1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) айқаспа контаминация – өндіру немесе сақтау процесінде бастапқы материалдың, аралық өнімнің немесе соңғы өнімнің өзге бастапқы материалмен немесе өніммен ластануы;
2) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі – мерзімі өткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күн;
3) дәрілік заттың қаптамасы – дәрілік затты бүлінуден және шығыннан қорауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
4) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
6) қараңғы жерде сақтау – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарықтан қорғалған жерде сақтау;
7) құрғақ жерде сақтау – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 пайыздан аспайтын үй-жайларда сақтау;
8) сақтау үй-жайы – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған арнайы бөлінген және жабдықталған өндірістік үй-жайлар;
9) термоконтейнер – оңтайлы температуралық режим (+2С-тан +8С-қа дейін) оның қуысына орналастырылған мұздатылған тоңазытқыш элементтерінің көмегімен қамтамасыз етілетін, жылу оқшаулағыш қасиеттері бар және тығыз жапсарлас қақпағы бар медициналық иммундық-биологиялық препараттарды тасымалдауға арналған жәшік (немесе сөмке);
10) тоңазыту бөлмесі (камерасы) – қажетті температуралық режимді 0оС-тан кем емес ұстауды қамтамасыз ететін тоңазытқыш жабдығымен жарақталған арнайы тұмшаланған камера;
3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау белгілі бір температурада жүзеге асырылады: терең салқындату -15С-тан төмен;
тоңазытқышта +2С-ден +8С-қа дейін;
салқын жерде +8С-тан +15С-қа дейі
бөлме температурасында +15С-тан +25С-қа дейін.