1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



бет1/11
Дата25.06.2022
өлшемі101 Kb.
#147076
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Саясаттану пәні бойынша дәрістер


  1. Саясаттану пәні бойынша дәрістің тезистері



1 - т а р а у. САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫ
§ 1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
Саясаттану сөзі гректің саясат және ілім деген сөздерінен шықкан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде алатың орны ерекше болып табылады. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Өйткені саясаттың дұрыс-бұрыстығы, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық яғни басқыншылық соғыс саясатың жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатың қайғы-қасіретке соқтыратыңы даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың кандай түрлері бар және оның ішінде ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы, тиімдісі қайсысы деген сияқты сұрақтарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялык түсінікте болатың. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірді дүниені кұдайдың құдіретімен пайда болды деп ұқты. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тыңдырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік кұдайдың кұдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүрігізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған.
Ал кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясат туралы әр түрлі ұғымдар, түсініктер, тұжырымдамалар пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси қатынастардың одан әрі күрделенуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі саясаттың өміріне мемлекеттің тікелей араласуы қажет болды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Міне, осының нәтижесінде саяси теориялар пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет