10 - т а р а у. ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР МЕН ЭТНИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР
§ 1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен оның жіктелуінің маңызы зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, және олардың қандай жай-күйде, немесе қандай жағдайда тұратыңдығын білуі керек. Сонымен бірге, олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, және қоғам дамуының бағытың анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратыңдығына, соның ішінде олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты болады.
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілермен сипатталады. Оған ұлты, тұратың жері, қоғамдық өндіріске қатысуы (не қатыспауы), қоғамдық еңбек бөлісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатыңасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны мен сипаты), кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатыңасы және т. б. жатады.
Сонымен, осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейміз. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т. с. с. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алады.
Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т. с. с. ие болу мүмкіншіліктері жатады.
11 - т а р а у. САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
§ 1. Саяси сана және саяси идеология
Саяси сана деп өмірдегі саяси қатыңастарды бейнелейтін, және оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтамыз. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі - мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;
3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытыңды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |