1-тарау. Жалпы ережелер Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады


Қаржыландыру көздері мен көлемдері



бет7/11
Дата16.05.2022
өлшемі39,94 Kb.
#143429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МАИПП 6 спикинг
СРС 4 Нургали Аян, Жаһандық фармацевтикалық нарық
Қаржыландыру көздері мен көлемдері
2020 – 2025 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) активтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға арналған жалпы шығын 3,2 трлн. теңгені құрайды.
"Қазақстан-2050" ұзақ мерзімді стратегиясында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсаты айқындалған болатын, бұл қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын (бұдан әрі – КӨҰ) дамыған мемлекеттердің орташа деңгейіне дейін жеткізуді де көздейді. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын – азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен жеке жауапкершілігін іске асыруды қамтамасыз ету ұзақ мерзімді жеті басымдықтың бірі ретінде айқындалған.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) орнықты дамудың түйінді элементі – бұл саламатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін қолайлы жағдай жасау деген анықтамасын қолдайды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі орта мерзімді стратегиялық даму жоспарында Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) маңызды бағдар етіп айқындаған, онда үшінші мақсаты болып халықтың жақсы денсаулығы мен әл-ауқаты көрсетілген.
Блумберг халықаралық агенттігінің рейтингтік бағалауына сәйкес денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың тиімділік көрсеткіші бойынша Қазақстан 2012 жылы рейтингке қатысушы елдер арасында 111-позицияға ие болды, 2018 жылы 44-позицияға дейін көтерілді. Бұл көрсетілген кезеңде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі жоғарылағанын айғақтайды.
Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін Қазақстан Үкіметінің бастамасы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) бірқатар ұсыныстар бере отырып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне шолу жүргізді, олар осы Бағдарламаны әзірлеу кезінде ескерілген.
Бұған қоса, бағалау негізінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – ДДҰ) Қазақстан үшін қоғамдық денсаулық саласында, инфекциялық емес аурулармен күрес бойынша, медициналық-санитариялық алғашқы көмек және басқа да бағыттар бойынша ұсынымдар берген.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған алдыңғы бағдарламасының негізгі бағыттары мен түйінді жобаларының сабақтастығын қамтамасыз етеді.
ЮНИСЕФ-тің 2016 – 2030 жылдарға арналған Денсаулық стратегиясының тәсілдеріне сәйкес бағдарламаның басты басымдықтарының бірі үздік халықаралық практиканы ескере отырып, аурулардың алдын алу, уақтылы көмек көрсету және толыққанды оңалту жолымен балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын нығайту болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді және орта мерзімді стратегиялық құжаттарын, БҰҰ ТДМ және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын іске асыру үшін осы Бағдарламада денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2026 жылға дейінгі бағыты айқындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет