ 1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
Саяси жүйеге мемлекетпен бірге саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген ұғым латың тілінен шыққан, яғни, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатың. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астыңда еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатың. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейе түсті. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтың көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.


III б ө л і м. САЯСАТТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ. АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ
8 - т а р а у. САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ ТОП БАСТАУШЫЛЫҚ
§ 1. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі
"Элита" термині француздың "еlite" деген сөзінен шыққан, яғни, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элиталық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын "Саяси ғылым негіздері" (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатың қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш касиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
"Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактатыңда" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Себебі, олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратың басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатың томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. "Олигархияның темірдей заңы" осы дейді Р. Михельс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет