1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар



бет5/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22
ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ссп Джанабаев Болат

§ 2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін киян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде аксүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай каласы" туралы деген еңбегінде баяндалган.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және кұқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің сркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күшһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндік бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымсн өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды РЧ-МІЗ ретіндс екі кала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймсн мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардын екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы1', "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің кағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты - "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік кұдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары - халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты.
XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жактаушылар католик шіркеуінің озбырлыгына, оның діни қатқан кағидаларына карсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзкарас-тарына ақыл мен тәжірибеніц құдіретіне сенуді карсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатыиасы саяси ілімдс маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияиы жасау үшін антикалық дәуірдіқ үлгілерің идеалын пайдаланғандықтаи, бұл багытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы қаһарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне карсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс - реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен катар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—1527) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Титливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы.
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірак елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға койған саяси мақсат тұрғысынан карады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да колдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын косып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздықпен күшті пайдалануға болады. Каталдық өзіне бағыныштылардың пайдасы үшін бір-акрет колданылуы керек. Бірак Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді актайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдыкты қолдаған деп, өздерінің қара ниетгерін актағылары келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет