1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


- т а р а у. САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ



бет2/11
Дата25.06.2022
өлшемі101 Kb.
#147076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Саясаттану пәні бойынша дәрістер

2 - т а р а у. САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ.

Кейбіреулер саясаттанудың даму жолын оқып керегі не деп те ойлауы мүмкін. Ондай ой ағаттық болар еді. Себебі, біріншіден, қазіргі өркениетті деп саналатың когамдық құрылыс, демократия-лық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола койған жок.. Оған мындаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп. әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты. Екіншіден, қоғамдық ой-пікірде түпкілікті, үзілді-кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға береді. Ал тарих болса, ескі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден, адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік қысымы, логикасы болады. Оларды оқып-білу арқылы адам саяси тәжірибе жияды. Сондықтан саясаттанудың тарихын білмей, қазіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді. Төртіншіден, кейбір саяси теорияларды негіздеушілер және олардың жақтаушылары өз іс-әрекеттерінің шындығын дәлелдеу үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихи тағылымға талмай үңілуді талап етеді. Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-үйренудің маңызы зор.




II б ө л і м. БИЛІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖҮЙЕ
3 - т а р а у. САЯСИ БИЛІК
§ 1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Себебі ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Саясаттың негізгі мәселесі —билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен.


Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларынын бірі, қоғам қайратқері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалык жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп пікір айтқан.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар қалыптасқан. Солардын негізгілері мыналар:
1. Теологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытыңдыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс ( 1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше үздіксіз билік үшін ұмтылыс деп жазды.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрін айтады.
3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, іс шараларды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р.Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтың іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
4. Құрылымдық анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатыңастың ерекше түрі деп түсіндіреді. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатыңан әміршіл, басқарғысы келіп тұратың болады, ал басқалары көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, калайды дейді. Солардың нәтижесінде, олардың ойынша, билік қатыңастары пайда бола бастайды.
5. Конфликтілік анықтама бойынша билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, және шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіріледі.
6. Көптеген ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде карайды.
7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы айтылған көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет