1-тарау. Жалпы ережелер Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады



бет9/11
Дата16.05.2022
өлшемі39,94 Kb.
#143429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МАИПП 6 спикинг
СРС 4 Нургали Аян, Жаһандық фармацевтикалық нарық
Мүмкіндіктер

Қауіптер

1) жасанды интеллектті енгізу және толық цифрландыру;
2) халықты хабардар ету және өз денсаулығын сақтауға тарту үшін мобильді және веб-қосымшалар;
3) "Саламатты қалалар" ДДҰ бастамасы;
4) денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықтың сауаттылық деңгейін арттыру және мінез-құлықтық қауіп факторларын төмендету;
5) дербестендірілген медицинаны дамыту;
6) емдеудің инновациялық әдістерін және технологияларын, оның ішінде биофармацевтика саласында енгізу;
7) денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік;
8) денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайту.

1) елден жоғары білікті кадрлардың кетуі;
2) ауаның, топырақтың және судың ластануы;
3) инфекциялардың пандемиясы және олардың тез таралуы;
4) инфекциялық емес аурулар ауыртпалығының өсуі;
5) дәрілік заттардың тиімсіз пайдаланылуы, микробқа қарсы резистенттілік;
6) халықтың күмәнді дереккөздер арқылы теріс ақпарат алуы, халықтың вакцинациялаудан бас тартуы;
7) пациенттердің комплаенттілігінің төмендеуі (медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын сақтамауы).


Мақсаты: Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады:

  1. Туған кезден бастап өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы

  2. 30 жас пен 70 жас аралығындағы жүрек қан тамырлары, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен мезгілсіз болатын өлімнің қауіп деңгейі

  3. Ана өлімінің деңгейі

  4. Нәрестелер өлімінің деңгейі

Алға қойылған мақсатты шешу үшін мына міндеттерді шешу көзделеді:
1-міндет. Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту
Бұл міндетке қол жеткізу мынадай тікелей нәтижелердің көрсеткіштерімен өлшенетін болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет