1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


- т а р а у. АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ. САЯСАТ СУБЪЕКТІЛЕРІ



бет7/11
Дата25.06.2022
өлшемі101 Kb.
#147076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Саясаттану пәні бойынша дәрістер

9 - т а р а у. АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ. САЯСАТ СУБЪЕКТІЛЕРІ
§ 1. Тұлға - саясаттың субъектісі мен объектісі
Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Олар жөнінде кейінгі тақырыптарда сөз болады. Қазір саясаттың алғашқы, бірінші субъектісі мен объектісі - адамға тоқталайық.
Мәселе түсінікті болу үшін әңгімені "тұлға", "субъект", "объект" деген терминдер нені білдіреді, содан бастайық.
Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайларын қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатың, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатыңас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.
Субъект (латыңның негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
Объект (латыңның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады.
Басқа сөзбен айтқанда, объект - зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.
Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатыңастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтың адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т. б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.
Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтініміз содан.
Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп - мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ колда жоқ зәрулік жатады. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т. с. с. мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатыңаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т. б. қажеттіліктер кіреді. Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол - мүддеге айналады.
Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың, топтың және т. б. өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет