1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


- т а р а у. САЯСИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ САЯСИ БЕЙІМДЕЛУ



бет11/11
Дата25.06.2022
өлшемі101 Kb.
#147076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Саясаттану пәні бойынша дәрістер

14 - т а р а у. САЯСИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ САЯСИ БЕЙІМДЕЛУ


§ 1. Саяси процесс туралы ұғым

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не козғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.


Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыңы белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді.


15 - т а р а у. ӘЛЕМДІК САЯСАТ


§ 1. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Біз бұған дейін мемлекеттің ішінде жүргізілетін, яғни ішкі саясатты сөз еттік. Сонымен қатар әлемдік саясатта бар. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, Қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.


Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар - сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатыңастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық. Жалпы, бұл үғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар. Әлемдік саясат халықаралық қатыңастардың өзегін құрайды.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатыңастар кіреді. Халықаралық қатыңастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатыңастарының жиынтығын айтады.
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатыңастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатыңастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет