4-т а р а у. САЯСИ ЖҮЙЕ
§ 1. Саяси жүйе туралы ұғым
"Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға ең алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901-1972) болды. Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым бұл жүйеге өзара байланыста тұратың элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Оның пікірінше, егерде жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, оның барлық тұтастығы өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.
Кейін бұл жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда жиі пайдаланыла бастады. Әлеуметтануда қоғамды жүйелік тұрғыдан талдаған - Т.Парсонс болып саналады. Ол қоғамды өзара байланыста болатың 4 жүйешіктен (экономикалык, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады дейді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға жауап қайтарады. Осылардың бәрі қосылып біріккенде жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уакыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Дэвид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Яғни, саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.
"Кірістің" 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті дұрыс немесе әділетсіз бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және ол әр түрлі болады. Мысалы: енбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардын құқықтары мен бостандықтарын қорғау және т.б. Егерде мұндай талаптар көбейіп жатса, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
5-тарау. ДЕМОКРАТИЯ
§ 1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері
Демократия деген сөз ежелгі гректердің "демос"— халық және "кратос"— билік деген мағынаны білдіретін сөздерінен шыққан.
Қазіргі кезде бұл ұғым әр түрлі мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің түрі (типі) мен оның саяси жүйесі; 2) басқару органдарының дер кезінде мерзімінде сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдерді қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылған түрі; 3) қоғамдық құрылым және соған сәйкес саяси көзқарастар.
Жалпы демократияның көпшілікке белгілі нақты анықтамасы жоқ. Себебі кез келген заманның ойшылдары оны әр түрлі түсініп қабылдаған. Сонымен қатар, оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи, рухани ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлі болуына қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Оларға мыналар жатады:
1. Халықтың заң негізінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде саналуы. Мұндай мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізіледі. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлап, жүйелі түрде ауыстырып отырады. Себебі көптеген мемлекеттерде халықтың бастамасымен немесе референдум өткізу арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан да АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға "халық үшін және халық сайлаған халық билігін" жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік бар жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатың. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда болуға тиіс.
3. Табиғатыңа, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болады. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық - жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы болып табылады. Олар қоғамдағы қатыңастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекетгерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандары үшін жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді, екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі — әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу - әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазак, халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатыңастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
5. Ал қазақ жастары желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатың. Бұл - демократияның бесінші белгісіне жатады. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, тендік пен әділдікті бұзатың, қанаудың, тәуелділіктін барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |