ТӘрбие ұлттық ТӘрбие – сапалы білім берудің негізі



Дата26.09.2019
өлшемі29,27 Kb.
#48906
Байланысты:
ұлттық тәрбие

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ / ОТБАСЫ / РУХАНИЯТ / ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ

Сәуір 10, 2019

Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр.

    Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ,тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр.Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді.Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз.Педагогика ғылымы алдында оқу– тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі.Ақпараттарды жоғары ғылыми– теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі.Яғни өздік білімін қөтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз.   

Еліміздің болашағы әлеуметтік тапсырыстың табысты орындалу деңгейіне байланысты.

Бүгінгі таңда облыс орталықтарында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» іргетасы қаланды.Болашақ қазақстандық мектептер үлгілері дарынды жастармен жұмысқа қуатты күш беретін болады.Әр мектептің өзіндік ерекше сипаты бар екені бәрімізге белгілі.Нақтырақ ұлттық  мектептерге тоқталар болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген және сыналған әдістердің көмегімен іріктеуден басталады.Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған кешенді психологиялық – диагностикалық тексеру міндетті түрде жүргізіледі.Тексерудің нәтижесінде баланың жалпы және психологиялық даму деңгейі анықталып қана қоймай,оның өзіндік қабілеттері мен дарындылығын,әлеуметтік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту жолдары қарастырылады.

Дарынды оқушыға талантты мұғалім қажет.Егер ұстаз өз сабағын жан-тәнімен  жақсы көрмесе,оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға беруі мүмкін емес.

«Еліміздің, ертеңі –  бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың  қолында», –  деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай әр мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отыруы қажет.

Білімді,жан-жақты қабілетті ұрпақ–  ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы– халықтық педагогика.Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет – оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл,дін, тәрбие,ұлттық салт-дәстүр, үлгі – өнегені сіңірту,яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлері көп.Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын  дұрыс қалай білу мұғалімдердің, ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты,өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы- отбасында,екіншіден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бірігіп жұмыс атқару – біздің басты міндетіміз.

Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану–  оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.

Жас ұрпаққа сапалы біліммен  бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес.Қазірде солай.Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан.Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.Мемлекет тарапынан отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады.

Соңғы 20 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады.Осындай жетістікке жетуіміз- халқымызды жасампаздыққа жұмылдырып, еліміздің тарихтағы жаңа орнын айқындаған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың енбегі. Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы.Бір сөзбен айтқанда,бүкіл қазақстандықтар өз елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай, отаншылдық сезімді қалыптастыру мүмкін емес.

Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап,өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп,өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен  ұстаздар қауымына жүктеледі.

Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі.Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар,сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, пәндік олимпиадалар,ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр.Бүгінгі таңда,ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаһанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет.Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі ата- ана мен мектептің өзара байланысынан көрінеді.Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дамыту– қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр.Ақиқатында,осынау мәселе еліміздің тұтастығын,оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық,елжандылық,патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді,халық нені бастан кешірді,бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп,азап шекті,тар жол ,тайғақ кешуден өтіп,жерін қорғап,елін сақтады.Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан,туған жер,табиғат,оның байлықтары,тіл,дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.Ұлттық сезім– өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік,жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу.Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі,өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды.Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды.Жалпы,  патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс,ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады.Олай болса,рухани байлыққа, ең алдымен,тілімізді,дінімізді,салт-дәстүрімізді жатқызсақ,тіл- қазақ болуымыз үшін,дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз қажет.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:



  • Оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

  • Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныш сезімдерін ұялату,ұлттық рухын дамыту;

  • Ана тілі мен дінін, оның тарихын,мәдениетін,өнерін,салт-дәстүрін,рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

  • Жас ұрпақ бойында жанашырлық,сенімділік,намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді:ана тілін,ата тарихын,ұлттық салт-дәстүрін білмейтін  жастар,тастанды жетім балалар, «қиын» балалар,қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар,нашақорлыққа салынған жастар,тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған  ұрпақ дені сау,білімді,ақылды,ұлтжанды,,еңбекқор,сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет,этикалық,эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып,салт-дәстүрлер,әдеби, музыкалық,кәсіби,тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін,руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Балының өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана  қоймаған.Олардың қандай  адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы щежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей,жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын,яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен,екіншіден,қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып,ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне,ұлттық тәрбиені сіңіріп,оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен.Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының  санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы– салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады.

Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану,бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән – күй сабақтарында түрлі әуендермен, дүниетану сабағында табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін  ойындармен танысады.Оқушыларды жоғары мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен-біздің басты міндетіміз.

Әр мектепте өзінің тәрбие жүйесі бар.Өзінің бағыт бағдары бар.Біздің мектебіміз ұстаздар қауымына үлкен міндеттер мен зор жауапкершілік жүктеді.

Ол үшін біз, ұстаздар қауымы оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай,олардың тәрбиелік түп- тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы–отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен  жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе.

Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз-ұлттық рухта тәрбие беретін орын».

Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс  жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.



Ұлттық тәрбие–біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал-бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.

Набиева Ләззат Амангельдиевна

Лермонтов атындағы №17

жалпы білім беретін орта мектеп,

бастауыш сынып мұғалімі,

Шымкент қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет