1 тарау. ҚАтынастың нормативті қҰҚЫҚТЫҚ Қоры дипломатиялық қатынастың қалыптасуы



бет1/4
Дата17.12.2016
өлшемі1,05 Mb.
#4047
  1   2   3   4
Мазмұны



КІРІСПЕ




1 ТАРАУ. ҚАТЫНАСТЫҢ НОРМАТИВТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРЫ

1.1. Дипломатиялық қатынастың қалыптасуы

1.2. Ынтымақтастықтың негізін қалаушы құжаттар
2 ТАРАУ. Ынтымақтастықтың Экономикалық мүдделері

2.1. ГФР Қазақстандағы кәсіпкерлерінің мүддесі

2.2. Шағын және орта бизнес, динамика
3 ТАРАУ. МӘДЕНИ – ІЗГІЛІКТІ БАЙЛАНЫСТАР

3.1. Демографиялық фактор (миграция)

3.2. Ізгіліктілік саласындағы келісімдер мен қызмет


ҚОРЫТЫНДЫ



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



КІРІСПЕ

Зерттеудің маңыздылығы бірқатар факторлармен анықталады.

Біз, Қазақстан және дүниежүзілік қоғамдастық деп жиі айтамыз. Осыменен, біздің еліміздің қазіргі халықаралық қатынастарға терең қатынасын ұйғарамыз. Осыдан он жыл бұрын бұл туралы сөз болуы мүмкін еместі. Қазіргі кезде халықаралық келісімдер жасау, ресми сапарлармен алмасу және дипломатиялық келіссөздер жүргізу қарапайым іске айналды, Қазақстан демократиялық бағалылықтың жолын ұстаған, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуге өз үлесін қосуға ұмтылушы мемлекет ретінде кең даңқтылықпен пайдаланады.

Дүниежүзілік қоғамдастық туралы айтқан кезде, біз қазіргі әлемдік мемлекеттік, қаржы – экономикалық және саяси институттардың өзара байланыстылығын ескереміз. Жер шарында сыртқы дүниеден оқшауланып тіршілік құратын мемлекеттер жоқ деп айтуға болады. Басқаша айтқанда, қазіргі уақыттың доминанты (орталық жүйесі) болып өркендеу, ынтымақтастық және интеграция (бірігу) табылады. Көптеген жергілікті және этникалық жанжалдарға қарамастан, дүниежүзілік қоғамдастық түйсікті түрде тұрақтылыққа, тыныштыққа және келісімділікке ұмтылады. Мемлекеттердің өз мүддесін білдіре алатын жалғыз орыны – Біріккен Ұлттар Ұйымы. Тек қана соның мінбесінен барлық елдер, үлкеніде, орташасыда және кішісіде, дүниежүзілік өркендеудің көкейтесті проблемелары туралы өз пікірін айтады.

Соған қарамастан қазіргі дүние бұрыңғыша асимметриялы. Күштер орталықтары, аймақтық тартылыс орталықтары және жергілікті нүктелер бар. Әрине Вашингтонда, Мәскеуде, Пекинде, Берлинде қабылданған шешімдер, халықаралық жағдайға шағын мемлекеттердің сыртқы саяси акцияларына қарағанда тереңірек ықпал етеді, бұл табиғи нәрсе. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын елдің, демек, тыйым салу құқығына ие елдің пікірі, қиын проблемаларды шешу кезінде үлкен маңызға ие болады және ерекше көңіл қойылып қабылданады.

Қазіргі уақыттың тағы бір белгісі — халыөаралық саясатты аймақтандыру. Аймақтандыруды интеграциялық процестердің бір нысаны ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, біз ғаламдық сипаттамалар мен масштабтың беталысына аймақтандырудың өсіп бара жатқан ықпалының куәгері болып табыламыз. Аймақтық белгілері бойынша құрылған топтасулар, одақтар және бірлестіктерқатысушы мемлекеттер мүддесін қоя отырып, сол мезгілде тек қана топтастықтар мүддесін қатаң жақтайды. Сондықтанда, әрдайым “Еуропалық одақ саясаты”, “НАТО ниеті” сияқты тезистер пайда болады. Аймақтық одақтардың одақ көлемінде, рыноктардың ашықтығы мен шекаралардың айқындығын қамтамасыз ететіні, бірақ өздерінің бірлестіктеріне кірмеген елдерге қатынастары бойынша өздерін қатаң ұстайтындары көрнекілі.

1. Қазақстан Республикасының қазіргі проблемаларының ішінде ең өткірі, дүниежүзілік шаруашылыққа бейімделу болып табылады. Бұл қатынаста өркендеудің “шығыс – азиалық моделін” зерттеу ерекше көғіл аудартады: Оңтүстік – Шығыс және Шығыс Азия (ОШША) елдері үш онжылдық уақыты ұзақтығында дүниежүзінің ең динамикалық ауданы болып қалады, ал бұл экономикалық өсудің ең нәтижелі құбылысы дүниежүзілік рынокқа белсенді шығуы болды.

2. ОШША елдері дүниежүзілік шаруашылыққа өнеркәсіптік бұйымдардың экспортершылары ретінде кірді, жәнеде ішкі құрылымдық қайта құрылулар мен дүниежүзілік шаруашылыққа бейімделу, мақсатты бағыттағы мемлекеттік саясат кезіндегі жеке капиталмен анықталды. Бұл жерде ең маңызды рольді экономиканың қайта құрылуындағы белсенді субъект болып табылатын, шағын және орта бизнес атқарды.

3. Қазақстанда ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) мемлекеттік емес сектормен шығарылады, сондықтан құрылымдық қайта құрылулар мен дүниежүзілік шаруашылыққа бейімделу көп жағдайда жеке капиталдың қызметіне тәуелді болады. Азия елдері шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеуінде және мемлекеттік қолдауда үлкен тәжірибе жинады, ал осы бизнестің Қытайдағы қалыптасуы мен өркендеуінің динамикалық процесі оның социалистік нарықтық экономика көлеміндегі мүмкіндіктері туралы бірегей ақпарат береді. ОШША мемлекеттері олардың соңғы онжылдықтардағы дүниежүзілік шаруашылықты саясатының мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, әртүрлі және тиімді механизмдерді өндірді және осы тәжірибені зерттеу Қазақстан үшін табанды міндет болуы керек.

4. Қазіргі Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындарды құру бойынша әртүрлі шаралар қабылданды: мемлекеттік қолдаудың сәйкес заңдары мен бағдарламалары, осыған ұқсас аймақтық бағдарламалар және т.б. Соған қарамастан, шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайы әліде күрделі және анықталмай қалуда. Басқаша айтқанда, Қазақстандағы дамыған және дамушы елдердің экономикасының тұрақты динамикалық секторы өркендеу импульсын алмады, фрагментті болып қалуда, көптеген елдерде өткендей, экономиканың қайта құрылымының субъектісі және дүниежүзілік нарықпен байланыстырушы буын бола алмады.

5. Осыған байланысты барынша табысты және бірігу процестерін өркендетуде салыстырмалы жақын кездегі тәжірибесіне қарай ЕО (Еуропалық одақ) бет бұру, одан ең бағалыларын, мүмкін Қазақстанда қолданбалыларын, бөліп алу маңызды болып көрінеді.

Жұмыстың тақырыбы мен міндеті. Бұл зерттеудің тақырыбы – Қазақстанның мемлекеттік саясатының шағын және орта бизнеске қатынасындағы тиімділік дәрежесін, оның дүниежүзілік нарыққа бейімделуін анықтау. Ретроспективті талдау шеңберінде осы саясаттың қалыптасуы іздестіріледі, биліктік және кәсіпкерлік құрылымдардың «өзара әрекеттесу өрісі» қаралады. Жұмыстың басты міндеттерінің бірі - дүниежүзілік нарыққа бейімделу курсын жүзеге асыру кезіндегі Шығыс және Оңтістік – Шығыс Азия елдерінің стратегиясы мен тактикасының ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің мақсаты - дүниежүзілік нарыққа бейімделу мысалы ретінде, Азияның қарастырылатын елдеріндегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының негізгі бағыттарын анықтау және ашу. Осы мақсатты жүзеге асыру процесінде автор бірқатар өзара байланысты міндеттерді шешуге тырысты:


  • Қазақстанның ШОК (шағын және орта кәсіпкерлік) дамуының басты этаптарын анықтау және олардың Германияның экономикасының дамуының объективті жағдайларымен және міндеттерімен органикалық байланысын ашу;

  • Қазақстан экономикасына Германияның экспорты мен инвестициясын ынталандырудағы мемлекеттік саясаттың дамуының негізгі беталысын анықтау;

  • Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарының экспорттық потенциалын қолдау тәжірибесінің пайдалылығы мен қолданбалылығын анықтау.

Осы көзқарас тұрғысынан екі басты аспект маңызды: Қазақстан үшін, XXI ғасырға шағын және орта бизнестің макро саясатына сүйене отырып кіру келешекті ме және ол жүзеге аса ала ма? Қазақстан үшін Германияның қандай тәжірибесі мен қандай мемлекеттік саясаты тартымды? Тіпті егер тәжірибе жағымсыз немесе қолайсыз болсада, мұның өзі нәтиже: жетекші құрылымдар көңілін осындай аспектілерге аудара отырып, тұйық жолдардан немесе экономикалық саясаттағы қателіктерден алыстауға болады. Ерекше көңіл аударатын нәрсе, бұл Еуропа елдерінің тәжірибесін зерттеу, тәсілдемелерді қайталауды (ол мүмкінде емес) немесе көшірмелеуді ұсыну мақсатында емес, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың ең динамикалық және келешектік аспектілерін анықтау және мүмкіндігіне қарай, Қазақстан үшін осы салалардағы жаңа келешекті мүмкіндіктерге көңіл аудару болып табылады.

Аймақтандыру планетаның біз жақ бөлігініңде ту сыртынан өткен жоқ – Қазақстанның. Уақыт өктемдігіне мойын сұна отырып, үш мемлекеттің басшылары — Қазақстанның, Өзбекістанның және Қырғызстанның — саяси және экономикалық одақ құрды. Оған 1996 жылдың тамыз айында қадағалаушы ретінде Ресей мен Тәжік­стан қосылды. Ең ірі аймақтық экономикалық топтасу — Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, ол ұйымға бұрынғы кеңестік Орта азиялық елдерден өзге Түркия, Пәкі­стан, Иран, Ауғанстан кіреді. Эксперттердің пікірлері бойынша, ЭЫҰ — оның табиғи және адам әлуетін ескергенде, дүниежүзіндегі ең келешекті топтасулардың бірі.

Аймақтық ұйымдардың бір – бірімен ынтымақтаса бастауыда көрнекілікті. ЭЫҰ-ы АСЕАН – мен (Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы) қарым – қатынасты және ақпараттар алмастыруды жөнге салады. Жыл сайын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясы шеңберінде, осы екі бірлестіктің мүшелері – мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Өз кезегінде АСЕАН Еуропалық одақпен жан-жақты байланысты дамытады. Бұл беталыс өзіне БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінде тартты. ЭСКАТО (азия-тынықмұхит аймағындағы елдер үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия) мен Еуропалық экономикалық комиссия бір-бірін қолдады. Жәнеде бұл жағдайда Қазақстанныңда үлесі бар: Нұрсұлтан Назарбаев арнайы Орталық Азия елдерінің қажеттіліктері үшін біріккен құрылым құруды ұсынды.

Бұл жағдайға, осы аймақтағы елдердің транспорт, электр энергиясымен және отынмен қамтамасыздандыру, су ресурстарын бөлу мәселелерінде бір бірімен күрделі тәуелділікте қалғанын қосуға болады. Мемлекеттердің саясаттық шекаралары „титулды" ұлттардың тұру шекараларымен сәйкес келмеді. Аймақтағы жағдайға Ауғанстан мен Тәжікстандағы ішкі жанжалдарда тұрақсыздық ықпал етеді. Каспий теңізінің құқықтық статусы анықталмады, демек, оның ресурсын қолдануға жағалауындағы мемлекеттердіңде құқығы анықталған жоқ. Басқаша айтқанда, жанжал тудырушы факторлар жеткіліктіденде көп. Дегенмен, осыған қарамастан, осы аймақта соңғы бес жылда мемлекет аралық жанжалдар болған жоқ.

Әрине, аймақтың барлық мемлекеттері өзінің бейбітшілікті жақтайтындығы туралы жариялады. Өкінішке орай, бұрынғы және қазіргі көптеген жанжалдар мен соғыстар тарихы, бейбітшілік туралы жалаң саяси декларацияның, оны нақты қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екеніне куәгер болады. Шетелдік саясаткерлер, аймақтағы тұрақтылықты ұстаудағы маңызды роль Президент H.A. Назарбаевтың үлесіне тиетіні туралы бірдей пікір білдіреді.

Еуразиялық одақ идеясы еуропалық елдерде келесідей себептермен қолдау табады. Біріншіден, ол Ресейдің империялық саясатқа оралу мүмкіндігінің болмауына белгілі бір кепілдеме қызметін атқарады. Екіншіден, халықаралық аренада, құрамына орталық – азиялық республикалар, оның ішінде Қазақстанда, кіретін елдердің жаңа мемлекет аралық бірлестігінің болуы, исламдық фундаментализм ықпалын бәсеңдете алар еді, тіпті қазіргі этаптың өзінде Қазақстан Батыспен исламның мүмкіндікті экспансиясы жолындағы кордон (тосқауыл) ретінде қабылданады. Үшіншіден, бұл континенттегі жағдайларға оң ықпал етер еді.

Осындай бағыттардың бірі болып, сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы мен беріктілігі табылады. Бұл салада келісімдік – құқықтық база құру екіжақты сауда – экономикалық қатынастың едәуір өсуіне ықпал етеді. Бірінші кезекте олар, қатысуы біздің еліміздің сауда - өнеркәсіптік әлуетінің экономикасы мен дамуының құрылымдық қайта құрылуында маңызды болып табылатын елдермен мәнді болады. Осылай, бірқатар еуропалық елдер Қазақстанға нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер берді.. Аустрия мен ГФР ҚР үшін несиелік жүйелер ашты. Халықаралық еуропалық құрылымдармен, ЕБРР, ЕЭС және т.б. сияқты, Қазақстанға қаржы көмегін көрсету бойынша келісімге қол қойылған және табысты жүзеге асуда.

Еуропалық елдер ішінде ең табысты ынтымақтастық Ұлыбританиямен, Германиямен, Франциямен, Ни­дерландымен, Швейцариямен өркендеген. Еуропалық елдермен сыртқы сауда айналымының абсолюттік деңгейі 33,5% жоғарылады (оның ішінде экспорт — 71, 9%) және 1,9 млрд. аса долларға жетті.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Бірінші кезекте, автор, кеңестік, қазақстандық, германиялық ғалымдардың дүниежүзілік экономика және Қазақстан мен Германияның дүниешаруашылықты зерттеулеріне, Қазақстан мен ГФР елдерінің әлеуметтік – экономикалық өркендеуінің теориялық және қолданбалы аспектілерін терең және кешенді талдайтын жұмыстарға, ғаламдық процестерге, экономиканың интернационалдығы мен интеграциялығына және т.б. сүйенді. Бұл жұмыстардың авторлары: А.Берімжарова, С. Раисов, Г. Байльди, В.Бурлацкая, Б. Берсембаев, В.Х. Гизатов, М.Хасанов, А.Баркло және т.б.

Автор үшін, әрине, ең маңызды және қажетті болғандар Қазақстанның дамуының стратегиялық болжалуына, оның геоэкономикалық нақтылығын бағалауға, оның ресурстарына, Н.А. Назарбаевтың, К. Токаевтың, Ж.Ж. Молдабековтың, К.Л. Есмағамбетовтың жұмыстарының механизмдері мен мүмкіндіктеріне арналған зерттеулер. Материалдарды жинау базасы ретінде, автор АТР, АСЕАН елдерінің арнайы құжаттары мен кезеңді басылымдарын, халықаралық ұйымның – БҰҰ, ҚР халықаралық келісімдерінің бюллетеньдерін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарты мен норм DIN Неміс институтының арасындағы, GTZ жобасы шеңберіндегі, ынтымақтастық туралы ниеттік хаттамасын, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің стандарттау, мерология және сертификаттау бойынша Комитеті мен Германия Федеративтік Республикасының Федералды физика – техникалық институты (РТВ) арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамасын, ҚР мен ГФР арасындағы экономика, өнеркәсіп, ғылым және техника саласындағы кең масштабтағы ынтымақтастықтың дамуы туралы келісімді, «Казахстанская правда», «ОКО», «Время ПО», «Новое поколение» газеттеріндегі және «Континент», «Мысль», «analitik» және басқа журналдардағы жарияламаларды қолданды.

Тақырыптың өңделгендігі. Қазақстанда және шетелдерде Қазақстан мен Германияның халықаралық ынтымақтастығы проблемелары бойынша және Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстарға қатысуы бойынша жарияламалардың көп мөлшері жинақталған. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа және Германиямен Ынтымақтастыққа тиімді бейімделуі тәжірибесіне көңіл бөлінді.

1 ТАРАУ. ҚАТЫНАСТЫҢ НормативТІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРЫ.
1.1. Дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы.
Дүниежүзінің барлық мемлекеттерімен тең құқықты және өзара тиімді қатынастарды дамытуға және нығайтуға бағытталған ҚР сыртқы саясатында, дүниежүзілік саясаттың, экономиканың, мәдениеттің басты орталақтарының бірі – Еуропамен ынтымақтастықты дамыту өте маңызды орын алады.

Қазіргі уақытта, Еуропа бұрынғыша екі топқа бөлінген мемлекеттерден тұрады, бірақ әскери – саясаттық блок принципі бойынша емес, өркендеу деңгейі бойынша. Бұл, бір бөлігі НАТО – ға және Батысеуропалық одаққа (БЕО) кіретін Еуропалық одаққа мүше – елдер, жәнеде НАТО-ның “Бейбітшілік жолындағы серіктестік”1 бағдаламасы, ассоциациялар туралы Еуропалық келісім арқылы осы ұйымдарға жақын арада кіруге ұмтылатын басқада елдер.

Халықаралық келісімдер жүйесінде маңызды орынды, құқықтық көмек мәселелерін реттейтін құжаттар алады. Еуропалық елдермен әзірше мұндай шарттар жасалған жоқ. Дегенмен, оларды жасаудың практикалық қажеттілігі күннен-күнге артуда, өйткені осы салада шарттық базаның болмауынан күн сайын, СІМ (сыртқы істер министрлігі) айналысуға тура келетін, көптеген проблемалар туып жатады, ал егерде осындай шарттар болса олар сәйкес министрліктер мен ведомстволармен шешілер еді.

Мемлекетаралық ынтымақтастықтың ары қарай дамуы, соның ықпалынан жеке азаматтар деңгейіндегі қарым – қатынастың орнығуы, сонымен қатар консулдық реттеудің және сонымен байланысты Қазақстанның шетелдермен байланысын, азаматтардың өзара жол жүруі мен рұқсатнамасыз сапар шегуі туралы келісімдер сияқты, реттеудің қажеттілігі, сәйкес халықаралық келісім шарттар жасасуды талап етеді. Мұндай құжатқа Венгриямен арада қол қойылған. Қазақстан Ұлыбритания, Франция, ГФР, Словения сияқты еуропалық елдермен білім, денсаулық сақтау, туризм мен спорт, басылым мен ақпарат мәселелерін қамтитын мәдени ынтымақтастық салаларында келісімдер жасасқан немесе ведомстволар аралық бағдарламалар қабылдаған.

ССРО-ның құлауымен, Германияның бірлесуімен, қырғи қабақ соғыстың және Шығыс пен Батыстың арасындағы идеологиялық қарсы тұруының аяқталуымен, Еуроазиялық континенттегі геосаясаттық жағдай түбегейлі түрде өзгерді. Еуропадағы стратегиялық тепе – теңдік енді НАТО — ОВД тепе – теңдігіне сүйенбейді. Еуропалық елдердің халықаралық жағдайлары принципті басқаша бола бастады, бірінші кезекте еуропалық өлшем бойынша күшті Германияны бейтараптандыру үшін қарсы күштер мен одақтастар іздеу қажетсінуінің алдына қойылған, Франция мен Ресейдегі жағдайлар. ССРО тарапынан соғыс қатерінің болмауы біржағынан Еуроодақ мүшелері арасындағы қайшылықтарды күшейтті, АҚШ-пен және Жапониямен — екінші жағынан, сонымен бірге өз кезегінде, кіші мөлшердегі “Солтүстік - Оңтүстік” проблемасы бар, ЕО-тың өзінің ішіндегі қайшылықтарыда.

Қазақстан үшін ЕО-пен қатынасты дамытудың келешектігі мен қажеттілігі, осы одақтың еуропалық және дүниежүзілік саясатта, сонымен қатар экономикада, білім мен мәдениетте алатын орыны мен атқаратын ролімен анықталады. Атап айтқанда, дәл ЕО жақын келешекте бүкіл Еуропаның атынан, басқа аймақтың мемлекеттеріне қатысты, сөз сөйлейтін болады.

ТМД құрылыуының бастапқы кезеңдерінде–ақ Н.А. Назар­баев Қазақстанның қазіргі болмысы, географиялық жағдайы, оның халқының этникалық құрамы Батыс пен Шығысқа, жақын және алыс көршілерге көп полюсті бағдарлану қажеттігін талап ететінін айтқан еді. Қазақстанда еуроазияттық елдер қатарына жатады, яғни халықаралық қатынастар жүйесінде екі жақты жағдайда болады.

Түркі-тілдес елдер қатарына жататындығы, исламдық мемлекеттермен діни ортақтығы, тарихи тамырлары мен ұлттық рухының психологиялық ерекшеліктері Шығыс құрамында болуды шарттайды. Дегенмен, біздің еліміздің еуроазияттық ретіндегі анықтамасында “еуро” бөлшегін Қазақстанның тек қана географиялық жағдайы деп деп қарастыру жеңіл-желпілік болар еді. Біздің мемлекетіміздің сипаттында еуропалық басталымның маңыздылығын анықтайтын, көптеген демографиялық және саяси факторлардың барлығы көз алдында.

Германия Федеративтік Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ресми түрде 31 желтоқсан 1991 жылы, сыртқы істердің Федералдық министрі Ханс-Дитрих Геншер 1991 жылы қазан айының ортасында, батыс саясаткерлерінің алғашқыларының бірі болып Қазақстанда болғаннан кейін, мойындады. Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнықтырылды.

Германия мен Қазақстан бірінші үлкен біріккен мерейтой - бастауы 1992 жылдың 1 наурызында салынған дипломатиялық қатынастың орнығуының 10 жылдығы – атап өту кезінде, Қазақстан елшілігі Берлинде германиялық бизнес және мәдениет бетке ұстарларының өкілдеріне қабылдау өткізді. Олардың бірі – саясаттану докторы Айке Бракло – бұрынғыша айтқанда, ұзаққа созылған, ду қол шапалақтауға ие болды. Доктор Бракло тарихтағы бірінші Германияның Қазақстандағы төтенше өкілетті елшісі болды (1992-1995 гг.). Сондықтанда ұйымдастыру кезеңінің барлық қиыншылықтары соның үлесіне тиген еді. «Бұл мағанда, менің семьямада тіпті таныс емес ел еді. Оданда бұрын, менде, менің жұбайымда Кеңестер Одағында болмаған едік. Сондықтан, менің жаңа жұмысыма дайындық Қазақстан мен оның халқы туралы кітаптар іздеулен басталды. Осылай біз “картадағы ақ дақты”, сол уақытта біз үшін барлық Орта Азия солай саналатын, жабуға тырыстық. Елші өз қызметіне кіріскен кезде, ол онымен бірге елдердің мемлекеттік, мәдениеттік, тіпті спорттық институттарыныңда арасындағы жекелей және іскерлік байланыстарының бүкіл торабын өзіне қабылдайды. Ал бұл жерде барлығын нөлден бастау керек еді, оның үстіне жаңа ғана егемендік алған ел түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Менің қызметке сайланған кезімде, Президент Назарба­ев пен Канцлер Кольдің кездескеніне және олардың біріккен келісімге қол қойғанына бірнеше аптп ғана өткен. Осы құжатты өмірмен толтыруда көмек көрсетуі керек болатын елші ролі мен үшін өте маңызды еді. Қазақстанда менің өткізген жылдарым көрсеткендей, бұл менің болжауларым көтеріңкі емес еді. Қазақстандағы миссия менің дипломатиялық қызметімнің ең қызықты парақтары болды. Мен сол уақытты шын көңіліммен еске түсіремін және әлдеде қызығушылық білдіремін.».1 Бұл дипломатиялық қатынастардың бастауы еді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет