Сабақ жоспары
Пән: Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Сабақтың тақырыбы: Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам.
Қазақстан Республикасы – суверенитеттік унитарлы
мемлекет.
Сабақтың мақсаты:
|
а) білімділік
Студенттерге құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам жайлы жаңа тақырыпты меңгерту.
|
|
ә) дамытушылық
Студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
|
|
б) тәрбиелік
Студенттерді еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап
Оқыту құралдары: «Президенттік және парламенттік республикалар»,
«Мемлекет құрылысының формалары» кестелері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Студенттерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ә) Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспар:
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Қазақстан Республикасы – суверенитеттік унитарлы мемлекет
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.
Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты. Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.
Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды. Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.
Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Венн диаграммасы.
Құқықтық мемлекет
|
Азаматтық қоғам
|
ІV. Үй тапсырмасы.
Қайталау.
V. Қорытындылау (студенттерді бағалау).
Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.
Достарыңызбен бөлісу: |