І Тарау. Құқықты талқылау және оның сипаттамасы
1.1 Талқылау түсінігі және мәні
Құқық нормаларын талқылау-құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру. Талқылау барысында нормативті нұсқаудың мазмұны, олардың әлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың реттеу жүйесіндегі абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық әрекеттің ақаулығына байланысты қажет. Құқықтық нормаларды талқылау әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түсінуді және оларды қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Талқылаудың екі жағы танылған: мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы; өзгелерге түсіндіру Ішкі интеллектуалды процесс ретіндегі норма талаптарын ұғыну мен құқық мазмұны туралы өзіндік тұжырымдарын құқықтық актіні қалай түсіну қажеттігін көрсету мақсатында сыртқа шығару құқықты талқылау ұғымына бірігеді.
Құқықты талқылау мәселелері құқық қолдану мен құқықты жүзеге асыру көлемінен асып кетуде. Себебі, ол мемлекеттік-құқықтық өмірді ғылыми және кәдуілгі тану процесінде дербес мағынаға ие. Сондай-ақ, қолданыстағы құқықтың мазмұны туралы нақты түсініктің болуы құқықшығармашылық әрекетінің барысында да аса қажет. Онсыз жаңа құқықтық акт қабылдау немесе бар актілерді жүйелендіру мүмкіндігі болмай қалады. Талқылау объектісі болып заңдар және заңға бағынышты актілер саналады. Оларда бекітілген нормалар ғана емес, актілердің преамбуласы да, өзге де бекітілген ережелері маңызды болып табылады.
Талқылау пәні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі танылады. Заңды қолдану уақытындағы заң шығарушының да еркі ескеріледі, себебі талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттарда алдыңғы актінің мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы мүмкін. Әрине , бұндай жағдай заңдылықтың қатаң режимі сақталған және құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда орын алуы тіпті де мүмкін емес.
Талқылау белгілі бір табиғи немесе қоғамдық құбылыстарды тануға бағытталған үрдіс. Талқылау деп тар мағынасында берілген формулаларды, белгілерді, ережелерді, т. б. , яғни заңның табиғи және жасанды тілді түсіндіруді айтамыз. Осыған орай талқылауды екі түрлі тұрғыда қарастырамыз:
Талқылау – ол белгі жүйесін түсіндіруге бағытталған ойлау үрдісі.
Алдында көрсетіліп кеткен ойлау үрдісінің нәтижесі, яғни белгі жүйесіне белгілі бір мағына беруі.
Заң ғылымдарында және тәжірибеде “құқықты талқылау (немесе заңды)” термині қолданылады. Мұнда да анықталған ойлау үрдісі нормалардың мазмұнын ашуға бағыттала отырып, ондағы терминдердің, анықтамалардың негізгі мағынасы мен түсінігін береді, яғни нәтижеге жетеді.
Талқылау – танымды жүйелеу. Құқық нормалары – бұл адамның көру, есту, ұстап білу сияқты сезімдері арқылы қабылданбайтын обьект болып табылады. Құқық нормасын зерттеуге, белгілі бір құралдарға қойып өлшеуге, микроскоп астына қойып қарауға келмейді. Құқық нормасы жалпылау мен абстракциялаудың нәтижесі бола тұра, ойлаудың, яғни оның ұғым, пікір, ой қорытындысы сияқты формаларының обьектісі болады.
Құқық нормаларын талқылау ойлаудың бір түрі ретінде қарастырылады. Оның нәтижесінде жалпы ойдан басқа, яғни құқық нормаларының мазмұны жөніндегі ойлар туындайды. Талқылау тілмен байланысты жүйелік танымның формасы ретінде қарастырылса, онда қандай білімдердің жүйеленуі негізінде құқық нормасының мазмұнына тереңірек үңілуге болады, қандай жаңа ойларды қорытуға болады, құқық нормаларының нақты мазұнын қалай ашуға болады деген сұрақтар туады. Әрине, мұндай білімдердің қатарына өмірдің жоғарғы формалары туралы білімдер жатады, яғни олар – құқық нормаларымен жүйеленетін және сезімдік қабылдауға жататын білімдер болуы керек. Өмір жөніндегі құқық нормалары әр түрлі формаларда жүйеленеді және басқа құбылыстармен жан- жақты байланыста болады. Интерпретатор талқылау үрдісінде, нақты өмір сүру формаларындағы құқық нормасының қолданылуын ескере отырып, құқық формаларының нақты мазмұнын бекітеді. Нақты құқық формаларының сыртқы байланысы мен оның қолданылу формаларын анықтау, талқылау үрдісі мен әдістерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Алдымен, олардың ішіне тілдік форманы жатқызамыз, екіншіден, құқық нормалары анықталған жүйенің ішінде өмір сүреді, құқық жүйесінің бір бөлігі болып табылады, әрбір жекелеген құқық нормасы басқа құқық нормаларымен байланыста болады. Бұл байланыстар жеке нормалардың мазмұнына әсер етеді және талқылау кезінде олар ескерілуі тиіс. үшіншіден, құқық нормаларының өзінің генезисі,яғни генетикалық байланысы болады. Нормалардың арасындағы генетикалық байланыс, нақты байланыс болып табылады. Құқық нормаларының бұл генетикалық байланыстары жөнінде білу, олардың пайда болуын түсіндіреді және құқық нормаларын тану үрдісі кезінде қолданылады. Келесі айтылатын, ол іс-әрекет нәтижесінде, белгілі бір анықталған әлеуметтік ортадағы адамдардың тәртібі нәтижесінде құқық нормаларының пайда болуы.
Сәйкесінше, құқық нормасының “өмір сүруінің” бірден бір формасы. Ол осы нормалармен реттелетін адамдардың іс-әрекеті, тәртібі. А. М. Яковлев “құқық нормалары өздерінің мазмұны нақты іс-әрекеттер мен нақты анықталған адамдардың актілерінде ашады” деген. Оның ойынша құқық нормалары (басқа да әлеуметтік нормалар) “жасанды түрде” де, яғни формальды норма түрінде, сонымен қатар нақты анықталған тұлғалардың іс-әрекеттерінде де, яғни нақты нормаларда да көрініс табады. [1]
Талқылау барысында, интерпретатор келесі ұғымдарды пайдалана отырып, құқық нормалардың нақты мазмұнына жетеді. Олар:
құқық нормасы құрылған тілді білу;
интерпретацияланған нормалардың басқа нормалармен байланысын, яғни құқық жүйесін білу;
құқық нормаларының генетикалық байланысы жөнінде білу;
құқық нормаларының жүзеге асуының міндеттемелері, басқа әлеуметтік құбылыстармен қызметтік байланысы жөнінде және олардың негізгі шарттары туралы білу;
Жаңадан қабылданып жатқан заңдарда көптеген жетімсіздіктер мен ақаулықтар бар. Бұл ақаулықтарды тек бұрын қолданылған нормаларды дұрыс талқылау арқылы ғана түзетуге болады. Заңдағы көптеген жетімсіздіктердің пайда бола бастауы, заңшығарушыны жаңа “заңмен тиым салмағанның барлығына рұхсат” деген қағиданы енгізуіне әкелді. [2]
Құқық нормаларын талқылаудың ерекшелігі, олардың тілдік-логикалық, “заңдық” сипаты болып табылады. Сондықтан құқық нормаларын талқылау кез-келген тілді талқылау қажеттілігі сияқты маңызды болады. [3]
Құқық нормасы, құқық субьектілерінің туындауы мүмкін мінез-құлқы жөніндегі заңшығарушының ойын білдіреді.
Материалдық негізсіз қандай да болмасын ой өмір сүре алмайды. Ол бір адамнан басқа бір адамға сөз немесе кез келген іс-әрекет арқылы беріледі, соның нәтижесінде ол құрылады. Тіл арқылы ой материалды, сезімдік қабылдау формасына келеді, сол арқылы жазып, естіп, көріп, оқып отырған адамға нақты ой береді.
Құқық нормаларын құрған кезде заңшығарушы әртүрлі сөздерді, терминдерді, күрделі сөйлемдерді қолданады. Сөйлемдер мен құқық нормалары тығыз байланыста бола тұра, сөз бен ұғым сияқты әртүрлі түсініктерді береді.
Құқық нормасы (нақты немесе пайда болуы мүмкін мінез-құлық жөніндегі ой) тілдік форманың астында жасырын болады, яғни кез келген сөйлемнің формасында бола алады. Нормативтік анықтамалар сырттай нормативтік мәнге ие емес сөйлемдердің астарында болуы мүмкін. Құрамында құқық нормасы бар сөйлемдерді құру тағы да талқылауды қажет ететін мәселелердің қатарына кіреді.
Құқық нормаларын талқылаудың, екі түрі бар: анықтау (өз түсінігі) және түсіндіру (басқаға түсіндіру). Құқық нормаларының мәнін анықтау, оның талабын дұрыс түсінуге қажетті алғы шарт. Құқық нормаларын түсіндіру тек сол кезде яғни, түсіну процесінде оның мазмұнында түсінбеушілік кездессе. Ондай жағдайда, құқық нормаларының мәнін шын мәнісінде қосымша түсіндіру қажет болады. Барлық құқық нормалары анықталады, ал сөйлеу жөніндегі дәлдік туралы, не болмаса құқық нормаларын күнделікті істе пайдалану туралы келіспеушіліктер болса, қосымша түсіндіру қажеттігі туады. Сонымен, құқық нормаларын анықтау, барлық жағдайда оның мазмұнын түсіндіру емес. Талқылау зияткерлік (интеллектуалды) қызметке жатады, ол процесс кезінде ғылыми тұрғыдан құқықтың тереңірек қасиеті білінеді, объективті және жетімдегі тұрғыдан құқық нормаларындағы ұйғарым баяндалады. Талқылаудың тиімділігі, талқылаушының құқықтық санасының деңгейіне байланысты болады. Құқықтық сана деңгейі жоғары адам, түсінсе, құқық нормаларының мазмұнын түсіндірсе, соған сай құқық бұзушылар аз болады, жеке адамның құқығымен бостандығы толығырақ қанағаттандырылады.
Құқық нормаларын түсінуде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың мазмұнының анықтығы, белгілілігі толық еместігін байқаймыз. Ол әр түрлі себептермен түсіндіріледі. Мысалы, азаматтардың заңмен таныстығының жетімсіздігі, көп жағдайда құқық нормаларын түсіндіруде қиындық туғызады, мысалға, кейбір кездегі кездесетін әс жүзіндегіқұқық қолданудағы қайшылықтарды айтуға болады. Сондықтан, қажетті жағдайға жататындар құқық нормаларын талқылау - түсіндіру және оларды дәл асыруды қамтамасыз ету, әс жүзіндегі, әсіресе оларды қолдану процесіндегі қателікті жібермейді.
Құқық нормаларын түсіндіру - шын мәніндегі құқық нормаларының мазмұнын ашуға бағытталған нұсқаулар не ұсыныстар. Құқық нормаларын түсіндіретін субъектілерге байланысты, талқылау - түсіндіру екіге бөлінеді: ресми және ресми емес.
Ресми талқылау- құқық нормаларының тек құзыретті органдарымен түсіндіріледі. Ол норманы қабылдаған органдардың барлығының міндеті болып табылады. Ресми талқылау арнайы актілерде жарияланады, яғни құзыретті органдардың шығаратын баспасында болады(қаулы, нұсқау т. б) Ресми талқылаулар өздерінің көлемдеріне байланысты нормативті және казуальді (жекелеген) болып бөлінеді.
Нормативті талқылау - белгілі нормаларды не құқық нормаларын қолданатын жеке адамдармен органдардың міндетті түрдегі түсініктемелері. Ондай түсіндіру, талқыланатын құқық нормаларымен барлық жағдайларға таралады. Соған сәйкес, оның талабын өмірде дұрыс, біржақты жүргізілу қамтамасыз етіледі. Ресми талқылауды, соны шығарган органның өзі беруі мүмкін. Ондай талқылау аут2ентивтік мысалға, Президенттің өзі шығарған Жарлыққа түсінік беруі. Сонымен қатар, нормаларды ресми талқылау, соны шығарған органдардың өзімен жүргізілуі мүмкін. Ондай жағдайда, оларға көрсетілген нормаларды түсіндіруге арнайы өкілеттік беріледі. Мысалы, заң шығарушы орган, соған сай атқарушы билік органдарына, өзі шығарған заңдарды түсіндіру жөнінде тапсырма бере алады. Арнайы өкілеттіктерінің негізінде министрліктер және ведомстволардың үкімет шығарған нормативтік- құқықтық нормаларды түсіндіруге құқықтары бар. Мысалы, Қаржы министрі өзі шығарған мемлекеттік бюджетті түсіндірсе, Еңбек министрі еңбек қорын пайдалану мәселелері туралы түсінік береді.
Казуальді талқылау- нақты заңды істі қарау кезіндегі құқық нормакларының мазмұнына түсінік беру. Ондай талқылаудың казуальді деп айтылуы, ол тек сол нақты оқиға (казусқа) байланысты. Казуальдік талқылаудың қажеттігі тек сол уақытта керек, егер төменгі құқық қолданушы органдардың шешімі нақты заңды іс бойынша дұрыс болмаса, заңға қайшы болса. Сонымен бірге,олар сол норманы қолданылатын басқа органдарға үлгі болады.
Ресми талқылауларды актілер нысанында, соған сай құзыретті органдар шығарады. Ресми талқылаудың заңды куші, соны шығарған органдардың өкілеттігіне байланысты. Ол актілерде, түсіндірулермен қатар,дербес нормалар не жекелеген ұйғкарымдар болуы мүмкін. Осыларға байланысты нормативтік актілердегі дәлсіздік және түсініксіздіктер жойылады, сол актілерді іс жүзінде пайдалану жетілдіре түседі.
Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері. Құқықтық нормаларды талқылаудың Ресми актілері (талғап-талдап түсіндіру)-құқық нормаларының мазмұнын түсіндіру, екіншіден, олардың ұйғарымын нақтылау және дәлелдеу. Талдау және талғау актілерінің ерекшелігі, олар талқыланатын заң нормалары кіретін нормативтік-құқықтық актілермен бірігіп әрекет етеді.
Талдау және талғау актілері, олардың мазмұндарына және жарияланатын ортасына байланысты бөлінеді. Талдау талғаудың тәжірибесін біріктіретін- нысан. Міне, осындай актілер толық көлемде құқық нормаларын ресми түсіндірудің функциясын орындайды, себебі, олар құзыретті органдардың құқықтық шығармашылығы қызметіне қатынасы жоқ
Ресми емес талқылау - құқық нормаларының мәнін түсіндіру, міндетті сипатта болмайды. Ол әрбір азаматтардан, не қоғамдық ұйымдардан шығады. Ондай талқылаулар, құқық нормаларын қолданатын органдарға,не лауазым иелеріне міндетті емес. Дегенмен, ресми емес талқылаулар, оларға өте үлкен көмекті, құқық нормаларын іс жүзінде қолданғанда көрсетеді. Құқық нормаларын дәл және дұрыс іске асыру үшін, үлкен мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің белгілі заңдардың қоғамдық өмірдегі негізі, олардың іс жүзіндегі бағыты жөніндегі айтқандарының үлкен маңызы бар. Оларды түсіндіру, заңның мәнін жан-жақты, терең меңгеруге ықпал жасайды, азаматтардың құқықтық танымының деңгейінің көтереді заң талаптарының дұрыс іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Құқық нормаларын ресми емес талқылаудың бір түрі - доктриналдық (ғылыми) талқылау. Ол арнайы ғылыми -зерттеу мекемелерімен, кәсіпкер ғалымдармен, заңгерлермен, тәжірибелі жұмыс істейтін заңгерлермен, заңдарға берілетін түсініктемелерде, ғылыми жұмыстарда, мақалаларда, лекцияларда беріледі.
Доктриналдық түсіндіру, құқық нормаларының мазмұнын және оларды қолдану төжірибесін түсіндіру, олар білімге және құқықтық реттеудің заңдылығына терең білгендікке, қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы құқықтың рөліне, нақты заңдылық мәселелерді шешуге негізделеді. Ғылыми ұсыныстар, арнайы органдардың құқық шығармашылығын жетілдіруге және құқықты қолдану қызметіне, оларды обьективті қоғамдық дамудың заңдылығына сәйкес келтіруге көмектеседі.
Сонымен, талқылау құқық нормаларын дұрыс және біркелкі түсінуді және қолдануды қамтамасыз етеді.
1. 2 Талқылаудың философиялық аспектілері.
Қандай да болмасын ғылыми танымның әдістемелік және теориялық негізін бейнелеу теориясы құрайды. Бұл теориядан тыс ешқандай ғылымның теориялық-танымдық проблемаларын шешу мүмкін емес. Соның ішінде құқық нормасының талқылану проблемаларын да шешу мүмкіндігі.
Талқылаудың обьективтілігі. Таным – бұл ойлау қабілеті бар субьектінің әрекетті нақты бейнелеу формасы . Танымдық кейіп немесе бейне субьекті мен обьектінің байланысының нәтижесі [4]. Субьект пен обьектінің арасындағы қатынас мүмкін болады, себебі зат обьективті тіршілік етеді, яғни субьектіден тыс және одан тәуелсіз. Субьект өзінің сезім органдарына әсер ететін басқа субьектілер түсіне алмайтын таза субьективті кейіптерді , ойларды т. б. бейнелей және қабылдай алады.
Талқылау үрдісінде танымның пәні құқық нормалары, олардың мазмұны болып табылады. Осыған байланысты құқық нормаларының таным обьектілерінің нақты-обьективтік мәні жөнінде сұрақ туындайды. Талқылау пәні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі танылады. Заңды қолдану уақытындағы заң шығарушының да еркі ескеріледі, себебі талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттарда алдыңғы актінің мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы мүмкін. Әрине , бұндай жағдай заңдылықтың қатаң режимі сақталған және құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда орын алуы тіпті де мүмкін емес
Құқық нормалары – бұл заңшығарушының ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады. Осындай негізде кейбір авторлар құқықты, соның ішінде жеке нормаларды субьективті фактор ретінде қарастырады.
ТМД мемлекеттерінің ғалымдары обьективтік және субьективтік құқық жөніндегі пікірталастарда бір жақты келісімге келе алмады. Құқық нормаларын обьективті нақтылықты бейнелейтін, құқық субьектілерінің қалыпты немесе болуы мүмкін мінез-құлқы туралы заңшығарушының ойы ретінде қарастыруымыз керек. Мұндай жағдайда құқық нормалары субьективті болады. Бірақ, құқық танымның пәні болуы үшін ол нақты обьективті, сезім арқылы қабылданатын болуы керек. Сезім арқылы қабылдануы үшін ол материяландырылуы, яғни сезім мүшелері арқылы қабылдана алынатын формаға келуі керек. Сыртқы материалдық формаға келмеген заң шығарушының ойы құқық субьектілеріне бағыттала отырып, олармен қабылданбайды.
Заңшығарушының ойына обьективті нақтылық беретін және субьектілермен сезім арқылы қабылданатын форма – тіл болып табылады. Тілдің материясы құқық нормасына обьективті нақтылық береді және мәнін тани алатын жекелеген субьектілерден тәуелсіз қылады.
Талқылау – логика заңдылығына бағынатын үрдіс. Талқылаудың обьективтілігі тек оның пәніне ғана емес, сонымен қатар формальды логика ережелері мен заң дарына да байланысты болады. Құқық нормаларын талқылау-құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру. Талқылау барысында нормативті нұсқаудың мазмұны, олардың әлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың реттеу жүйесіндегі абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық әрекеттің ақаулығына байланысты қажет. Құқықтық нормаларды талқылау әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түсінуді және оларды қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Талқылау барысында қолданылатын формальды логика ережелері мен заңдары табиғат пен қоғамның обьективті мәні сияқты, обьективті мәнге ие болады. Логика заңдары адамның ойына жабыспайды, олар адам ойының қажетті қасиеттері болып табылады. Олар біздің олар туралы білетінімізгн немесе білмейтінімізге байланыссыз қызмет етеді. Адамдар оларды құрмайды, бұзбайды, бірақ олар обьективті заңдарға сәйкес оларды жүзеге асыра алады.
Интерпретацияның ойлау үрдісі логика заңдарына қатаң бағынуы керек. Тұрақтылық заңын сақтай отырып, интерпретатор ойлау барысында заттарды, олардың құбылыстары мен қасиеттерін басқа заттармен ауыстырмауы тиіс. Талқылау кезінде мұндай ауыстырулар болуы мүмкін, себебі, кейбір заңдарда бір терминмен әртүрлі ұғымдар беріледі. Соның нәтижесінде белгілі бір құбылыстарға басқа құбылыстардың қасиеттері ауысады.
Үшіншісі жақтан айыру заңы бойынша, екі бір-біріне қарама-қайшы пікірдің біреуі міндетті түрде ақиқат болуы керек, ал екінші – жалған болады. Бұл екеуінің арасында ешқандай үшінші болуы мүмкін емес. Егер біз норманың мәнін ашатын қандай да бір тезистің ақиқаттығын дәлелдесек, онда бұл тезиске қайшы келетін пікірлерді жалған деп санаймыз. Белгілі бір іске байланысты қабылданатын шешім, сот үкімі немесе басқа мемлекеттік органның шешімі нақты анықталған болуы керек. Шешімнің анықтылығы, құқық нормасының мазмұны туралы пікірлердің анықтылығын қажет етеді.
Талқылауда қолданылатын жеткілікті негіз заңы бойынша құқық нормасының мәнің ашатын әрбір тезис дәлелді болуы тиіс. Бұл заң негіздің де ақиқат болғаның талап етеді. Құқық нормасының мазмұны туралы қорытынды логикалық тұрғыдағы ақиқаттың негізінен тұруы керек. Белгілі бір жасалған ұсыныс интерпретация кезінде міндетті түрде дәлелденуі немесе қабылдануы мүмкін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 237 бабында, үкім жобалаудың негізінде шығарылмайды, делінген. Бұл талап тек белгілі бір іске ғана қатысты емес, сонымен қатар құқық нормаларының мазмұны жөніндегі жобаларға да қатысты. ҚР ҚІЖК 282 бабына сәйкес,егер сотта мұндай өндіріс болып қарастырылса, онда сот айыпталушыға ниеттің өзгеруіне сай өзгеріс жасауға міндетті. . ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 331 бабының 3 бөліміне сәйкес үкімнің өзгеруінің негізі, заңның нақты мәніне қарама-қайшы пікір туғызып, заңның дұрыс емес қолданылуы. Құқық нормасының мәнін ашатын дәлелдемелер кейбір ережелерге қолданады, кейбіреулеріне қолданылмайды. Жоғарғы инстанциялармен шығарылған қаулылар мен анықтамаларда мұндай жағдайлар жиі кездеседі.
Талқылау – танымның диалектикалық үрдісі. Танымның үрдісі, оның обьективтілігі диалектика заңдарына сәйкес әрекет етеді. Танымның белгілі бір обьектіге қарай қозғалысы диалектика арқылы ғана жүзеге асады.
Затты шын мәнінде білу үшін, оның барлық жақтарын, байланыстарын жан-жақты зерттеу керек. Біріншіден, біз оған ешқашан толық жетпейміз, бірақ жан-жақты зерттеу белгілі бір қателіктерден сақтандырады. Екіншіден, диалектикалық логика затты даму, өзгеру барысында алуды талап етеді. Үшіншіден, барлық адамзат тәжірибесі заттың толық анықтамасына кіру керек. Төртіншіден, диалектикалық логика “абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат әрқашан нақты” деп үйретеді [5].
Талқылау, біз анықтағандай, үнемі ойлау мен танудың үрдісі. Құқық нормасы тіршілік етеді, оның өзінің генезисі болады, анықталған нақты – тарихи жағдайларда құрылады. Ол адамдардың мінез-құлқында, нақты әрекеттерде, қоғамдық қатынастарда тіршілік етеді. Құқық нормасының басқа формалары жоқ. Бірақ құқық нормасының формасына сәйкес талқылаудың белгілі бір анықталған әдістері қолданылады. Талқылаудың барлық әдістерін жиынтықта қолдану диалектикалық танымның бірінші талаптары болып табылады.
Диалектикалық логиканың екінші талабы, Құқық нормаларын талқылауда тәжірибеде қолданылады. Құқық нормаларының мазмұнының “қозғалысы” олардың жалпы және абстрактілі мәнінен шығады. кейбір құқық нормалары жаңа заңды шығармай-ақ немесе ескі заңның күшін жоймай-ақ жаңа қоғамдық қатынастарды реттей алады. Диалектиканың үшінші талабы, тәжірибе арқылы талқылаумен тығыз байланысты. Құқық нормаларының жалпы және абстрактілі мәні заңшығарушының жалпы және абстрактілі ұғымдарға бағынышты болады. Құқық нормаларының ішіндегі ұғымдардың байланысы талдау, синтез және т. б. ұғымның операциялары арқылы анықталады.
Интерпретатор ұғымның қасиеттерін бөліп қарастыра отырып, ұғымдағы нақты құбылыстардың қасиеттерін зерттеп, нақты әрекеттерге анализ жасайды.
Көптеген ғалымдардың марксистік әдістемелерге қарсылығына қарамастан, біздің ойымызша бұл жағдайларда К. Маркс пен Ф. Энгельстің ойлары дұрыс. Біз әртүрлі меншік формалары бар нарықтық экономикаға ауыса бастадық. Бұл қоғамның мүліктік және әлеуметтік түрленуіне әкеледіӘртүрлі әлеуметтік топ өкілдері қоғамда алатын мүліктік және әлеуметтік жағдайларына, мүдделеріне қарай құқықтық актілерді өз ерік мақсаттарына өмірлеріне тиесілі етіп жасауға тырысады.
2 Тарау. Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінің ерекшеліктері
2. 1 Қазақстан Республикасының Конституциясының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Конституциясы- демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси- құқықтық күшті бойына жинақтаған. Кнституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық:экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негіздерін реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды. Конституция қоғамдағы үстем таптың еркін білдіретін, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негізін бекітуші және адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекеттің негізгі заңы.
Конституция сөзі "бекіту", "құрылым" дегенді білдіреді. Конституция мемлекеттің негізгі заңы ретінде қоғамдағы саяси нысанды сипаттайтын адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандығын бекітетін және де мемлекеттік органның жүйесі, осы жүйелердің қалыптасу тәртібін мен жұмыс істеу құрылымын анықтайды. Конституция ежелгі ғасыр мен орта ғасырда мәлім болмаған. Бірақ Ежелгі Римде Императорлардың бөлек актілері Конституция деп аталған екен. Алайда бұл актілер мемлекеттің Негізгі Заңы деп аталмаған, бұл актілер адамзат феодализмнен капитализмге ауысу кезінде пайда болған.
Ең бірінші Конституция 1787 жылы АҚШ-та тұпнұсқа ретінде пайда болған. Кейіннен 1791 жылы Франция мемлекетінде Ұлы француздық революцияның жеңу нәтижесінен кейін пайда болған. Сондай-ақ ХІХ ғасырда Европалық мемлекеттерде шырқай бастады. Конституцияның көмегімен үстемдік таптар өздерінің бостандықтарын, мемлекеттің бостандығын заңдық, құқықтық тұрғыда көрсетуге ұмтылды. Конституция адамзат пен құқықтың бірлігін сипаттайды. Заң түрінде рәсімдеп, бекітіп барлық қоғаммен, үстемдік таптардың қажеттіліктері мен ойына жауап беретін қоғамдық қатынас, Конституция мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығы ретінде қолданысқа түседі және жұмыс істеу тұрақтылығын бекітеді.
КСР0-ның ыдырауы және ТМД-пың ұйымдастырылуымен жас мсмлекеттерде дұрыс және нақты тусінік беруде елеулі рөл атқаратын заңнаманың ұлттық жүйесі қалыптасып, мүлдем жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарлы терең тұрпаттағы қайта құрулар басталды. Бүл үдеріс осымен бір мезетта қүқықтық дөстүрі мен мәдениет деңгейі бір-бірінен мүлдем, өзгеше тәуелсіз мемлекеттер пайда болған үлкен аумақтык, кеңістікте жүріп жатқаны белгілі. Сөз болып отырған кезең қарама-қайшы қағидаларға құрылған конституциялық құқық табиғатына тән конституциялық шиеленістермен сипатталады, ал бұл мәселені түрлі тесілдермен, оның ішінде пайымдау жолы, қарама-қайшы нормаларды судьяға берілген билік арқылы татуластыру, сондай-ақ иерархия нормасы мен бүл иерархияны айқындау өлшемін белгілей отырып шешуге болады, дей түрғанмен ол кұқык, нормасына тиісті түсінік берусіз мүмкін емес.
ТМД елдерінде Конституция мен заңдарды казустык, тусіндіру женіндегі жумыста айтарлықтай көп тәжірибе жинақталды Құқык, тусіндірушілік қызметінің нәтижелөріне ғылыми жұртшылық тарапынан кейде қарсылық білдіріліп жатса да, ҚР Конституциялық Соты мемлекетіміздің сот органдары Достастық елдерінде заң мен Конституцияға тү,сінік беруде жинақталган тәжірибелнрді ескергені жөн сияқты.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 2-тармағына сәйкес конституция мемлекетіміздің аумағында тікелей әрекет ететін және жоғары заңи күшке ие нормативтік құқықтық акті болып табылады. Конституциямыз қүқықтық мемлекет қүру жолында аса үлкен мәнге ие. Мемлекеттік органдар, оның ішінде атқарушы және сот органдары нақтылы мәселелерді шешу және қүқықтық актілерді орындау барысънда, сондай-ақ азаматтар тарапынан келіп түскен өтініштерді қарау кезінде конституция нормаларын тікелей қолданулары қажет. Азаматтар өздерінің Конституция бекіткен қүқықтарын оның қағидалары мен нормаларына тікелей жүгіне отырып қорғай алады. Осы түрғыда, конституцияның тікелей әрекет ету қағидасы негізгі заңның 12-бабының 2-тармағымен толықтырылатындығын атап өту керек. Конституцияның тікелей әрекет ату қағидасы біздің конституциялық тәжірибемізде алғаш рет 1993 жылғы негізгі заңымыздың конституциялық құрылыс негіздері бөлімінің жетінші тармағында бекітілді. Онда: «Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғары заңи күшке ие, оның нормалары тікелей әрекет етеді. Конституцияға қайшы зандар және өзге де актілердің заңи күші болмайды» делінген.
Кеңестік дәуірдегі конституцияларда бұл қасиет тіке жария етілмегенімен, социалистік мемлекеттану ғылымында конституция «тікелей, ешқандай шектеусіз әрекет ететін» қүқықтық акт деп танылды. Бүл қағиданы теория жүзінде де, тәжірибе жүзінде де барлық социалистік елдер берік ұстанды.
Белгілі Ресей ғалымы А. Венгеровтың пікірінше, 1936 жылғы КСРО Конституциясында ескерілмей қалғанымен, ол кездегі конституцияның нормативтілік қасиеті, оның нормаларын сот органдарының тікелей қол-дануына толық негіз болды. Жекелеген судьялар шешуін таппас қысыл-таяң жағдайда азаматтың қүқықтарын қорау үшін конституция нормаларына сілтеме жасап, іс шешуін анықтап отырған. Алайда, өкінішке орай, бул өте сирек үшырасатын тәжірибе болды. А. Венгеров КСРО сот органдарының отыз жылдық тәжірибесін електен өткізе отырып, саусақпен санарлықтай ғана конституция нормаларын тікелей қолдану тәжірибесін анықтады. Осыған орай, зерттеуші 1993 жылгы конституцияның тікелей әрекет етуін демократиялық Ресейдің қол жеткізген үлкен жетістігі деп санайды.
Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей әрекет ету қағидасына негізделуі біздің де тарихи жеңісіміз болып табылады. Бұл біздің конституциямыздың жай ғана саяси-насихаттық қүжат емес,барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен азамат-тар басшылығына алуы тиіс нормативтік-құқықтық акті екендігінің айғағы. Осы тұрғыда, профессор Сапарғалиевтің пікірі өте қүнды: «Конституция нормаларының тікелей өрекет етуі дегенімізбарлық мемлекеттік органдардың негізгі заң нормаларын төменде аталмыш жағдайларда тіке қолдануы дегенді білдіреді:
егер мемлекеттік органның қарауына жататын мәселені реттейтін арнайыакті болмаса;
егер ондай акті бола түра, ол конституцияға қайшы келсе;
3)егер адам мен азамат қүқықтары, бостандықтары жәнеміндеттері анықталатын нормативтік қүқықтык, акт қабылданған жағдайда да конституция ережелерін қолдану мүмкіндігі (қажеттігі) конституцияның өзінде белгіленбесе;
4) егер конституция нормасы қандай да бір қосымша актіні қабьілдауды қажет етпесе».
Өзімізге белгілі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Конституция нормаларын тікелей қолдану мәселесіне байланысты басшылыққа алатын бірқатар анықтамалар берген еді. Осыған орай, атап айту керек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес: «Соттар конституция бекіткен адам мен азамат қүқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен нормативтік құқықтық актілерді қолдана алмайды. Егер сот қолдануға қажет заң немесе езге де нормативтік қүқықтық акт конституция бекіткен адам және азаматтың қүқықтары мен бостандықтарына нүқсан келтіреді деп тапса, істі қарауды тоқтата түрып, бүл актіні конституцияға қарама-қайшы деп тану үшін, Конституциялық кеңеске өтініш жолдауы тиіс».
Демек, Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей әрекет ету қағидасы қоғам омірнің жай ғана әшекейі емес. мемлекеттік оргаидар, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер басшылыққа алуы тиіс, іс жүзінде әрекет ететін заңға айналуы керек. Сондықтан да бүл қағиданы қоғам мен мемлекеттің күнделікті қолданым тәжірибесіне енгізу қажет, ал ол үшін ең алдымен қоғамдық сананы, мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің кәсіби санасын және халықтың қүқықтық сауаттылығын дамыта түсу керек-ақ. Отандық қүқықтану саласында бүл мәселеге барынша үлкен көңіл бөлінуі тиіс [6].
Қазақстан Республикасының Конституциясы негізгі қағида нормаларды бекітеді. Олар тікелей әрекет ете отырып, өзге нормативтік-құқықтық актілерге нақтыланады. Конституция нормаларының бірқатары арнайы заңдарды қабылдау қажеттігіне сілтемелер жасайды. Олар өз кезегінде конституция нормаларының жүзеге асу тәртібін анықтайды. Мысалы, Конституцияның 23; 25; 26; 29-баптарында нақты заңдарға сілтемелер бар, бұл арқылы конституциялық нормалар әдеттегі зандар мен байланысқа түседі. Сондықтан да, әдеттегі әрекет ететін заңдармен комплексті түрде байланысқан ретге ғана конституция нормалары тікелей әрекет етеді деуге негіз бар. Осылайша, конституцияның негізін қалайтың ережелерді әрекеттегі заңдарда нақтылау — оның жүзеге асуын қамтамасыз етуге бағытталатындығын байқаймыз. Сәйкесінше, конституция сілтеме жасаған заңды қабылдау — оның нормаларының тікелей жүзеге асуының бір ныса-ны болып табылады.
Мынадай заңдық қорытынды шығара аламыз: конституцияның заңдық табиғаты сипаты мен заңдық қасиетіне көрінеді, олар нормативті-құқықтық мазмұнының өзгешелігін көрсетеді. Әрбір сипатын Конституцияның анықталған, белгілі ерекшелік жағдайын сипаттайды. Заңдық сипаттар- конституцияның құқықтық белгілері. Қандай сипаттармен қамтылған соны қарастырайық. Ең біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясы ең негізгі нормативті-құқықтық акт. көптеген сипаттардан құрылған, барлық нормативті- құқықтық акт сияқты Конституция адресатын нақтылығынсыз сипатталады. Олардың нормалары орындалуы тәуелсіз атқарылады. Олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлі күшімен бағытталады [7].
Конституция Негізгі Заң ретінде қоғамның мемлекеттік бостандығына негізделеді. Осы мемлекеттік бостандыққа өзінің тұрақтылығымен және пайда болуымен тиісті. Бұл нәтижені бүкіл халық дауыс беру жобасында куәландырылған. , 12 желтоқсан 1993 жылы қабылданған. Соған орай Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғарғы заңға жүгінеді. Бұл дегеніміз "Конституцияға жоғарғы заңды күш , - барлық нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ заңдарға тиесілі. Оның бәрі әрине конституцияға бағынышты, тура болу керек. Конституцияның жоғарғы беделділігі Негізгі Заңда бекітіледі.
Конституция заңшығарушы ағымының базасы, олардың қайнар көздеріне қызметтенеді. Ағымды заңнама конституциялық нормаларды толықтырмайды, дамытпайды. Негізгі керекті жағдайларды қоғамның құқықтық өміріне бағытталған сфераны нақтыландырады. Заңшығарушы конституциялық нормаларды жетілдіреді, мазмұнының өзгешелігіне байланысты. Заңшығарушы конституциялық нормалардан тыс өзінің алдын-ала жазып қойылған жобаларын шығармау керек. Әрбір сөз, сөйлем құқықтық мәніне тура келу керек.
Абстрактілі мазмұнмен, Қазақстан Республикасының Конституциясы тиісті заңдармен өз нормаларын жүзеге асырады. Мәселен ҚР Конституциясы арнайы заңмен Қазақстан Республикасының азаматтығын жетістіктер және тоқталымдармен байланыстырады, Қазақстан Республикасының шек қою процесінің пәнін қою және өкілдік органдарын түйістіреді, ҚР азаматы әскери қызметті ұқсас заңдармен үйлестіреді.
Заңды әдебиеттерде құқықтық институттың жиынтық құқықтық норма ретінде кеңейтілген, біртектес жиынтық, өзара байланысқан қоғамдық қатынас, жеке құрылған ерекшелінген топ. Конституцияның жиынтық пәніне назар аударатын болсақ, институттарды көрсетуге болады, соған орай, тұлғанын құқықтық жағдайының негізі, қоғамдық құрылымды, ұлттық-мемлекеттік құрылымды, мемлекеттік органдардың институты. Олар өз кезегінде жеке түрге жіктеліп, мәселен ең соңғы институт өкілді орган болып бөлінеді, президент институты, жергілікті өзін- өзі басқару институты, сот институты, соған орай конституциялық т. б.
Конституциялық институттардың көрінісі толықтүрде конституциялық нормалармен үнемделеді. Соңғылары анықталған топты қоғамдық қатынастармен және толық тұрақты элементпен үнемделеді. Ал қалғандары қарапайым заңшығарушылық үнемдісфераға жатқызылады. Қазақстан Республикасында конституцияның пайда болуы толық дифференциялық нормаларды талап етеді, конституциялық институтқа жатқызылады.
2.2 Құқық байқау органдарында актыны түсіндіру және олардың мағынасы
ТМД елдеріндегі конституциялық бақылау органдарының
Конституцияға түсінік беру тәжірибесі туралы ауызға алмас бұрын, кейбір мемлекеттердің конституциялық заңнамасында көзделген Конституцияға нормативтік ресми түсінік беру институты туралы айтпағанда, заңдармен Конституцияны түсіндіру қажеттілігінен сөзсіз туындайтын осы органдардың құзыреті туралы мәселені қозғаған жөн. Сөз етіліп отырған барлық дерлік мемлекеттің заңнамалары конституциялық соттардың уәкілеттігі рөтінде бұл елдердің заңдарының, мемлекет басшыларының жарлықтары мен өкімдерінің, үкімет қаулыларының Конституцияға сәйкестігін айқындауын көздейді. Ал, Конституциялық Соттар нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі туралы шешім қабылдау арқылы шын мәнінде Конституцияға түсінік береді. Нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігін айқындаудағы басты өлшемдердің бірі нормативтік актінің мазмұны болып саналады, оның Конституция ережелеріне сәйкестігін бағалау Конституцияға түсінік берумен байланысты. Бұған қоса, конституциялық бақылау органдары бағаланатын актідегі нормаларға жүйелі түрде түсінік беруді жүзеге асырады. Осыған орай заң әдебиеттерінде нормативтік актілер мазмұнының конституциялық ережелер мен сәйкестігіне баға беруде оны кезең-кезеңмен жүргізу қажеттілігі атап көрсетілген. Бірінші кезеңде Конституциямен нормативтік актіні мәтіндік салыстыру жолымен әріптік грамматикалық түсіндіру нәтижесінде бағаланушы актіде Конституция нормасына қайшы бір ереже болса да айқындау, яғни формальды заңи өлшем қолданылады.
Грузия Парламентіне қарсы пікір айтқан Саникидзе мен Давиташвилидің істері бойынша қызу айтыс болды. Шағым иелері өлім жазасын тағайындаған Грузия Қылмыстық кодексінің ережесі жөнінде дауласты. Конституциялык, Сот Конституцияға сәйкес келмейтін акті қолданған жағдайда ғана жекелеген азаматттар Конституциялық Сотқа арыздануына болады деген уәжбен бұл істі тыңдаудан бас тартты. Грузияның Конституциялық Соты өз шешімдорінің бірінде меншік құқығын конституциялық айқындауға тусінік берді.
Грузия Конституциясында меншік құқығына кепілдік берілген жоне ажырамас құқық деп түсіндіріледі. Грузия Конституциясының 21бабыьың бірінші тармағында «Меншік пен мұраға ие болу құқығы мойындалады және кепілдендіріледі. Меншікті сатып алу, иесіздендіру немесе мұраға беру жөніндегі жалпыға бірдей құқықты бұзуға тыйым салынады» делінген. Меншік құқығын мұндай түсінушілік алдыңгы қатарлы елдер Конституцияларының жалпыға танылған қаулыларына толық сәйкес келеді. Алайда, жұртшылыққа белгілі принципті басшылыққа ала отырып, меншік иемдену фактісі ешкімді де заңнан жоғары қоя алмайды, Конституциялық Сот өз шешімдерінің біріндегі дәлел келтіру бөлігінде меншік құқығын жеке және қоғамдық мүдделер арасындағы қажетті теңгерімді қорғау деп тану жөнінде конституциялық анықтама берді. Армения Республикасының Конституциядық Соты да «Республика Президентін кезектен тыс сайлау нәтижелерінің талас тудыруы туралы»істі қарау барысында казуальдық түсініктемеберді. Президент орнына үміткерлер1996 жылғы президенттік сайлау нәтижелеріне талас тудырып, Үкіметті жауапкер-тарап деп тану туралы мәселе көтерді. Олардың келтірген дәлелдеріне қарағанда Үкімет бағынысындағы әлеуетті министрліктердің өкілдері дауыс беру және дауыс беру қортындысын шығару үдерісінде сайлау құқығынеркін және әділ жүзеге асыру ісіне кері ықпал еткен.
Өзбекстан Республикасы Конституциялық Сотының Конституцияны казуальдық түсіндіру деректерінің ішінде 2000 жылғы 12 сәуірде қараған Өзбекстан Республикасының кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын олар мажлис қарауы үшін беру туралы іс назар аударалық болды. Бұған Конституциялық Соттың бірқатар судьяларының Қылмыстық кодекстің 240- бабына , Азаматтық іс жүргізу кодексінің 86 бабына және Өзбекстан Республикасының Шаруашылық іс жүргізу кодексінің 47- бабындағы сарапшының қортынды беруден бұлтарғаны үшінжауапкершілігі бөлігіне өзгерістер енгізу қажет деп тапқандығы негіз болды. Конститу-циялық Сот шешім қабылдай отырып, оның сипаттау жәнедәлелдер келтіру бөлімінде Өзбекстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының кейбір нормаларына түсінік берді. Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 29-бабында әркімнің ой-лау, сөйлеу және сенім еркіндігі құқығы бекітілетіні атап көрсетілген. Осы нормаға сәйкес кез келген адам өз пікірін еркін айта алады. Оған күштеп айтқызуға тыйым салынады Сарапшының өз міндетін орындаудан бас тартуының түрлі себептері бар: туыстық, достық-достық емес,қызметтестік және басқа қатынастар, сарапшының тексеруді ойдағыдай жүргізуге сенімінің жоқтығы, еңбек ақының аз теленуі, біреу-міреудің заңсыз ықлал етуі, кәсіби беделге кір келтіру қауіптілігі, т. б. Тарап бас тарту себебін түсіндіруге міндөтті емес. Заңнамаға сәйкес анықтама алушы, тергеуші немесе сарапшылық мекемелерінің, өзге де мемлекеттік кәсілорындар мен уйымдардың мамандары немесе өз ісін білетін кез келген адам сарапшылыққа тағайындала алады. Сарапшылык қызметтік міндет болып есептелсе де, тұлға сараптау жұмысын орындаудан бас тартуы мумкін. Мұндай бас тартудың салдары Өзбекстан Республикасы Еңбек кодексінің 10-бабында көзделген шараны қолданумен тынады, яғни қызметкермен ең-бек шартын тоқтатудан езге аса елеулі шара қолданылмауы тиіс. Сөйтіп, елдердің өтпелі кезеңдегі заңнама нормаларына тусінік беру тәжірибесіне талдау жасай отырып, көптеген жағдайларда заңдарды талдап түсіндіру нормативтік ресми тусініктеу жолымен жүзеге асырылмай, соттардың конституциялық және жалпы сот жүргізу арқылы түрлі істі қарау үдерісінде қамтамасыз етіледі деген қорытындыға келуге болады. Заңдардың, нормативтік сипаттағы шарттардың мемлекеттің Негізгі заңына сәйкестігін анықтау барысында конституциялық бақылау органдары шешімдердің дәлелдеме бөлімінде Конституция мен заңдар нормалары жөніндегі шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз ететін түсініктер береді. Бұл үдеріс құзырлылық туралы дау-дамайды шешуде, мемлекет басшысын, парламент депутаттарын, ж. б. сайлау нәтижелері талас тудырғанда жүзеге асырылады. Мұндай пайымдау нәтижесінде алдағы уақытта сот жоне басқа органдардың құқык, қолдану қызметіне ықпал етуші түсініктеменің үлгі ретінде алынатын құқықтық шешімі туындауы мүмкін.
Заң қабылдау талабы келетін орган инструкциясымен қазіргі уақытта да жүзеге асып жатады.
Мысалы, ҚР-ның Жоғарғы Кеңесіменмен қабылданған заң "халықтың білімі" туралы, оның 28 бабында жұмыскерлерге арналған халықтық білім туралы айтылған. Бұл заң қабылданғаннан бастап күшіне енген, 18 қантар 1992 жылы. Бірақ та, тұрғылықты-эксптутациондық мекемелер көп уақыт бойы жұмыскерлерге жеңілдік көрсетілмеген.
Ұқсастық жағдай "ҚР мүгедектерін әлеуметтік қорғау" Заңын қабылдағаннан кейін де жағдай қайталанған телефонмен және коммуналдық қызметімен пайдалануға жеңілдік көрсетілмеген. Сондықтан мұндай жағдайдан қашық болу үшін, заңның нормаларын нақты, қысқа, екі мағыналық түрде емес тұжырымдау қажет, әрбір сәттен қолданысқа түсуі тиіс.
Ресми түсіндіру актілері мен мемелекеттік қызмет органдарында, әкімшілік басқармасы жөнінде үлкен мағынаға ие. Мемлекеттік қызмет органдарының қызметі шаруашылық және әлеуметтік-мәдени міндеттерін жүзеге асыру. Жергілік-әкімшілік басқармасы бойынша қабылданған құқықтық нормаларды қалыпты түрде құқық нормаларының мәніне ендіріп, жоғары тұрған органдармен бекітіледі. Түсіндіру актілер, әкімшілік басқармасы бойынша шығарылатын актілер маңызды үлкен рөл атқарып, өз территориясында тәріп орнатады.
Олар заңдық практиканы тұрақтандырып, профилактикалық бұзу заңдылық мәні болып табылады. Әкімшілік басқармасындағы информацияда қайта құралған заңға түсінік беру немесе қатынас пен ереже тәртібі құқықтық нормаларын жүзеге асуын орындау.
Сонымен қатар заңның беделі жөнінде айтуға ұмытпауы тиіс, құқықтық шексіз-шексіздігі, әкімшілік басқармасы игілікпен жаратуда. Өздерінің қарауымен шектейді, ол кейбір жағдайларда заңдарды теңестіріп, өздерінше заңшығарушылық функцияны иеленіп, бұзғаны үшін айыппұл бекітіп, әкімшілік тәртіп бойынша . Осының бәрі заңшығарушылықтың беделін көтермейді, құқықтық мемелекетті құруда мүндай қызмет қарастырылмайды.
Берілген институт бізбен әрдайым аластатылып отырды. Өйткені институт ретінде буржуазиялық құқық жұмыс класын теріс ойға шығарып және оларды оңай басқару үшін әдейі ойлап табылған. Бұрынғы КСРО-да бұл институт бірінші жоспарда анықталмаған, бірақ біздің көзқарасымызша ол Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларында ерекше нысанда өмір сүрген.
Осының бәрін заңдастыруға, оған заңдылық мәртебесін беруге уақыт келді. Біз осыны іске асыру қарапайым жағдай емес екеніне есеп береміз. Бұл істі іске асыру үшін жылдар, мүлдем басқа заңды кадрлар керек.
2.3 Қазақстан Республикасындағы Конституцияны талқылау процедурасы.
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау органы сот органы болып табылмайды. Дегенмен, еліміздегі конституциялық өндірістің жалпы ТМД елдеріндегі конституциялық сот өндірісіне қарағанда айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Конституциялық Кеңестің құзырына қатысты барлық реттеуші нормаларды, соның ішінде Ата Заңымызды түсіндіру бойынша да, құқықты оң қолдануды регламенттеу сияқты қажетті процедурасынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
ҚР Конституциялык, Кеңесінің Конституция ережелерін түсіндіруін регламенттейтін материалдық-техникалық нормалар ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар "ҚР Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының, сондай-ак, ҚР Конституциялық Кеңесі Регламентіндегі тарауларда қамтылған реттеуші нормаларға қатысты процедуралық қосымшалар түрінде бекітілген. Жалпы құқықтык про-цедуралар теориясы бойынша, материалдық-техникалық процедураларды белгілейтін нормалар заң шығарушылық жүйеде өздері жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін реттеуші нормаларға мейлінше жақындатылуына тиіс. ҚР Конституциясын ресми түсіндіруді қамтамасыз ететін процедуралық нормалар негізгі нормалар қамтылған ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар "ҚР Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығында бекітілген. Сөйтіп, негізгі және процедуралық нормалардың уақыт жағынан сәйкес пайда болуы қамтамасыз етілген.
Конституциялық Кеңес қызметін әр түрлі процессуалдық ережелермен реттейтін құқықтық нормалар әдетте Конституция мен "ҚР Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлықта белгіленген негізгі мақсаттар мен міндеттерден туындайды. Қолданыстағы "ҚР Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлықтың мақсаты мен міндеттерінің Ресейдің Конституциялық соты туралы заңның алдында түрған міндеттерден айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Олар, біріншіден, Конституциялық Кеңес мәртебесін нақтылау және конституциялық өндіріс ережелерін орнату болып табылады. Екіншіден, Конституциялық Кеңестің саяси теке тірес құралы ретінде пайдаланылуына жол бермейтін кепілдіктерді дамыту. Үшіншіден, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Конституциялық Кеңестің рөлін арттыру. Төртіншіден, Конституциялық Кеңес қызметінің, алқалы негізін дамыту.
Сонымен, Ата Заң ережелерінің мағынасын айқындау және құқықты жүзеге асырушы адамдардың дұрыс түсінуі үшін Конституцияны түсіндіру процедурасының, оны демократиялық қоғам мен мемлекет сұра-ныстарына сәйкес заңшығарушылық жағынан рәсімдеудің маңызы зор.
Ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын талқылау тәртібі туралы айтпақ бұрын, құқық процедураларының кейбір теориялық аспектілеріне, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің процессуалдық ісіне тоқталып кеткен жөн. Өйткені Конституциялық Кеңеске қатысты жұмыстар, барлық процессуалдық нормалар негізгі заңның ресми талқылау процессіне әсер етеді.
Тағы да айтатын жайт, ол Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау органы сот органы болып табылмайтынын ескерген жөн. Бірақта мұндағы конституциялық өндіріс толығымен алғанда, басқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің конституциялық сот өндірісінен үлкен өзгешелігі жоқ, өйткені Конституциялық Кеңес компетенциясына қатысты, сонымен қатар негізгі заңды талқылау бойынша барлық реттеуші нормалар тиісті процедураларсыз жүзеге асырыла алмайды, яғни құқықты позитивті тұрғыда реттеп тәртіптейді [7].
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесімен жүзеге асырылатын Конституция жағдайларын талқылау тәртібін регламенттейтін материалды – процедуралық нормалар – Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығындағы реттеуші нормалардың әртүрлі тарауларында жеке процедуралық жалғау ретінде, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңды күші бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы», сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес Регламентінде бекітілген. Жалпы құқықтық процедуралық теорияның болжауы бойынша материалды-құқықтық процедураларды орнатқан нормалар заң шығару жүйесіндегі жүзеге асыруды қамтамасыз ететін реттеуші нормаларға жақын болу керек.
Заң ғылымы мен тәжірибеде бекітілген келесі құқықтық процедуралық қағида – бұл процедуралық нормалардың реттеушілік қатысу шекарасы. Процедуралық нормалар негізгі нормалардың мазмұндық жағына тиісуге, қарсыласуға тиісті емес. Процедура «жазмышы» - іске асыру тәртібі. Берілген талап негізгі нормалардың заңдық дәрежесінде қатар тұрған процедуралық нормаларға, сонымен қатар негізгі нормалар сияқты құқықшығармашылық органдарынан шығатын процедуралық нормаларға да тарайды. Қазақстан Республикасы Президенті Бұйрығының, Конституциялық күші бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заңдарының 4 және 5 тарауларындағы «конституциялық өндіріс» және «Республиканың Конституциялық Кеңесінің Шешімі» туралы процедуралық нормалар негізгі нормалардың мазмұндық жағына тиіспейді және қарсыласпайды.
Құқықтық процедуралардың маңызды қағидаларының бірі – демократизм. Демократиялық процедураның демократиялық еместен айырмашылығы – біріншісі «бюракратиялық бола алмайды». Заңдық әдебиеттерде дұрыс айтылғандай, «бюракратизм» - биліктік басқару жүйенің, аппараттың кәсіби поталогиясын, «ауруды» білдіреді. Билік субъектісі уақыт өте жалпы әлеуметтік жүйенің сапа элементтерін жоғалтады, өзі белгілі бір мақсатта құрылған органдар өзінің ісін осы мақсатқа бағыттауды жүзеге асыруды тоқтата бастайды, олар «өздеріне» жұмыс істей бастайды, ең алдымен өздерінің жеке мүдделерін, мәртебесін бекітуді және қорғауды ескере отырып, кейін ол жүйе ішіндегі жоюшылық экспансиясына көшеді. Қоғамдық санада кең тараған бюракратизм белгілері, мысалы, мейірімсіздік, формамум, бюракратиялық былық, қағазшығарушылар сияқтылар қоғамға қарсы көріністің сыртқы бейнесі болып табылады. Конституцияны ресми талқылауда үлкен рөл атқарушы демократиялық құқықтық процедураның бір маңызды жері – бұл субъекті алдына қол жеткізуге болатын, бірақ керекті күшпен және жағдайлармен қамтамасыз етілмеген мақсатты қоймау, құқықтық прцедураны жүзеге асыру шартын шығару. Бұл жерде біздің көзқарасымызша, негізгі нормаларды жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіндегі кадрларды сұрыптау және тағайындау әсерін тигізеді. Өйткені мемлекеттің Негізгі Заңын талқылаудың ресми субъектісі заңдық шеберліктің шынында болу керек, сонымен қатар құқықтық мәдениет пен заңдық шеберлікті, талғағыштық заңдық білімді бір нүктеде құру керек.
Конституцияны талқылау процесіне ақпараттық аядағы қолжеткізу процедура қағидасын сақтау маңызды болып табылады, яғни бұл дегеніміз прцедура және оның нормативті моделі туралы ақпаратқа қол жеткізу. Заңдық басылымдарда дұрыс белгіленгендей бұл үрдістің қол жеткізілімдігі процедуралық формалардың сенімділігі мен қарапайымдылығынан, міндетті органға үндеу механизмінен, заңдық процедураның «жіберілу» механизмінен тәуелді болады. Шын мәнінде бұл сұрақ билік құрылымына үндеудің ерекше шартына, процедураны қозғау құқығының заңдық алғышартын жүзеге асыруды білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 78 бабында белгіленгендей, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне соттардың үндеу шарттары, біріншіден, бұл Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің ісін тарылтады, екіншіден, соттардың тікелей Конституциялық нормаларды қолдануын шектейді. Өйткені соттардың Қазақстан Республикасы Конституциясының жағдайы мен нормаларын ресми талқылау бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне үндеу құқығы болмайтындықтан, Негізгі Заңның ісін тікелей жүзеге асырмайды.
Процедуралық ережелердің әртүрлі түрі Конституциялық Кеңестің ісімен байланысты құқықтық нормалар, әдетте Конституциямен және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Бұйрықпен анықталған негізгі мақсаттар мен міндеттерге бағынады. Ресей Федерациясының Конституциялық Сот туралы қолданыстағы Бұйрығының мақсаттары мен міндеттерін Хабриева Т. Я. былай белгілеген. Біріншіден, бұл Конституциялық Кеңес мәртебесін нақтылайды және Конституциялық өндіріс ережелерін бекітеді. Екіншіден, кепілдің дамуы, саяси конфронтациясының Конституциялық Кеңесті құралы ретінде қолданыла алмайды. Үшіншіден, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Конституциялық Кеңестің рөлі. Төртіншіден, Конституциялық Кеңестің коллегиалдық бастапқы істерін кеңейту [8]. Жалпы құқық процедурасының қағидаларынан басқа, заң ғылымымен негізгі жағдайлары құрастырылған, бірақ біздің айтуымызша, қазақстандық заңнамасында толық көрініс таппаған конституциялық өндіріс қағидаларына тоқталып кеткен жөн: 1) ерте шешім қабылдауды болдырмау үшін, Конституциялық бақылау органындағы істің жүруін детальді регламеттеу; 2) Конституциялық бақылау органының шешімдерінің жүзеге асуын қамтамасыз ету.
Хабриева Т. Я. бұл негізгі жағдайларды Конституциялық өндіріс процедураларын алдын-ала анықтайтын келесі принциптерімен толықтырады: 1. іс бойынша заңдық ақиқаттың максималды жіктелуін бекітуі; 2. Процессте белгілі бір нақты іс бойынша екі жақтың идеологиялық немесе саяси қарсылықтарын, идеологиялық немесе саяси күреспен байланысты заттарды конституциялық өндіріспен алып тастау.
Процедуралық ережелердің мүдделері негізінен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Президент Бұйрығының IV тарауында мазмұндалған – «Конституциялық өндіріс». Салыстырма ретінде алынған Ресей Федерациясының заңнамасындағы Конституциялық өндірісті детальді регламенттеген, өйткені ол процессуалды қатынасты реттейтін екі жеке бөлімді қарастырады: 1. Ресей Федерациясының Конституциялық Сотындағы істерді қарастырудың жалпы ережелері; 2. Ресей Федерациясының Конституциялық Сотындағы істердің жеке категориялары бойынша өндірістің ерекшеліктері. Бірақ процессуалдық нормалар басқа да тарауларда мазмұндалған. Осылайша, Конституциялық Кеңес туралы бұйрықтың бірінші бабы, Конституциялық Кеңестің азаматтар және лауазымды тұлғалар, ұйымдар, мемлекеттік органдардан өзінің құзіретін жеке және тәуелсіз атқарады, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына бағынады деп бекітеді. Берілген бап мәні жағынан басқа жағдайларды қоса алғанда, Конституциялық Кеңес ісінің процессуалдық жағынан ғана бір бағытты анықтамау керек, сонымен қатар бүкіл республика территориясындағы Конституцияның жоғарылығын қамтамасыз ететін Конституциялық Кеңес ісінің мақсатын да анықтау керек. Бірақ бұл біздің көзқарасымызша, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес құрамын құру тәртібі басқаша болғанда болуы мүмкін.
Заң әдебиеттерінде, Конституцияны және заңды талқылаудың процедуралық кезегінен басқа материалдық белгі бойынша кезегі көрінеді, яғни Конституцияны ресми талқылаудың, ісінің, оның мақсаты мен фактілік мазмұнын жүзеге асыратын субъектілердің көзқарасы бойынша. Біздің көзқарасымызша, бұндай сұрақ формасы даусыз емес, өйткені заң нормаларын бастапқы анықтауды көздейтін, заңдық ғылымдары мен құқықты талқылау бойынша тәжірибемен жүзеге асырылған жалпы ережелер бар. Кейін оны талқылаудың әдістері мен тәсілдерін қолдану жолдарын анықтау болып табылады. Бірақта аталған белгі бойынша кезектің көрсетілу керектігін танитын болсақ та, мазмұнында көрсетілген нақты кезектермен келісу қиын. Мысалға кезектің бірі заң нормасының идеологиясын нақтылауды анықтау болып табылады. Бірақ бүкіл құқықтық мемлекет құру жолындағы мемлекеттерде идеологиялық көптүрлік танылады және ешқандай идеология мемлекеттік немесе міндетті болып танылмау керек, ал құқық идеологиядан гөрі жалпы міндеттілік мағынасы бар және мемлекеттік еркіндікті заңға бекітілген ретінде көрсетіледі. Яғни заң нормалардың идеологиясын ашуды тырысады, ол құқық құжаттарында болмау керек.
Талқылаудың «материалды» процедурасының бастапқысында Конституцияны және заңды ресми талқылаудың субъектісі ретінде таңдау керек, бұл талқылаудың әдісін таңдау туралы сұрақ проблемалық болып табылады. Белгілі бір істі шешуде құқыққолдану процессінде талқылаудың 3 маңызды әдісі болуы мүмкін. Олари заң баспаларында нақты көріну керек. Өмірдің әлеуметтік-саяси шегіне сай, Конституция мәтініне «жаңа» талқылау беру құқығы талқылау субъектілерінің артына тіркеледі және бұл дамушы құжат ретінде қарастырылады. Бұл Конституцияны еркін талқылау әдісі ретінде «тірі» Конституция доктринасында көрсетіледі.
Талқылаудың келесі әдісі заңшығарушының нақты талаптарын анықтаудан шығады және заңшығарушы оны қабылдағанда неге қол жеткізуге тырысқандығы жөнінде айтылады. Үшінші әдіс, заңның шын мағынасын анықтайтын анализді және семантикалық, лингвистикалық заңдық анализдерді қолдану барысында тіке,жөппелдеме ретінде анықталады. Берілген жағдайда талқылаудың жөппелдеме әдісінен көлемі бойынша жөппелдеме талқылауды айыра білу керек. Ол бұйрықты және шектеулі талқылауды көздейді. Кең және жайылма талқылауды қолданудың себебі көбінесе басқа нормалар мазмұнының ұқсастығының болуы. Олар белгілі бір кезекте тарлануы немесе керісінше, талқыланушы нормалар жазбасы ісінің көлемін кеңейтпеуі, сонымен қатар талқыланушы нормаларды әзірлеудің деректтерінің бар болуы көзделеді.
Осылай Конституцияны талқылау процедурасы оның заңдық әзірленуі, мемлекет және демократиялық қоғамның қамына сай талқылаудың басқа критерилерінен кем емес рөл ойнайды; сөз мағынасы, грамматикалық конструкция, Конституция мен заңның мағыналық байланысы, Негізгі заң жағдайының мағынасын анықтау үшін және оны құқықты жүзеге асырушы бүкіл субъектілердің адекваттық түсінуі – объективтік-мақсат және тарихи контекстегі реттеу мақсаттарының кезеңі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |