IV б ө л і м. САЯСАТТАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН СЫРТҚЫ САЯСАТ
13 - т а р а у. САЯСИ ШИЕЛЕНІС ПЕН САЯСИ ПРОЦЕСС
§ 1. Саяси жанжалдар
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-тендік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатың.
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатыңдығы туралы өткен тарауларда айтқан болатыңбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қалайсыздыққа ұшыратып, істі насырга шаптыратың қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.
Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ, көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII-VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетгі. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Саяси шиеленістер теориясына, әсіресе көп көніл бөлген - марксизм. Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антагонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тыңып отыратың" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуынын заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді.
Достарыңызбен бөлісу: |