1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


- т а р а у. САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ



бет9/11
Дата25.06.2022
өлшемі101 Kb.
#147076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Саясаттану пәні бойынша дәрістер

12 - т а р а у. САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ
§ 1. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері
Саясатгану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатың, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси-санасымен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің, даму жолын және бағытың түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат кұбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.
Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы - 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін "саяси мәдениет" деген атпен кең тарап кетгі.
Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-пікір болмаған екен деген ой тумауы керек. Себебі, антикалық ойшылдар, атап айтқанда, Платон ("Мемлекет", "Зандар" деген еңбектерінде), Аристотель ("Саясат" деген еңбегінде), кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әр қилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратыңдығын байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болатыңдығын білгілері келген. Сол сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы "саяси мәдениет" деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси санамен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет