Тұрақты токтың күрделі сызықты электр тізбегі дегеніміз кез келген тармақталған электр тізбегі аталады, оның құрамына уақыт бірлігінде өзгермейтін ток және кернеу (эқк) көздері, және де сызықты резисторлар(кедергілері тізбектегі ток және кернеудің шамасы мен бағытына тәуелді емес) кіреді.
Күрделі тізбектерді есптеу үшін Кирхгоф заңдарын және осы заңдарда негізделген әдістерді пайдаланады.
Контурлық токтар әдісі-электр тізбегін сипаттайтын теңдеулер жүйесінің өлшемділігін қысқарту әдісі.
Контурлық токтар әдісі-электр тізбектерін есептеу әдісі, онда белгісіз токтар электр тізбегінің кейбір шартты бөлуімен түзілген контурларда қабылданады.
Электр тізбегін түрлендіру әдісі осы әдістің мәні электр тізбегіндегі токтардың дұрыс таралуын есептеу болып табылады. Параллель немесе тізбектелген бірнеше кедергіні бір кедергімен ауыстыруға болады. Сонда оқылатын тізбекте токтың бөлінуі өзгермейді. Резисторларды тізбектеп жалғаған кезде кедергі келесі кедергінің басталуы алдыңғы кедергінің соңына қосылады. Бұл жағдайда барлық тізбектелген элементтердегі ток бірдей мәнге ие болады.
Контурлық токтар әдісінде, схеманың әрбір тәуелсіз контурда, өзінің контурлық тогы жүруге тиіс деп есептейді. Контурлық токтарға салыстырып, теңдеулер құрады да, сонан кейін контурлық контур арқылы тармақтардағы токтар анықталады.
Сонымен, контурлық токтар әдісі ізделініп отырған шама үшін контурлық ток қабылданатын есептеу әдісі ретінде анықталады. Бұл әдістегі белгісіздердің саны, схема үшін Кирхгофтың екінші заңы бойынша құралуға тиісті теңдеулер санына тең болуы керек.
Демек, есептеу жұмыстарында контурлық токтар әдісі, Кирхгоф заңына негізделген әдіске (мұнда теңдеулер саны аз болады) қарағанда, өте тиімді (үнемді).
Енді келесі суреттегі схемадағы екі тәуелсіз контурларға байланысты негізгі есептік теңдеулерді құру жолын қарастырамыз. Сол жақ контурда сағат тілі бағытында I11 - тогы жүріп жатыр деп есептейік. Ал оң жақ контурда сондай бағытта I22 - тогы жүрсін. Әрбір контур үшін Кирхгофтың 2-ші заңы бойынша теңдеулер құрамыз. Бұл жағыдайда, іргелес (кедергісі R5) тармақта жоғарыдан төмен қарай (I11 - I22) тогы жүретінін ескереміз.
Күрделі электр тізбекте түйін, тармақ, контур анықталады
Тармақ – дегеніміз бір ғана ток ағатын (тізбектеп) электр тізбектің элементтерінің қосылуы
Түйін – дегеніміз үш және одан көп тармақтардың бір нүктеде қосылуы. Сұлбада нүкте ретінде көрсетіледі
Контур – дегеніміз бір неше тармақтардаң жүретін тұйықталған жол
Кирхгоф заңдары
I заң
1 анықтамасы: Түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нольге тең
2 анықтамасы: Түйінге келетін токтардың алгебралық қосындысы осы түйіннен шығатын токтардың алгебралық қосындысына тең
Түйінге келетін токтар оң бағытты деп алынады, түйіннен шығатын токтар теріс бағытты деп алынады.
II Заң
1 анықтамасы: Кез келген тұйыұталган контурда ЭҚК алгебралық қосындысы осы контурдың кедергілеріндегі кернеулердің төмендеуінің алгебралық қосындысына тең.
2 анықтамасы: Кез келген тұйыұталган контурда кернеулердің алгебралық қосындысы нольге тең
Әр бір қосындыда қосындылар контурдың бағытымен бір бағытта бағытталса «плюс» мәнімен алынады, егер де бағыттары кері бағытталса «минус мәнімен алынады