1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет



бет5/11
Дата25.06.2022
өлшемі101 Kb.
#147076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Саясаттану пәні бойынша дәрістер

§ 4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатыңастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т. Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо,Т. Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы - Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық кұқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатың әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатыңастардың жиынтығын айтады. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезенде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатың. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге "жоғарыдағы" мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.
Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетгі құқықтық жағдайлардың негізін калады. Оған тең дәрежеде танылатың және қорғалатың мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат кұқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; от-басын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Азаматтық қоғам материалдық мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатың, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет