1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



бет51/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22
ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ДӘРІСТЕР 2021, ссп Джанабаев Болат

§ 3. Этносаяси жанжалдар
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы дау-дамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, даушырларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай қақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық, ынтымактастық білдіре бастайды.
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық, сатыда жоғары деңгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлтаралық жанжалдарға жол ашады.
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі - этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:
- автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;
- белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
- өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.
Этностық, ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі - түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, грузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және т.с.с. жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық-мемлекеттік құрылым мәселелерінің және т.б. жатыр.
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептін бірі - этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90 жыддардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің мәртебесі жөнінде бірталай әңгіме көтерді. Оларға "Лад", "Русская община" ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің тудырды. Тіліміз, әдет-ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында-жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең колданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, тең қабылдануы және т.б. олардың қауіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді.
Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады.
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ, сипат алған дау-жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық-мәдени орталықтарды қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытында практикалық ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" және т.б. заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.
Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді. Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озык. еңбек етуіміз керек.
Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Саяси жанжалға не жатады?
2. Саяси жанжалдар қандай себептсрден пайда болады?
3. Конфликтология ғылымы нсмсн айналысады?
4. Саяси шиеленістердің қоғамдағы рөлі қандай?
5. Саяси шиеленістердің даму барысындағы қандай кезеңдерді білесіз?
6. Саяси жанжалдардың шешу жолдары қандай?
7. Қазақстанда саяси шиеленістерді тудырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
14 - т а р а у. САЯСИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ САЯСИ БЕЙІМДЕЛУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет